Жағдайлық есептер:
Науқас сәбидің басы үлкен, еңбегі қатпаған, қарны қампиған, тіс жаруы кешеуілдеген. Ауруға диагноз қойыңыз. Қандай витаминмен емдеуге болады? Осы витаминнің химиялық табиғаты, биологиялық әсері, тәуліктік қажеттігі және табиғатта таралуы.
Науқас әйел бұлшық еттерінің әлсіздігіне, бірнеше рет түсік тастағанына шағымданады. Қандай витаминмен емдеуге болады? Берілген витаминнің химиялық табиғаты туралы түсінік, биологиялық әсері, тәуліктік қажеттілігі және табиғатта таралуы.
Науқастың танауынан және асқазан-ішегінен қан кету жиі байқалады. Хирургиялық операция кезінде көп қан кетеді. Бұл жағдай қандай витаминнің жетіспеушілігінен болады? Берілген витаминнің химиялық табиғаты туралы түсінік, биологиялық әсері, тәуліктік қажеттілігі және табиғатта таралуы.
Науқас сульфаниламидті препараттар мен антибиотиктерді көп қабылдаған, осыдан кейін науқаста дерматит (бүкіл денесі қызарып, қабыршақтанған) дамыды, шашы түсіп, тырнақтары зақымданды. Егер В5және В6витаминдерімен емдеу нәтиже бермесе, қандай витаминмен емдеуге болады? Берілген витаминнің химиялық табиғатын, биологиялық әсерін сипаттаңыз, осы витаминнің тәуліктік қажеттілігі және табиғатта таралуы.
6. Әдебиеттер:
Қазақ тілінде:
Негізгі:
Сеитов З.С. Биохимия, Алматы, 2007ж,103-154 бет.
У. Сайпіл және т.б. « Ферменттер, энергия алмасуы, витаминдер», Алматы 2000ж. – 116-146 бет
Плешкова С.М. және басқалары Биохимияны студенттердің өздігінен оқып-білуіне арналған оқу құралы 1Бөлім. Белоктар, ферменттер, витаминдер. – Алматы, 2009 ж. – 46-88 б
Сейтембетов Т.С., Төлеуов Б.И., Сейтембетова А.Ж.. Биологиялық химия.-Қарағанды, 2007.
Қосымша:
1. Тапбергенов С.О. Медициналық биохимия.-Павлодар.-2008.
2. Биохимия сұрақтары мен жауаптары. ҚР ҰҒА корр., проф. С.М. Адекеновтің ред. басшылығымен.-Астана, 2003 ж.
3. Плешкова С.М., т.б. Биохимия пәнінен студенттердің жеке дайындығына арналған тесттік сұрақтар. – Алматы, 2007 ж.
Орыс тілінде:
1.Березов Т.Т., Коровкин Б.Ф. «Биологическая химия», Москва, 2004 – С. 305-314.
2. Северин Е.С. «Биохимия», 2008г. С.123-138.
3. Николаев А.Я. «Биологическая химия» - М., 2007 – С.69-70,181-188
4. Плешкова С.М., С.А.Абитаева, Булыгин К.А. «Биохимические основы действия витаминов и гормонов»,Алматы,2004
5. Аблаев Н.Р. «Биохимия в схемах и рисунках» – Алматы, 2005, С 90
6. Шарманов Т.Ш., Плешкова С.М. “Метаболические основы питания с курсом общей биохимии”, Алматы, 1998, С 235, 241-277.
7. Бақылау:
Студенттердің бақылау жұмысының билеттеріне, ауызша талдау кезіндегі берген жауаптары, рольдік ойын бойынша және зертханалық жұмысты орындау сапасы бойынша жүргізіледі.
№ 12 ОСӨЖ.
Достарыңызбен бөлісу: |