Биотехнологияның негізгі мақсаты қандай? Биотехнология қандай ғылымдармен байланысты (толық) Биотехнология


Биотехнологияның ашылуы, жасалуы және даму тарихы



бет3/60
Дата09.01.2024
өлшемі116.08 Kb.
#488716
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   60
Принципы и методы получения биопрепаратов

Биотехнологияның ашылуы, жасалуы және даму тарихы
Биотехнологияның пайда болуымен даму тарихында ғылыми пән ретінде голланд ғалымы Е. Хаувинк 5 кезеңді ажыратты:

  1. Пастер ғасырына дейінгі эра (1865ж.). Сыра, шарап, нан өнімдері және сыра ашытқыларын, ірімшік алғандағы спирттік және сүт қышқылды ашытуды қолдану. Сірке қышқылын және ферментативті өнімдерді алу.

  2. Пастер ғасырлық кезеңі(1866-1940 жж.) – этанол, бутанол, ацетон, глицерин, органикалық қышқылдарды, вакциналарды өндіру. Канализациялық суды аэробты тазалау. Көмірсулардан азықтық ашытқыларды өндіру.

  3. Антибиотиктер кезеңі (1940-1960 жж.) – тереңдетілген ферментация жолымен пенициллин және басқа антибиотиктерді алу. Өсімдік жасушаларын дақылдау және вирустық вакциналарды алу. Стероидтардың микробиологиялық биотрансформациясы.

  4. Меңгерілетін биосинтез кезеңі (1961-1975 жж.) – микробты мунаттар көмегімен амин қышқылдарын өңдіру. Тазартылған ферменттік препараттар алу. Иммобилизацияланған ферменттерді және жасушаларды өндірістік қолдану. Канализацилық суларды анаэробты тазалау және биогаз алу. Бактериалды полисахаридтерді өндіру.

  5. Жаңа биотехнология кезеңі (1973 ж. бастап) – биосинтез агенттерін алу мақсатында жасушалық және генетикалық инженерияны қолдану. Моноклоналды антиденелерді өндіретін будандарды, протопласттарды және меристемді дақылдарды будандастырып алу. Эмбриондарды трансплантациялау.

Биотехнология принциптері:

  1. Экономикалық негізділік принципі. Биотехнология дәстүрлі технологияның көмегімен тиімді және бірдей шығындармен жүзеге асырылмайтын өндірістік процестерге ғана енгізіледі. Лизин амин қышқылын химиялық жолмен оңай синтездеуге болады, бірақ бұл өте көп уақытты қажет ететін процедура, сондықтан лизин микробиологиялық синтез арқылы алынады.

  2. Технологиялық әзірлемелердің тиісті деңгейінің принципі. Өнім өндірісінің ауқымы, оны тазарту дәрежесі, өндірісті автоматтандыру деңгейі - мұның бәрі экономикалық пайда, шикізат және энергетикалық ресурстар, дайын өнімге сұраныс деңгейімен тікелей анықталуы керек.

  3. Биотехнологиялық процестің ғылыми негізділігі принципі. Ғылыми білім қоршаған орта параметрлерін, биореактордың дизайнын және оның жұмыс режимін алдын-ала есептеуге мүмкіндік береді.

  4. Өндірісті арзандату принципі (шығындарды барынша азайту). Мысал ретінде биотехнологиялық процестерде күн энергиясын, табиғи су қоймаларының табиғи биореакторларын - техногендік аппараттардың орнына, атап айтқанда бір жасушалы балдырлардың биомассасын алу үшін пайдалану. Көрсетілген принциптер биотехнологияның екі жақты міндеті туралы айтады: биообъект жасушалары мақсатты өнімді синтездеу үшін оңтайлы жағдайлар жасау және сонымен бірге өндірісті ең аз өндірістік шығындармен максималды экономикалық режимде жүргізу.

Биологиялық нысандар ретінде биотехнологтар көбінесе бір жасушалы микроорганизмдерді, сондай-ақ жануарлар мен өсімдік жасушаларын пайдаланады. Оларға микроорганизмдердің 100-ден аспайтын түрі жатады: бактериялар, саңырауқұлақтар, ашытқылар, балдырлар, вирустар.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   60




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет