Тақырыбы: Аралық бақылау №1. Ферменттер. Энергия алмасуы. Тотығу түрлері. Витаминдер.
Мақсаты:
«Ферменттер. Энергия алмасуы. Тотығу түрлері. Витаминдер» тақырыптары бойынша студенттердің алған білімін бағалау.
Жағдайлық есептерді шешуіне қарай студенттердің тәжірибелік дағдыларын бағалау.
Аралық бақылау билеттерінің сұрақтары бойынша студенттермен әңгімелесу барысында олардың коммуникативті дағдыларын бағалау.
3.Оқыту міндеттері:
1) Студенттерді өтілген материалды талдауға және көлемді теориялық білімнен келешекте клиникалық пәндерді оқығанда пайдасы тиетін білімді бөліп ала білуге үйрету.
2) Студенттердің алған теориялық білімдерін ферменттердің әсерін зерттеуге арналғанзертханалық жұмыс нәтижелерін түсіндіру үшін жағдайлық есептерді шешудеқолдана білуге үйрету.
3) Студенттерді витаминдер бойынша жағдайлық есептерді шешуде берілген витаминнің әсер етуінің биохимиялық механизмдері мен авитаминозының көріністері арасындағы байланысты көрсете білуге үйрету.
4) Аралық бақылау билеттерінің сұрақтарына жауап беру барысында студенттерді оқытушымен диалог жүргізе білуге үйрету.
5) Студенттерді кәсіби әдебиеттерді оқып-білуге және ғаламтордан ақпарат іздеуге ынталандыру.
4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1.Асқазан сөлінің ферменттерін атаңыз және олар катализдейтін реакцияларды жазыңыз.
2. Ұйқы безі сөлінің ферменттерін атаңыз және олар катализдейтін реакцияларды жазыңыз.
3. Ішек сөлінің ферменттерін атаңыз және олар катализдейтін реакцияларды жазыңыз.
4. Миокард инфарктысы кезінде диагностикалық маңызы бар ферменттерді атаңыз. Олардың құрылысы. Катализдейтін реакциялары.
5. Гепатит ауруы кезінде диагностикалық маңызы бар ферменттерді атаңыз. Олардың құрылысы. Катализдейтін реакциялары.
6.ҮҚЦ-дегі дегидрлену реакцияларын жазыңыз. Осы ферменттердің құрылысы туралы түсінік. ҮҚЦ реакцияларына қатысатын ферменттердің коферменттерін түзуге витаминдердің қатысуы.
7.ПЖҚ-ның және α-кетоглутараттың тотығудан декарбоксилдену реакциясының теңдеуін жазыңыз. Осы реакцияларға қатысатын витаминдер.
8.Трансаминдену реакциялары. Осы реакцияларды катализдейтін ферменттердің диагностикалық маңызы. Трансаминдену реакциясына қатысатын ферменттердің құрылысы туралы түсінік.
9.Антиоксиданттық қорғаныш жүйесінің ферменттері. Осы ферменттер катализдейтін реакциялар және олардың құрылысы туралы түсінік.
10. Монооксигеназды тотығу. Тотығудың бұл түріне қандай ферменттер қатысады? Маңызы. Фенилаланиннен тирозиннің түзілу реакциясын жазыңыз.
11. Биологиялық тотығу тізбегінің ферменттері. Құрылысы туралы түсінік.
12. Энергия алмасуының сатылары. Энергия алмасуының сатылары арасындағы байланысты көрсетіңіз.
13. В1 витаминінің коферменттік ролі, витаминнің әсер етуінің биохимиялық механизмдері мен авитаминозының көріністері арасындағы байланысты көрсету.
14. В2 витаминінің коферменттік ролі, витаминнің әсер етуінің биохимиялық механизмдері мен авитаминозының көріністері арасындағы байланысты көрсету.
15. РР витаминінің коферменттік ролі, витаминнің әсер етуінің биохимиялық механизмдері мен авитаминозының көріністері арасындағы байланысты көрсету. РР витаминінің антивитамині.
16. В6 витаминінің коферменттік ролі, витаминнің әсер етуінің биохимиялық механизмдері мен авитаминозының көріністері арасындағы байланысты көрсету. В6 витаминінің антивитамині.
17. С және Р витаминдерінің биологиялық ролі. Осы витаминдердің әсер етуінің биохимиялық механизмдері мен авитаминозының көріністері арасындағы байланысты көрсетіңіз.
18. Антианемиялық витаминдердің биологиялық ролі. Авитаминозының даму себептерінің биохимиялық механизмдері.
19.Антидерматиттік витаминдерді атаңыз. Олардың әсер етуінің биохимиялық механизмдері.
20. Антиоксидантты витаминдер. Олардың әсер етуінің биохимиялық механизмдері.
21.Авитаминінің биологиялық ролі және авитаминозының көріністерінің биохимиялық механизмдері. А витаминінің провитаминдері.
22. Д витаминінің биологиялық ролі және авитаминозының көріністерінің биохимиялық механизмдері. Д витаминінің витамерлері. Д витамині авитаминозының профилактикасы.
23. К витаминінің биологиялық ролі және авитаминозының көріністерінің биохимиялық механизмдері. К витаминінің витамерлері. Антивитаминдері.
24. Витаминтәрізді заттар, олардың биохимиялық процестерге қатысуы.
Достарыңызбен бөлісу: |