Бисмиллаһир рахманир рахиим Баршамызға жақсы баға алу бұйырсын!


Кейіпкер тілі. Ішкі монолог пен диалогты оқытудың жолдары



бет56/70
Дата28.12.2023
өлшемі0.76 Mb.
#488255
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   70
Ò азаÒ Ó дебиеÑ Ñ нен Ñ Ñ нкÑ ионалдÑ Ò Ñ аÑ аÑ Ñ Ñ лÑ Ò Ñ Ñ Ò алÑ пÑ аÑ Ñ Ñ Ñ Ñ Ó дÑ Ñ Ñ е-emirsaba.org

54. Кейіпкер тілі. Ішкі монолог пен диалогты оқытудың жолдары
Кейіпкер деген сөздің өзі белгілі бір тұлғa. Оның болмысы мен мінезі және сөйлеу тілі – aвтордың қиялы. Бәлкім ол қиялдaн дa тууы мүмкін, шынaй объект болуы дa мүмкін. Жaлпы әдебиеттегі берілетін кейіпкерлердің дені aвтордың қиялынaн туындaғaн, бір дүниені яки aйтқысы келген ойын жеткізу үшін пaйдaлaнaтын aдaмы. Сол кейіпкер aрқылы тaғы біреудің болмысын aшып көрсетуге болaды. Aл осы кейіпкер тілі aрқылы aвтор өзінің aйтқысы келген дүниесін aшып көрсете aлaды.
Кейіпкер тілі – лингвистикалық стилистиканың зерттеу нысанына жатады. Кейіпкер тілін талдауда диалог, монолог, полилогтердің қызметі айырықша. Әсіресе, диалогтің табиғаты ерекше. Диалог арқылы шығарманың идеясы мен кейіпкер бейнесі көрінеді. Кейіпкер тілі көркем шығармада кейіпкер бейнесін жасауға ықпалды. Кейіпкер тіліндегі лексикалық элементтер: диалектизмдер, қаратпа және одағай сөздер, қарапайым және жарго сөздер мен варваризмдердің қолданылуына талдау барысында үлкен мән беріледі. Бұл жөнінде Р.Сыздық: «Дөрекі, қарапайым элементтер, бөгде тілдік сөздер, әсіресе макоронизмдер кейіпкердің мінез–құлқын, алған білім– тәрбиесін, білім, мәдениет дәрежесін көрсету үшін келтіріліп, оның образын жасауға көмектеседі. Бұл – стильдік тәсіл. Тәсілдің дұрыс қолданылуы жазушының сөз құдіретін тану шеберлігіне алып барады» – дейді[1]. Сондай–ақ шығармадағы кейіпкерлер бейнесін жан–жақты суреттеуде әлеуметтік тілдік құбылыстың қатысы бар. Бұл қазақ тіл білімінде соңғы кезде ғана айтыла бастады. Тілдік ортада әлеуметтік тілдік бөліністің болуы факт. Ендеше мұндай жағдайлар әдеби тілде өз ізін қалдыратынын көркем шығармада кейіпкерлер тілін талдауда кездесетін және бар, бола беретін құбылыс екенін мойындауға тура келеді.
Көркем мәтіндегі кейіпкер тілін талдағанда диалог мәселесіне соқпай кету мүмкін емес. Диалогтың қызметі екі адамның сөйлесуімен шектелмейді. Оның шығармадағы қызметі көптеген мәселелерді қамтиды. Мәселен, кейіпкерді мінездеу, шығарма оқиғасын дамыту мен идеясын көрсету – диалогке тән нәрсе. Диалогтың лексикалық құрамымен қатар, синтаксистік құрамына да назар аударылуы тиіс. Жай сөйлемдердің, сұраулы, бұйрықты, лепті сөйлемдердің мағыналық қызметіне қарай кейіпкер тілінің ерекшеліктері сараланады.
Диалог парадигмасы – қазіргі ғылымда неғұрлым мәнді бағыттардың бірі. Психологиялық механизмдердің диалогты интерпрентациясы М.М. Бахтиннің «сананың кез келген өзара әрекетін диалог деп түсіну қажет» деген идеясынан туындады: «Өмір сүру дегеніміз, бұл диалогқа қатысу, яғни сұрау, алу, жауап беру, келісу т.б. Бұл диалогқа адам өмір бойы – көзімен, ернімен, қолымен, жолымен, рухымен, барлық тәнімен, әрекетімен – мәңгі қатысады»[2]. М.М. Бахтиннің айтуынша, шығарманың сөзін қарым–қатынас өнімі деп түсінуге болады (сана диалогы), мәдениет «лемімен кез келген түйісу «әңгімелесуді сұрап алу» болып табылады. Мұндай мағынада кез келген философиялық, әдеби сөздерді диалогты деп есептеуге болады. Диалог көркем шығармадағы монолог ұғымына қарама-қарсы мағынада болғанымен әрдайым бірге айтылуымен ерекшеленеді.
Монолог – тыңдаушы тікелей қабылдайтын бір адамның сөйлеуі немесе бір адамның ойы. Монологтың өзіне тән лексикалық бірліктерді тыңдауы мен сөйлемдердің синтаксистік құрылымы болады. Монологтың сипаттау, баяндау, сендіру, әңгімелеу сияқты функционалдық–коммуникативтік ерекшеліктері бар.
Полилог – шығармада оқиғаға қатысушы бір топ адамның образын жасайтын, яғни топты танытатын құрал. Мұнда автор ситуацияны баяндау кезінде бірнеше адамдардың қатысқан сөздерін береді. Сол арқылы әр кейіпкердің өзіндік бейнесін толықтырып нақтылай түседі.
Көркем шығарманы талдауда кейіпкерге қатысты айтылып, қатар жүретін тағы бір термин бар. Ол – көркем шығарманың құрамдас бөлігі ретінде қарастырылатын портрет. Портреттің мазмұндық және формалық түрлері, яғни көлемі шағын және көлемдісі болады. Талдау барысында портреттің сөздік құрамын қарастырудың да маңызы бар. Өйткені кейіпкер туралы жан–жақты мәлімет тілдік құралдардың сұрыпталуы мен қолданылуына қарай анықталады. Автордың портрет жасаудағы ерекшелігі кейіпкерді суреттеуде адамға қатысты қандай ерекшеліктерді қамтығанынан байқалады. Мәтіндегі портретте, автор әдетте адамның денесі мен оның мүшелерін, киген киімін, бет өзгерісі мен деене қимылын, тұрған тұрысын сөз етеді. Бұлар портрет компоненттері деп аталады. Әрбір компонентті суреттейтін, сипаттайтын сөздер іріктеледі. Ол сөздер адамның бүкіл сырт тұрпатынан бастап, ішкі сезім, жай–күйлеріне дейін сипаттап шығады. Т.Смағұлова «адамның сыртқы тұрпатын, яни дене мүшелерін суреттеуде дене мүшелерінің атаулары, яғни соматикалық (грек сөзі – дене) атаулар (соматема) сипаттаса, ал киген киімін вестиалды (латынша – киім–кешек) сөздер (вестема) суреттейді. Қимыл–қозғалысын кинетикалық (грек сөзі – қозғалыс) сөздер (кинетема) тобы суреттейді» дейді[3,72]. Сонымен, портрет – көркем шығарманың тұраұты құрамдас бөліктерінің бірі ретінде кейіпкердің кескін–келбетін, жүріс–тұрысын, киім киісін суреттеу арқылы толыққанды бейне, кейіпкер мінездемесін жасаушы амалдардың бірі.
Көлемді портретті жұптық, топтық және мінездеме–портрет деп үш топқа бөлдік. Жұптық портрет – екі кейіпкерді қатарластыра отырып, салыстыра отырып кескіндеу. Жұптық портретте әрбір кейіпкердің өзіндік сымбаты, бітімі, болмысы екінші бір кейіпкермен салыстырыла бейнеленеді, айқындай танылады. Аталған портрет түрінде екі кейіпкердің ұқсастығы не қарым–қатынасы табиғаты бойынша кескіндеме жасалады.
Топтық портретте бір топ адамның суреті беріледі. Топтық портрет белгілі бір мақсаттағы адамдарды суреттеуде не болмаса әр түрлі жағдай үстіндегі кейіпкерлердің психологиялық жай–күйін танытуда жұмсалады.
Мінездеме–портрет –жазушы шығармаларында жиі кездесетін портрет түрі. Мінездеме–портрет – кейіпкердің сырт тұлғасы мен мінезінің қатар суреттелген түрі. Тұлға мен мінез сәйкестігі – портрет–мінездеменің негізгі белгісі.
Портрет мазмұнының ғана емес, оның құрамының да кейіпкер мінезін беруде үлесі бар. Көркем шығармадағы портреттік суреттеулердің құрамы негізгі үш құрамдас бөліктен (компоненттен) тұрады:
1. адам денесі мен оның мүшелері;
2. киген киімі;
3. бет өзгерісі (мимика), қимылы (жест), дене тұрысы (поза).

Ішкі монолог - кейіпкердің ішкі ойы, өзіне өзі қарата айтылған арнауы. Көңіл-күй сырын білдіретін, эмоциялық әсерді байқататын көркемдік құралдардың бір түрі. Ішкі монолог Шекспир драмаларында жиі кездеседі. Кейіпкер сахнада жалғыз қалатын кездерде - ішкі монолог арқылы өз ойын жеткізген. Бүл ретте кейіпкер автордан тыс "ішкі сөзін" өзі ашып берген. Ал жаңа кезең әдебиетінде баяндау тәсілдерінің жетілуіне байланысты ішкі монологты түрлендіріп қолдану кең орын ала бастаған. Л.Толстойдың Анна Каренинасы мен М.Әуезовтің Абайы арқылы ішкі монологтың еркін қолданылғанын көреміз, олардың тебіреніс-толғанысы толық ашылады. Формасы мен мәні адам психикасындағы ғылыми және эстетикалық ойлау жүйесінің дамуына байланысты өзгеріп отырған. Сондықтан да ол әсіресе әлеуметтік-психологиялық романдарда жиі кездеседі, автордың көрінбей араласуы арқылы жүзеге асады, психологиялық анализ түрінде беріледі. Ол шығармалық әдіске орай әр алуан көркемдік әсер туғызады.[1]


«Көркем диалог – бұл адамдардың тілдік қолданыс шеңберін айқын береді. Көркем диалогтың тілдік құрылымы, бір жағынан, типтендіру қызметін атқарса, екінші жағынан, маңызды стильдік қызмет атқарады» [2, 3 б.].
Орыс тіл білімі ғалымдарының типологиясы негізінде жас ғалым Г. С. Имангалиева «Типология диалога» (На материале казахского и рус.яз.) [3] атты кандидаттық зерттеу жұмысында төмендегідей көптеген диалог түрлерін атап көрсеткен:
Диалог үлгілерін ғалым жинақтап үлкен үш топқа бөліп қарастырады:
а) ақпараттық диалог (информативный). Бұған: диалог – сұхбат, диалог –тергеу, хабарлама диалог және диалог – түсінісуді жатқызады [3, 64 б].
ә) прагматикалық диалог (прагматический). Бұл топқа: диалог – тартыс, диалог – дау, диалог – ой-талқы, диалог – өтініш, диалог – ұсыныс, диалог – ой-түрткіні топтастырады [3, 74 б].
б) модальдық диалогқа (модальный): диалог – үндестік, диалог – жинақтау, диалог – сәлемдесу, диалог – қоштасу сынды түрлерін топтастырады [3, 88 б].
1974 жылы жарық көрген «Әдебиеттану. Терминдер сөздігінде» диалогқа тек анықтама беріліп қоймай, оның әдебиеттің (орыс әдебиеті) барлық жанрларында да осы көркемдік құралдың көрініс табатындығы айтылған. «Диалог – ауызша сөйлеу түрі, екі немесе бірнеше адамдар арасындағы әңгіме» делініп, әр жанрдағы диалогтың атқаратын қызметі жеке–жеке айтылады.
Бұл айтылған жайлар орыс тіл ғылымы мен әдебиетіндегі диалогтың зерттелу жайынан хабардар етсе, өзге тіл білімі мен әдебиеттану ғылымында да диалогтың зерттелу жайы назардан тыс қалмаған. Айталық: неміс филологиясында диалогтың екі түрі берілген:
1) поэтикалық диалог (образдылық қызметі басым)
2) прозалық диалог, ол өз ішінен:
а) теориялық-танымдық (ғылыми, «сократтық»);
ә) философиялық (ауызекі сөйлеу және характерологиялық) [4, 8 б].

Драмада диалог кейбір монологтардың араласуымен бүкіл баяндаушылық деңгейді тұтас алып жататынын білеміз. Авторлық ремаркалар әрекет ететін жердің жалпы көрінісі мен жағдайын танытып, актер ойынына нұсқау береді, кейіпкерлердің эмоционалдық, психологиялық әуенге дайындалуына кеңес қосады. Бірақ мұның бәрі де сахналық текстен тыс нәрселер. Сондықтан диалог сюжет, конфликт дамыту, характер ашуда айырықша сапаларға ие болуға тиіс. Бұған қоса драма қаһармандарының сұхбаты арқылы мезгілдік және мекендік өлшемдер көкжиегі кеңіп, соның нәтижесінде образдың қалыптасу тарихы анықталады, әрекет-қадамдардың психологиялық дәлелдемелері дайындалады. Кейде авторлық және лирикалық шегіністер бірлесе түсіп, сөз түрінде шығарманың идеясын ашады да, характерлер сол сәттегі диалогтармен ұштала дамып, жалғасын таба береді. Бүгінгі күн тұрғысынан істер сарапталып, болашақ бейнесі болжанады. Драмадағы диалог адамдар ойы мен сезімінің мәңгі қозғалысы, өмір символы іспетті.


Атақты жазушы Антуан Сент Экзюпери айтқандай: «… қарым-қатынас адам баласына тиесілі дәулеттің бірі болып саналады» [6, 415 б]. Ал қарым-қатынас мәселесі диалогқа келіп тірелетіні анық.
Диалог арқылы сыртқы әлем бейнеленетіндігі, пейзаж бен портрет сипатталатындығы, предметтік-заттық орта, жекелеген кейіпкерлер субьективті түйсінулер әсерімен суреттелетіндігі анық. Драмадағы диалогтың бұл қызметі шындықты обьективті тұрғыдан пайымдау міндетін толық атқара алмағанымен көрермен, тыңдаушыларға оқиға, құбылыстардың сырын дұрыс ұғуға біршама тура жол сілтейтіндігіне ғалымдарымыз баса назар аударған.
Диалог кейіпкердің рухани әлемін терең әрі жан-жақты ашу құралы ретінде зерттеліп, жазушы романдарындағы диалогтың кейіпкер бейнесін сомдаудағы, характер ашудағы қолданысы айқындалды. Монолог мәселесі әдебиетші ғалым Г. Пірәлиева зерттеулерінің басты тақырыбы болса, диалог және оның Ж. Аймауытов шығармаларындағы көрінісі Ш. Әбішеваның зерттеу жұмысында ғылыми тұрғыдан арнайы талдау жасалды. Зерттеу нысаны осы еңбектермен кеңірек салыстырылды. Ғалым диалогты кейіпкер бейнесін, психологиясын ашуда басты құрал ретінде Ж. Аймауытов романдары, әңгімелері негізінде қарастырады. Орыс тіл ғылымы мен неміс филологиясында диалогтың тек түр жағынан емес, мазмұн, мағыналық тұрғыдан өзгеше келетіндігі анықталды. Ал біз өз зерттеуімізде («С. Мұқанов романдарындағы диалог қолдану ерекшелігі («Ботагөз», «Сырдария», «Аққан жұлдыз» романдары бойынша») С. Мұқанов романдарындағы диалогтардың мағыналық түрлерін топтастыруға алғаш рет талпыныс жасап, олардың мағыналық айырымдарына, көркемдік қызметіне талдау жасаған болатынбыз.
Қазақ әдебиетіндегі көркем диалог проблемасы өзге әдебиеттану ғылымындағыдай жете зерттелмеген. Диалогқа арналған құнды теориялық зерттеулер қазақ әдебиеттану ғылымында аздық етеді. Көркем шығармадағы диалог проблемасы сандаған ғылыми зерттеу еңбектерге нысана боларлық күрделі әлем. Ал оның сан-салалы қырларын жан-жақты зерттеп-зерделеу, олардың көркем шығармадағы функционалдық қызметін айқындау – зерттеуші ғалымдар еншісіндегі үлкен міндет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   70




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет