Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы №15 хаттама



жүктеу 42.74 Kb.
Дата23.02.2016
өлшемі42.74 Kb.
Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу

қорытындысы туралы № 15 хаттама

2015 жылы автокөліктерге техникалық қызмет көрсету бойынша қызметтерін мемлекеттік сатып алу




Астана қ.


2015 жылғы 19 наурыз сағат 10:00

1. Астана қ. Кенесары к., 36 мекен-жайы бойынша орналасқан Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің атынан Кадр және әкімшілік қамтамасыз ету департаменті 001 «Ауыл шаруашылығы және табиғатты пайдалану саласындағы жоспарлау, реттеу, басқару» бюджеттік бағдарламасы, 100 «Ауыл шаруашылығы саласындағы жоспарлау, реттеу, басқару» шеңберінде 2015 жылға автокөліктерге техникалық қызмет көрсету бойынша қызметтерін бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүргізді.

2. Қызметтерді сатып алуға бөлінген сомасы 31 948 660,66 (отыз бір миллион тоғыз жүз қырық сегіз мың алты жүз алпыс) теңге алпыс алты тиын (ҚҚС-сыз).

3. «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 32-бабының 2) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жауапты хатшысының 2015 жылғы 18 наурыздағы № 11-4/235 бұйрығының және Кадр және әкімшілік қамтамасыз ету департаменті 2015 жылғы 12 наурыздағы негіздемесінің негізінде, конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу өтпеді деп танылуына байланысты, мемлекеттік сатып алудың бір көзден алу тәсілі қолданылған.

4. «Ғимараттарға және көлікке қызмет көрсету дирекциясы» ЖШС Заңның 8-бабы 1-тармағында көзделген талаптарға сәйкес, жалпы және арнайы біліктілік талаптарына мына негіздер бойынша сәйкес келеді:

- заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген жарғының нотариалдық куәландырылған көшірмесі;

- заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелгені туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі;

- «Қазақстан Халық Банкі» АҚ Астана регионалдық филиалының шағын және орта бизнес бойынша директор орынбасары Д.О. Мақұлбаеваның және «Қазақстан Халық Банкі» АҚ Астана регионалдық филиалының Операциялық басқарманың бастығы А. Б. Жангутенованың қолы қойылған, банктің мөр бедерімен куәландырылған анықтама берілген күннің алдындағы үш айдан астам созылған мерзімі өткен банктің алдындағы берешектің жоқтығы туралы «Қазақстан Халық Банкі» АҚ Астана регионалдық филиалы банкісінің 2015 жылғы 11 наурыздағы № 16-03-05/1466 анықтамасының түпнұсқасы;

- салық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша 2015 жылғы 13 наурыздағы жағдайына берешектің жоқтығы (болуы) туралы «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қазынашылық мемлекеттік Комитеті Астана қаласы бойынша Сарыарка ауданы қазынашылық мемлекеттік басқармасы» берілген 2015 жылғы 16 наурыздағы анықтамасының түпнұсқасы;

- мемлекеттік сатып алу процесіне қатысу үшін біліктілік туралы мәліметтерінің түпнұсқасы.

Заңның 33-бабының 2-тармағына сәйкес, әлеуетті өнім беруші сондай-ақ, келесі ақпаратты ұсынды:

- ұсынылып отырған қызметтерге берілетін бағалардың негіздемесі;

- көрсетілетін қызметтердің техникалық ерекшелігі;

- мемлекеттік сатып алу процесімен байланысты шектеулердің болмауы туралы хат.

5. Шарттар жасалатын әлеуетті өнім берушінің атауы және орналасқан жері: «Ғимараттарға және көлікке қызмет көрсету дирекциясы» ЖШС, Астана қ., Кенесары,36 және мұндай шарттардың бағасы 29 990 516,94 (жиырма тоғыз миллион тоғыз жүз тоқсан мың бес жүз он алты) теңге тоқсан төрт тиын (ҚҚС-сыз).

6. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жауапты хатшысының 2015 жылғы 18 наурыздағы № 11-4/235 бұйрығына сәйкес, әлеуетті өнім берушінің техникалық ерекшелігіне сараптама жүргізу үшін сараптамалық комиссия тартылды, сараптамалық қорытынды қоса берілген.

7. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі осы бір көзден алу тәсілімен сатып алу нәтижесі бойынша ШЕШТІ:

1) 2015 жылы автокөліктерге техникалық қызмет көрсету бойынша қызметтерін бір көзден алу тәсілімен Астана қ., Кенесары, 36, мекен-жайы бойынша орналасқан «Ғимараттарға және көлікке қызмет көрсету дирекциясы» ЖШС-нен сатып алынсын.

2) Астана қ. Кенесары к. 36 мекен-жайы бойынша орналасқан Кадр және әкімшілік қамтамасыз ету департаменті 2015 жылғы « 27 » наурызға дейін «Ғимараттарға және көлікке қызмет көрсету дирекциясы» ЖШС-мен мемлекеттік сатып алу туралы шарттар жасассын.

3) Кадр және әкімшілік қамтамасыз ету департаменті осы хаттаманың мәтінін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.


ҚР АШМ Жауапты хатшысының м.а.

Ж.Е. Аманбаев









Кадр және әкімшілік қамтамасыз ету департаментінің директорының орынбасары


Р.А. Тукишева


Кадр және әкімшілік қамтамасыз ету департаментінің сарапшысы

А.Т. Амантаева


Приложение к протоколу об итогах

Экспертное заключение
По предлагаемым потенциальным поставщиком услуг по техническому обслуживанию автотранспорта в 2015 году способом из одного источника на соответствие требованиям технической спецификации, утвержденной приказом 18 марта №11-4/235 Ответственного секретаря Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан

Эксперт, рассмотрев техническую спецификацию закупаемых услуг по техническому обслуживанию автотранспорта в 2015 году (далее-Техническая спецификация), предоставленная ТОО «Дирекция по обслуживанию зданий и транспорта» сообщает, что Техническая спецификация соответствует приложению 2 к приказу Ответственного секретаря Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан от 18 марта 2015 года № 11-4/235.



Эксперт Сульянов Л.И.


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет