Біржан – сал Қожағұлұлы Жәкейдің ат суардым тұнығына


Арқаның түгел көрдім кәрі-жасын



бет2/7
Дата20.04.2023
өлшемі46.53 Kb.
#472490
1   2   3   4   5   6   7
Біржан сал


3. Арқаның түгел көрдім кәрі-жасын

Арқаның түгел көрдім кәрі-жасын,


Ұмытпас құрбы-құрдас замандасым.
Ойланам, ауруымның түрі жаман,
Біржанның кім ұстар деп домбырасын.
Аурудан ақыл кетіп адасам ба?
Жақсымен бұрынғыдай жанасам ба.
Білмеймін бұл аурудың не қыларын,
Егерде алам десе таласам ба?

  1. Атығайдың елінің адамдарына айтқаны

Атығай қайран елім, қоныстасым,


Бар еді, құрбы-құрдас, шын мұңдасым.
Құданың құдіретімен уақыт жетті,
Барады алыс жолға ғарып басым.
Сәлем айт, Атығайдың баласына-ай,
Жасы кіші, жасы үлкен ағасына-ай.
Ортаңда түрлендіріп ән салғанда,
Біржанға қалушы еді таласып-ай.
Сәлем айт, құрбы-құрдас замандасқа,
Көп еді мұңдастарым ауылдаста.
Саулықта ойнап-күліп жүретұғын
Мұңшылдық түсіп тұр ғой ғарып басқа.
Қазғанмен су шықпайды қыр басынан,
Бір іліксе сөз қалмайды сау басыңнан.
Ер жігіт бір қисайса оңалмайды,
Басында жаңылған соң тау басынан

Біржан – сал Қожағұлұлы



  1. Ал, дүние, өтеріңді біліп едім

Ал, дүние, өтеріңді біліп едім,


Білдірмей серілікпен жүріп едім.
Бұл күнде арық қойдан бағам кейін,
Үш жүзді сайран қылған Біржан едім.
Қарасу есік алды ылайланды,
Бай қылмақ, кедей қылмақ құдайдан-ды.
Қамзолдай қысқа пішкен дөңгеленіп,
Дүние өтерінде шыр айналды.
Ағаш үй от жаққаным қобылап пеш,
Құдай-ау, ғапу етіп күнәмді кеш!
Теміртас, Асыл, Ақық екі қарғам
Байлаулы арқандағы қолымды шеш
Теміртас, Асыл, Ақық қалдың зарлап,
Ежелден мирас екен зарлап қалмақ.
Көз көрген құрбыларға сәлем деңдер,
Дұғасын оқи берсін әдейі арнап.
Ел кездім кертөбелмен арықтатып,
Жақсыға сөз сөйледім анықтатын.
Үш жүздің ортасында Біржан едім,
Бұл күнде қойды құдай шалықтатып.
Теміртас, Асыл, Ақық балдан тәтті,
Кем қылмай өсіріп ем салтанатты.
Әкең, ем аяйтұғын жанын, ашып,
Шешсеңші, білегіме арқан батты!..



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет