Бір көзден тәсілімен әкімшілік мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау бойынша мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттама



Дата07.07.2016
өлшемі17.79 Kb.
#183729



Бір көзден тәсілімен әкімшілік мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау бойынша мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы

хаттама
Астана қаласы  

Бейбітшілік көшесі, 11            сағ. 10-00             2015 жылғы 2 сәуір

 

1. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы: «Астана қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» ММ (Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 11) бір көзден тәсілімен әкімшілік мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау бойынша сатып алуды өткізді.



2. Сатып алу үшін 2015 жылға бөлінген сома 712 800 (жеті жүз оң екі мың сегіз жүз) теңге 00 тиын (ҚҚС қоса есептемегенде).

3. «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі № 303-III Заңының (бұдан әрі – Заң) 32-бабының 4)-тармағы негізінде, бір көзден мемлекеттік сатып алу тәсілі қолданылсын, мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы қабылдаған, Заңның 31-бабының 5 және (немесе) 7-тармақтарында көзделген шаралар мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасуға әкеп соқпаса (2015 жылғы 27 науырыздағы № 32 бұйрық).

4. «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы» РМКК (Астана қаласы, Абай даңғылы, 33а) Заңның 8-бабында қарастырылған біліктілік талаптарына сәйкес келеді.

5. Жеткізушінің атауы және мекен-жайы: «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы» РМКК (Астана қаласы, Абай даңғылы, 33а), келісімшарттың жалпы сомасы – 712 800 (жеті жүз оң екі мың сегіз жүз) теңге 00 тиын (ҚҚС қоса есептемегенде).

6. Сарапшы(лар) тартылған жоқ.

7. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы осы бір көзден тәсілімен сатып алудың нәтижесі бойынша мынаны ШЕШТІ:

1) «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы» РМКК (Астана қаласы, Абай даңғылы, 33а) әкімшілік мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау бойынша сатып алынсын.

2) Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы «Астана қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» ММ:

- осы хаттаманың мәтінін интернет-ресурсына жіберсін;

- 2015 жылдың 5 сәуірдегі дейін «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы» РМКК-мен шарт жасассын.


Басқарма басшысы Ж.Ғ. Нұрпейісов

Ұйымдастырушының уәкілетті өкілі Ғ.Ұ. Асылбек



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет