Биотехнологияның негізгі мақсаты қандай? Биотехнология қандай ғылымдармен байланысты (толық) Биотехнология


Биотехнологияның пайда болуы мен қалыптасуы қалай болды? Биотехнологияның принциптері қандай? (Толық)



бет2/60
Дата09.01.2024
өлшемі116.08 Kb.
#488716
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   60
Принципы и методы получения биопрепаратов

Биотехнологияның пайда болуы мен қалыптасуы қалай болды? Биотехнологияның принциптері қандай? (Толық)

ХХ ғасырдың екінші жартысынан бастап адамзат қоғамы өте күрделі мəселелерді шешу қажеттілігі алдында бетпе-бет қалды. Олардың қатарында халық санының күрт өсуіне байланысты туындаған азық-түлік тапшылығы, энергия көздерінің жəне табиғи байлықтардың азаюы, адамдардың арасындағы əр түрлі аурулардың көбеюі, қоршаған ортаның ластануы сияқты көптеген өзекті мəселелер еді. Бұл мəселелерді шешу үшін оған жаңа қырынан қарап, ерекше ғылыми шешімдер табу қажет болды. Осындай заман ағымынан туындаған өзекті мəселелердің бірталайын, қазіргі кездің өзінде биотехнология ғылымы ұсынған əдістер арқылы шешу мүмкін болып отыр.
Ғылым, техника мен технологияның қарқынды түрде дамуы биотехнология саласының да мүмкіндіктерін арттырды. Соның нəтижесінде азық-түліктердің жаңа түрлерін, əртүрлі ауруларға қарсы медициналық дəрі-дəрмектер, альтернативті энергия көздерін алу, ауылшаруашылығында өсімдіктердің зиянкестерімен күресу мен жаңа сұрыптарын шығару, мал өнімділіктерін арттыру жəне экологиялық апат салдарларымен тиімді күресу əдістеріне қол жеткізілді. Мысалы, келешекте көмір, мұнай қорларының азая бастауына байланысты, автомобилдерге қажетті жанар- жағар май ретінде өсімдіктерден алынатын биоэтанолдың маңызы зор болатын болса, медицина мен ветеринария салаларындағы жаңа технологиялар əртүрлі вакциналар, рекомбинантты ДНҚ өнімдері болып табылатын медициналық дəрі- дəрмектерін, атап айтқанда ДНҚ-сынамаларын зерттеу, ДНҚ-дарының белгілі ретпен орналасуын білу арқылы, гендік деңгейде кездесетін мутацияларды анықтау сияқты мүмкіндіктерге қол жеткіздірді.
Биотехнология жетістіктерінің аса маңызды бір кезеңі, ХХ ғасыр аяғындағы адам геномы атты халықаралық бағдарламасының жүзеге асуы болып табылады. Ондағы негізгі мақсат – адам геномын молекулалық деңгейде біліп, хромосомаларды картаға түсіру жəне олардың құрамындағы ДНК-ны зерттеп, геномдағы нуклеотидтердің қатар тізбегін толығымен анықтап шығу. Адам геномы жобасы АҚШ-да 1988 жылы Дж.Уотсонның, Ресейде 1989 жылы академик А. Баевтың ұсынулары бойынша басталған болатын. Жобаның бірінші кезеңіндегі мақсат адам геномындағы нуклеотидтердің толық тізбегін анықтау еді. Бұл кезең 2000 жылдың соңында аяқталды. Қазіргі таңда адам геномы бағдарламасына сəйкес, хромосомалардың бүкіл ДНҚ молекулаларындағы нуклеотидтердің орналасу реті анықталып, адам геномы толықтай белгілі болды.
Алғаш рет «биотехнология» термині 1917 жылы Карл Эреки шошқаларды қант қызылшасымен қоректендіру кезінде олардың өнімдерінің жоғарылауы жасалған жұмыстарының нәтижесінде берілген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   60




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет