Биомассаны анықтау. Құрғақ биомассаның ылғалдылығын және құрғақ биомассаны анықтау


Түйнек бактерияларының қасиеттері



бет42/53
Дата11.09.2023
өлшемі0.65 Mb.
#477183
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   53
Лаб

Түйнек бактерияларының қасиеттері
Бұршақ тұқымдас өсімдіктердің түбіндегі түйнектерді түзетін азотфиксирлеуші бактериялар Rhizobium және Bradyrhizobium тегіне жатады. Түрінің аттары түбінде түйнек түзуші өсімдіктің тегіне қарай сай келеді: Lupini (люпин), trifolli (жоңыршқа) және тағы басқалары.

  • Құрамында көмірсулар мен органикалық заттардың кейбір басқа түрлері бар ортада бактерияның таза культурасы өседі. Грамм терістердің бөлінуімен көбейеді. Оптимальды t=25-30°С, рН=6,8-7. Бактерия өзінің иесінің тамырының талшықтарында орналасқан ерекше гликопептин — лектиннің көмегімен "таниды". Бактерияларды тамырының талшықтарына енгізгенде инфекциялық жіпшелер түзіледі, онда бактериялар көбейеді.Жіпшелер тамырдың қабығына енеді және тетраплоидты жасушаларға жетеді, осыдан кейін түйнек пайда болады. Жетілген түйнектің тік қимасында 4 зона бар: мери жүйе, бактероидты бөлім, тамырлы жүйе, қабық. Молекулярлы азоттың түйнек бактерияларымен фиксациялануы аммиактың түзілуіне әкеледі,осыдан кейін амин қышқылдары синтезделеді. N2 + 8Н+ + 8 е + nАТФ 2NH3 + Н2 + nАДФ+nФ

Көптеген түйнек бактериялары гидрогеназаны құрайды, олар Н2 тотығуын катализдейді.Ферменттің қатысуымен NH3 түзіледі, ол I компоненттен тұратын (темір және Мо-ақуыз құрайтын) және ІІ компонент (Ғе-ақуыз құрайтын). Нитрогеназа пайда болады және тек анаэробты жағдайда ғана активті.
Түйнек бактерияларының препараттары
Түйнек бактерияларын қолданудың ескі әдістері:
1.Бұршақ өсірілген топырақты егістіке арналған жаңа орындарға тастау;
2.Бұршақтың тамырынан түйнектерді жинайды, кептіреді, майдалайды және онымен бұршақтың тұқымын өңдейді. 1896 жылы "нитрагин" препараты жасалған, ол қазіргі кезге дейін қолданылуда. Көптеген іздесту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Түйнек препараттары активті жағдайда ғана эффективті.Ол үшін культура көмірсулармен қамтамасыз етілуі керек, оптимальды температура мен газ алмасуда өсуі қажет. Бұл шарт субстрат-тасымалдағыш дұрыс таңдалған жағдайда орындалады. Ең тиімдісі торф: жоғарғы меншікті ауданы (300м2/г) оңай табылады, арзан. Кемшілігі — стандартты емес, кейбір үлгілерде — бактерия үшін зат улы.Біздің елімізде түйнек бактерияларының торфты препараты "ризоторфин" шығарылады. Өндірістің сызба нұсқасы бірнеше сатылардан тұрады:
1. Түйнек бактериясының культурасын өсіру және сақтау;
2. Сұйық культураны(инокуляторда) алу;
3. Торфты дайындау;
4. Залалсыздау;
5. Инокуляциялау және препаратты сақтау;
6. Бақылау.




  1. - косяк; 2 - колба; 3 - eгiс ферментері, 4 – жұмысшы, ферментері; 5 - торф;

  2. 6 - майдалағыш; 7 — буып түюші аппарат; 8 - гамма — Залалсыздандырғыш камерасы; 9 - инокулятор; 10 - араластыру; 11 — термоқойма

13 Сурет. Ризоторфин препаратын алудың сызба нұсқасы




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   53




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет