«біртұтас тәрбие: ҚҰндылықтарға негізделген тәрбие ісін басқару және жүзеге асыру» педагогтердің КӘсіби біліктілігін арттыру курсының білім беру бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет11/16
Дата08.07.2024
өлшемі487.86 Kb.
#502889
түріБағдарламасы
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
ТӘРБИЕ

Модуль 3. Ар-ұят құндылығы
Ар-ұят құндылығы адами мінез-құлыққа сәйкес келмейтін, жағымсыз 
істерден бойын аулақ ұстауға, жақсылыққа, игілікке бой түзеуге, 
парасаттылықты жоғары бағалауға, абыройлы болуға ықпал ететін адамдық 
болмыстың сапалы бейнесі. Ар-ұят құндылығына «Адамның басына қонған 
бақыттың тұрақты болуы жақсы мінез-құлыққа байланысты. Мінез бен ақыл 
жарасса – адамгершілік ұтады» деген даналық өсиет пен адалдық, әділеттілік, 
мейірімділік, жауапкершілік қасиеттері тұғыр болады. «Арлының ұяты бетінде», 
«Ақылың болса ар сақта, ар-ұят керек әр уақытта», «Пайда ойлама, ар ойла», 
«Әділ сөйлеп, адал жүр», «Әділдіктің екі қайнар көзі бар: ешкімге зиян келтірмеу 
және қоғамға пайда келтіру», «Халқыңа адал бол, жауыңа қатал бол, досыңа адал 
бол!», «Күшіңе сенбе, адал ісіңе сен», «Ең әуелі – ниет керек, одан соң – күш 
керек, одан соң – тәртіп керек», «Ақылды сол – нысап пен ар сақтайды» т.б. 
қанатты сөздер ұждан құндылығын бала бойында қалыптастыруға негіз болады.
Ардың кіршіксіз, ұжданның таза болуы – түптеп келгенде, ұлт 
қауіпсіздігінің өзегі. Себебі, ар-ұяттың кемдігінен ұлт болашағының жегі 
құртына айналған парақорлық, жемқорлық қоғамдағы алаяқтықтық әрекетті 
асқындырып отыр. Сондықтан балабақшадағы бүлдіршіннен бастап, мектеп 
бітіретін жасөспірімге дейінгі тәрбиеде ар-ұят маңдайалды құндылық ретінде 
басты ұстанымға айналуы тиіс. 
Ар-ұят құндылығы адалдық, әділеттілік, мейірімділік, қамқорлық 
қасиеттерін бала бойында қалыптастыруды және еңбекқорлыққа баулуды 
көздейді. Өйткені білім де, ғылым да ерен еңбекпен келеді. Еңбек адам өмірінде 
маңызды. Адамның рухани дамуына, кәсіби әлеуетінің жетілуіне, қоғамдық 
сананы жаңғыртуға, жауапкершілік сезімін нығайтуға, ел экономикасын 
көркейтуге тұғыр болады.
Модуль 4. Талап құндылығы 
ХХІ ғасыр технологиялардың қарқынды дамыған заманы. Еліміз басқа 
елдерден оза дамуы үшін технологияларды қарқынды дамытуға үлес қосып, 


12 
инновацияларға ашық болуымыз қажет. Сол себепті өскелең ұрпақ бойында 
заманауи дағдыларды қалыптастыру маңызды. Талап құндылығы өскелең ұрпақ 
бойында мәдениеттілік, табандылық, үнемшілдік, қанағат, ерік-жігер, таза ой мен 
адал ниетке тұғыр болады. Сонымен қатар, талап құндылығы баланың білім 
алуға, ғылымда жаңалық ашуға жаны құштар болуға, салауатты өмір салтын 
ұстануға уақыт пен қаржысын тиімді жоспарлауына дағдыландырады.
Қазіргі заманда сыни ойлайтын, оңтайлы шешімдерді дербес қабылдайтын, 
қабілет қарымы мол, құқықтық мәдениеті жоғары, қоғамдық орында өзін 
мәдениетті ұстай алатын, басқалармен тіл табыса білетін, сындарлы диалогқа 
түсе алатын тұлғалар сұранысқа ие. Сол себепті осындай құзыреттері 
қалыптасқан тұлға тәрбиелеу қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет