«біртұтас тәрбие: ҚҰндылықтарға негізделген тәрбие ісін басқару және жүзеге асыру» педагогтердің КӘсіби біліктілігін арттыру курсының білім беру бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет10/16
Дата08.07.2024
өлшемі487.86 Kb.
#502889
түріБағдарламасы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16
ТӘРБИЕ

Модуль 2. Ұлттық мүдде құндылығы 
Ұлттық мүдде: тәуелсіздік, егемендік, мемлекеттік аумақ, қазақ тілі, 
экономикалық өрлеу, халықтың әл-ауқаты, ұлттық қауіпсіздік, отаншыл, ұлттық 
мирасын, мұрасын қадірлейтін, ұлттық мәдениетті бағалайтын ұрпақ 
қалыптастыруды көздейді.
Отанның бастау бұлағы – отбасы. Демек ата-ананы қадірлеуге тұғыр 
болатын қара шаңырақ, жеті ата, тектілік ұғымдары өскелең ұрпақ бойына 
сіңіріліп, отбасының татулығын, береке-бірлігін нығайтуға жетелейді. Сол 
себепті отбасына сүйіспеншілік, бауырмалдық қасиеттері сіңген және отбасы 
алдындағы перзенттік парызын жете түсінген, намысшыл, отбасын, Отанын, 
мемлекеттік рәміздерін құрметтейтін адал ұрпақ мемлекет тәуелсіздігін, ел мен 
жердің 
тұтастығын 
қадір 
тұтуға, 
демократиялық 
және 
азаматтық 
жауапкершілікті саналы түсінуге, қазақ тілін еліміздің басты рухани байлығы 
ретінде қастерлеуге, құрметтеуге, оны қоғамның барлық саласында қолдануға, 
ғылым тілі ретінде дамытуға үлес қосуға ұстын болады.
Сондықтан Ұлттық мүдде құндылығы адамдар арасындағы сыйластық
сыпайылық, әдептілік қасиеттерін сіңіруге, елі мен жеріне, мемлекетін, 
рәміздерін құрметтеуге бағыттайды, отбасының татулығы мен берекесін 
нығайтуға, 
Отбасы алдындағы перзенттік парыз, Отан алдындағы борыш, Отанға, 
елге, ұлтқа абыройлы қызмет ету, тарихи танымның тереңдігі, отаншылдық
елжандылық қасиеттері Ұлттық мүдде құндылығына тұғыр болады.


11 
«...Ұлтына, жұртына қызмет қылу – білімнен емес, мінезден», «Балапан 
ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі», «Қыз анадан үйренбей өнеге алмас, Ұл 
атадан үйренбей сапар шекпес», «Балаға берілетін бірінші тәрбие ата-анасын, 
туған-туысын, жолдасын сыйлауға үйретуден басталады», «Атаның баласы 
болма, адамның баласы бол» т.б. қанатты сөздер Отан құндылығын бала бойына 
дарытуға негіз болады. 
Отан құндылығы еліміздің өткен тарихын ұрпақ жадында сақтауға, ата-
бабадан қалған мирастарды мұраларды танып-білуге, оны сақтап, әрі қарай 
дәріптеуге тірек болады. Өз тарихын білмеген ұрпақ, оны ертеңінде сақтай 
алмайды. Сондықтанда еліміздің болашағын жарқын ету, ұлттық рухымызды 
сіңіру ұлттық мирас құндылығымен сабақтас. Ата-бабадан қалған құнды 
мұраларымызды қорғауға дағдыландыру керек. Балалармен бірге театрға, 
мұражайға және тарихи орындарға бару оларды рухани жағынан кемелдендіреді. 
Бұл тұрақты қолға алынғанда ғана өткенінен сабақ алып, болашағына үмітпен 
қарайтын ұрпақ келері сөзсіз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет