Биомассадағы шикi протеиннiң құрамын анықтау
А. Сынаманы отқа жағу өртеу. Аналитикалық таразыда -0.0002 ± 0.0002г дәлдiкте дейін 0,5г биомассаны өлшейдi және сыйымдылығы 250мл түбтi дөңгелек, мойыны ұзын (Кельдел колбасы) колбаға құяды, оның үстiне 10мл концентрленген күкiрт қышқылын құяды, катализатор мыс сульфатын және қоспаның қайнау температурасын жоғарылату үшiн 2г калий сульфатын қосады. Ішінде заты бар колбаны ақырын араластырып және колбаның мойнына жақсылап жаппайтын шыны балончик орнатылады. Колбаны көлбеу жағдайда тартқыш сорғыш шкафқа орналастырып, әлсiз отта қыздырады.
Ерiтiндiнiң көбiктенуi тоқтағаннан кейiн және көмiртегі диоксидiнiң ақ буының бөлiнуi бiркелкi болғаннан кейiн, қыздыруды күшейтеді, себебi қышқыл бiркелкi үздiксiз қайнау керек. Колба мойынының ұзындығы тоңазытқыш қызметiн атқарады. Қайнатқанда өртенген өнім ғана ұшуы керек. Қыздыруды колбадағы ерiтiндi түссiз болғанша жүргiзедi. Егер колба қабырғасында көмiрленген бөлшектер тұрып қалса, онда колбаның iшiндегiсiмен шаяды. Түссiзденген ерiтiндiнi қосымша 1-2 сағат қыздырады.
Б. Аммиакты айдау тәсілі. Оттың жанғаны аяқталғаннан кейін Кельдель колбасындағы заты толығымен емес суытылуы анықталғаннан соң оны дистильденген сумен араластырады. 10 мл суды пипетка көмегiмен қабырға бойымен абайлап жiберуi керек ,содан соң колбаның iшiндегiсiн 100 мл-лiк өлшеуiш колбаға ауыстырады. Кьельдел колбаны 2-3 рет 5-7мл дистильденген сумен шайып, жуылғанды өлшеуiш колбаға құяды. Ерiтiндiнi жекелеп нейтралдау үшiн оған 7-8 мл 40 сiлтi (NaOH) ертіндісін қосады және колбаны белгiлi деңгейге дейiн жеткiзедi. Араластырып болғаннан соң, пипеткамен 20мл ерiтiндiні алады және оны микро әдiс бойынша аммиакты айдау аспаптарына ауыстырады.
Аспаптың воронкасын 3-5мл дистильденген сумен шаяды және сумен бiрге 1-2 тамшы аралас индикаторды енгiзедi. Жасылдан қызыл-сиякөк түске боялғанша 40 (NaOH) сiлтi ерiтiндiсiн қосады. Конусты колбаға бюреткамен 5мл 0,1 Н күкiрт қышқылын құяды және 10мл дистильденген су қосады. Колбаны тоңазытқыш аспапқа қояды, түтiктiң соңы күкірт қышқылда болуы керек. Содан кейiн аспапты бу түзушiге жалғап айдауды бастайды.
Ыдыстағы сұйықтық тез жылып, қайнай бастайды. Аммиакты айдау 15 минуттан соң аяқталады. Соңғы 5 минутта титрленген күкiрт қышқылы бар қабылдағыш колбаны тоңазытқыш түтiктiң соңы ерiтiндiге тимейтiндей етiп қояды.
Қабылдағыш колбаға 2-3 тамшы араласқан индикатор қосады да және артық қышқылды жасыл түске дейiн 0,1Н сiлтiлі (NaOH) ерiтiндiсiмен титрлейдi.
Ескерту: Араласқан индикаторды 50мл метилен ерiтiндiсiнен (1г метиленнен 800 мл 93 этанол) және 100 мл метилен ерiтiндiсiнен дайындайды (1г метиленге 750 мл 43 этанол).
2. Биомассадағы ақуызды азоттың құрамын анықтау
Биомассаның салмағы (0,2г) центрифугалап пробиркаға салады және 4мл 10-тi ТХУ ерiтiндiсiн құяды. Пробирканың iшiндегiсiн жуылған шыны таяқшамен жақсылап араластырады да, тағы да 4 мл ТХУ ерiтiндiсiн қосады және пробирканы су моншасында 30 минутқа қояды. ТХУ ерiтiндiсi ақуызды тұнбаға түсiредi, ал суда еритiн азоттық қосылыстар экстратқа өтедi. Пробиркаларды суытқаннан соң 18-25С температураға тағы 2 сағатқа қалдырады да, содан соң 15минутке 5000 айн/мин центрифугалайды.
Центрифугада қалдырамыз, ал тұнбаны Кьельдал колбасына ауыстырамыз, аздаған көлемде дистильденген сумен шаю арқылы ауыстырады. Ақуыздағы азоттың құрамын анықтауды алдындағы әдiстер сияқты жүргiзiледi.
Достарыңызбен бөлісу: |