Әйелі Әпішке айтқаны
Үш жүзге бойың жеткен биік аршын,
Үш жүзден таңдап алған ғашық жарсың.
Именбей ақ төсіңнен аймалатшы,
Иіскеп шыбын жаным сая тапсын.
Жайлауы еліміздің — мидай дала,
Түріндей масатының күрең ала.
Ел кезіп, өз үйіме оралғанда,
Мұңдасым, көңіл ашар Әпіш қана.
Жылама енді, анасы, сен де бекер,
Біржанға уақыт жетті алыс кетер.
Артымда жастай қалған құлындарым,
Тірлікте әлі-ақ бір күн, өсіп жетер
Әпішке
Жайлауы еліміздің – мидай дала,
Түріндей масатының күрең ала.
Ел кезіп, өз үйіме оралғанда,
Мұңдасып, көңіл ашар Әпіш қана!..
Жылама енді, анасы, сен де бекер,
Біржанға уақыт жетті алыс кетер.
Артымда жастай қалған құлындарым,
Тірлікте әлі-ақ бір күн, өсіп кетер
Жетісу
Мен өзім Жетісуға барып қайттым,
Манабын жақсылардың көріп қайттым.
Қыздары Жетісудың сұлу екен,
Жиғаным-тергенімді беріп қайттым
Жанбота
Жанбота, жоқтамадың, кетті кегім,
Өтпеді басқа елге болыстығың!
Неше жыл арасында өтсе дағы,
Бір жоқтар сүйегімді Иса інім
Пар жектім
Пар жектім қос күреңді сүмеңдетіп,
Жеріңе уәғада еткен келдім жетіп.
Уәғадан, өткен айдың жүзінде еді,
Барады әлденеше күндер өтіп.
Қарағым, қарақаттай — көз жанарың,
Ерігіп жаңа келді сөз ажарың.
Жармеңке — жас уақыт өтіп кетіп,
Бұл күнде тоқталып тұр сол базарың
Тұрлыбекке
Тұрлыеке, үміткерміз бір құдайдан,
Қарада хан өтпепті Абылайдан.
Тұсында Абылайдың құтпан болған,
Сөйлейін баян қылып Жолдыбайдан.
Сұрасаң руымды Алтай-Қарпық,
Мен келдім дуаныңа шеру тартып,
Алым жоқ, рамат та жоқ, ел жайында,
Шен алдың осы күнде, ол бір анық.
Болғанда өзің советник, Жүсіп қазы,
Әулие боламысың бұдан артық.
Мал мен бас, бақыт, өнер — бәрі түгел,
Теңіздің мұқитындай тұрсын, шалқып
Қараша
Қараша қыстың басы болады күз,
Дәм жазып осы ауылда болдық қой кез.
Сіздің ел, біздің елмен не деспейді,
Құрбым-ау, оған бола қамықпаңыз
Достарыңызбен бөлісу: |