Ферменттер



Дата01.04.2024
өлшемі1.53 Mb.
#497239
ферменттер

ФЕРМЕНТТЕР

Орындаған: Қуаныш Камила


Фермент-белоктық зат, ол организмдегі түрлі химиялық реакцияларды тездетуші
Фермент (лат.fermentum- ашу) деген мағына береді.
Ферменттер белоктар сияқты аминқышқылдарынан тұрады, бірақ ферменттердің массасы жоғары.

Ашылу тарихы

Ең алғаш таза ферментті 1926ж биохимик Дж.Самнер кристалл түрінде ашты. Келесі 10жылдықта тағы кристалды түрде көптеген ферменттер ашылды. Қазіргі кезде кристалдық түрде жүздеген фермент алынды. Ал жалпы зерттеліп табылған ферменттердің жалпы саны 2000 шамасынан асалды.


Ферменттердің белокты денешіктер екені туралы мәлімет болған жоқ.

Ферменттердің функциясы


Ферменттерді және олар катализдейтін реакцияларды зерттейтін биохимия бөлімі энзимология деп аталады. 19 ғасырдың ортасында кейбір фермент препараттары бөлініп алынды. Сөйтіп катализ және катализаторлар жөніндегі ілім жарыққа шықты.Бұл кезде атқарылған зерттеу жұмыстары ферменттердің химиялық зат екенін, олардың негізі биологиямен байланысты екенін дәлелдеді.

Организмдегі орналасуы


Жасушадағы ферменттің бір бөлігі цитоплазмада кездеседі, бірақта көбіне белгілі бір клетканың құрылысымен байланысты. Ядрода ферменттер ДНК-ның екіеселенуіне және РНК-ның транскрипциясына жауапты.

Организмдегі кездесуі

Ферменттердің классификациясы


Ферментер 6 класқа бөлінеді:
1. Оксидоредуктазалар — тотықтырушы –тотықсыздандырушы ферменттер.
2. Трансферазалар — биологиялық реакцияларда атомдар тобын және молекула қалдықтарын алмастырып ауыстыратын ферменттер. 3. Гидролазалар —бұл ферменттер химиялық байланыстарды үзеді де, суды қосады. 4. Лиазалар – бұл ферменттер субстратты гидролиздік емес жолмен ыдырауын, катализдейді және бұл кезде субстрат молекуласында өос байланыс түзіледі. 5. Изомеразалар — изомерлер түзілу арқылы заттардың молекула ішіндегі өзгерістерін катализдейді.
6. Лигазалар —ферменттер С – С, С – О, С – N, С – S сияқты байланыстар орнату арқылы түзілетін органикалық қосылыстар синтезін катализдейді .

Ферменттердің қолданылуы


Бірқатар ферменттер тамақ өнеркәсібінде және жеңіл өнеркәсіпте қолданылады. Химозин ірімшік өндіруде қолданылады.
Сүйектің барлық ауруы кезінде қан сарысуында сілтілік фосфатазаның активтілігі артады. Емханаларда кейбір ауруларды емдеу үшін пепсин, трипсин, химотрипсин сияқты протеолиттік ферменттерді қолданады.

Ферменттер болашақта


Ферменттерді танып-білу күннен-күнге алға дамып келеді. Жаңа ақпараттар алған сайын ферменттерді қолдану жолдары көбейеді. Ферменттерді жаңа зерттеу барысында медицина және өндірістің дамуына жаңа мүмкіндіктер береді.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет