Биотехнологияның негізгі мақсаты қандай? Биотехнология қандай ғылымдармен байланысты (толық) Биотехнология


Клондау алдында тұрған тапсырмалар



бет12/60
Дата09.01.2024
өлшемі116.08 Kb.
#488716
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   60
Принципы и методы получения биопрепаратов

Клондау алдында тұрған тапсырмалар:

  • Мүшелер мен тіндерді клондау;

  • Баласыз адамдардың балалы болу мүмкіндігі;

  • Ауыр генетикалық аурулардан зардап шегетін адамдарға көмектесу;

  • Ауылшаруашылық жануарларындағы науқастарды емдеу үшін адам гендерін, емдік ақуыздарды клондау.




  1. Моноклоналды антиденелерді алудың негізгі қадамдарын атаңыз (почти толық)

Моноклональді антиденелері – ферменттер мен ақуыздардың полиморфизмін, өсуді реттеу механизмін, денелік (сомалық) жасушалардың пролиферациясын, сəйкессіздіктің антигендерін, дифференцияланған жасушалардың əртүрлі типін сипаттайтын антигендерді зерттеу мақсаттарында пайдаланылады. Барлық моноклоналды антиденені В-лимфоциттер бұл жасуша антигенді «кездестірген» соң қалыптастырады. Нәтижесінде иммундық жад жасушаларының «тікелей ұрпақтары» антигенмен қайтадан кездескен кезде өте тез антиденелер өндіруге қабілетін сақтайды. Енді ағза «жауын танып-білу үшін» уақыт жоғалтпайды. Ол «бірден қаруын алып, жауын жеңіп тастайды».
Моноклональді антиденелердің тағы бір практикалық маңыздылығыдиагностикалық, емдік жəне профилактикалық заттар ретінде, биологиялық активті заттардың таза дəрмектерін (лейкоциттік интерферон) алуда қолданылуы. Гибридомдық əдістің қолданылуына байланысты, оның өндірістік маңыздылығы жөнінде американдық қаржылық мекемелерінің деректері бойынша мынадай фактілерді келтіруге болады: 1987 жылы моноклональді антидене негізіндегі диагностикалық дəрмектерді өндіруге 500 млн. доллар, ал 1990 жылы тек қатерлі ісік (рак) ауруларының диагностикумдарын алуға 2 млрд. доллар қаржы жұмсалынған. Ғалымдар көптеген қан ауруларына да қарсы күрес жүргізуде, осы мəселені шешудің бір жолы – “қолдан қан жасау” болып есептеледі.
Биотехнология жетістіктері мал шаруашылығында да қолданылады. Бұл бағытта аурулардың алдын алу, диагностикалау жəне моноклональды антиденелерді пайдалана отырып емдеу, мал тұқымдарын генетикалық тұрғыдан жақсарту сияқты жұмыстарды айтуға болады. Қазіргі кезде малдарды қолдан ұрықтандыру мəселесінде де биотехнология əдістері кеңінен қолданылуда.
Моноклоналды антиденелер өндірісі келешегі зор әдістеме ретінде иммунолог-дәрігерлерді бұрыннан қызықтырады. Бұл бағыттағы сәтті жұмыстарды 1970 жылы Кембридж университеті базасында ғалымдар Ц. Мильштейн мен Г. Келер жүргізді. Осы зерттеулерге дейін және кейін қазіргі кезде антиденелерді алудың ең қарапайым әдісі оларды жануарлар қанынан бөліп алды. Зертханалық егеуқұйрыққа (кейде маймылдар немесе жылқыларға) белгілі бір ауруқоздырғышты енгізді, сосын олардың қанынан антиденелер алды. Бұл әдістеме көптеген препараттар дайындауда қолданылды. Бірақ оның үлкен кемшілігі бар. Әртүрлі антиденелерді бір-бірінен бөліп алу қиын болды. «Осы қоздырғышқа қарсы қарумен» бірге сарысуға басқа ондаған және жүздеген иммундық нәруыздар түсті. Олар қажет емес, кейде зиян болды. Мильштейн мен Келер тек бір қоздырғышпен «таныс» В-лимфоциттерді өсіріп, «таза моноклоналды антиденелер» алды. Осындай әрекеттер бұрын да жасалды. Жасалған әдістеменің басты жаңалығы – зерттеушілер «гибридома» будан жасушаларды В-лимфоциттерден және онкологиялық жасушалардан алды, бұл олардың in vitro (сынауықта) жағдайында өздігінен көбеюін мәңгі етті (40-сурет). Технологияның өзі мынадай ретті әрекеттерден тұрды:
В-лимфоциттердің белгілі бір антигендермен танысуы;→ В-лимфоциттердің белгілі бір типті антиденелер өндіруі; → Қатаң белгілі бір антидене өндіретін В-лимфоциттерді онкологиялық жасушалармен «будандастыру» және гибридома ұрпағын алу; → Жасушалардың таза себінділерін бөлуге мүмкіндік беретін тек гибридомадан тұратын ерекше қоректік ортаға орналастыру; → Алынған жасушалардың шексіз көбеюі және моноклоналды антиденелердің шексіз өндірілуі.
Жүргізген зерттеулері үшін ғалымдар 1984 жылы Нобель сыйлығымен марапатталды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   60




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет