Дәріс №12 Мәңгі тоң таралған аймақтар және рельеф процестері Сабақтың мақсаты



бет1/7
Дата10.04.2023
өлшемі6.3 Mb.
#472005
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7
№12 дәріс

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ Л.Н.ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Дәріс №12

Мәңгі тоң таралған аймақтар және рельеф процестері

Сабақтың мақсаты:Мәңгі тоң таралған аймақтарды толығырақ танысып, зерттеу.Рельеф процесстерінің тоңдық пішіндерін және деформациялық түрлеріне сипаттама беру.

Жоспар

1. Мәңгі тоңның таралуы және құрылысы

2. Тоңдық деформациялар және рельефтің тоңдық пішіндері


Қыстық температурасы төмен елдерде бетінің топырағы мұзданып қатып қалады. Бұл құбылыс мерзімдік немесе маусымдық тоң деп аталады. Тау жыныстарының температура мөлшері ұзақ уақыт теріс күйде болуын мәңгі тоң дейді.
Мәңгі тонның таралуы және құрылысы
Жердің кең аумағын (құрлықтың 25 %) мәңгі тоң басып жатыр. Мәңгі тоң ғасырлар бойына тіпті мыңдаған жылдары бойына сақталуы мүмкін. Жоғары ендіктерде мәңгі тоң дамыған аймақтарда тоңазыған грунт қазіргі климаттық жағдайларда ешқашан да ерімейді. Мәңгі тоңның едәуір аумағы Канадада және Ресейде кездеседі. Ресейдің 50 пайыздан аса аумағын мәңгі тоң алып жатыр. Тоң қабаттарының қалыңдығы бірнеше метрден жүздеген, кейде мыңдаған метрге дейін жетеді.
Тоң аймағында пайда болған мұздар, қатқан грунтқа әсер етіп, олар жаңа қасиеттерге ие болады:
- тау жыныстары ішіндегі кеуекті және капилляр суларының қатысуына байланысты, грунт бөлшектерінің және агрегаттарының арасындағы ілінісі өсіп, грунттың керіштенуі (цементация);
- судың сұйық күйден қатты күйге ауысуына байланысты ылғал грунттардың көлемі едәуір өсуі;
- тоң грунттарының құрамында мұздың кірікпелерінің және әр көлемді мұз линзалары мен желілерінің дамуы.

Жаз мезгілінде мәңгі тоңның ең жоғарғы қабаты ериді де, қыс кезінде қайтадан қатып тоңға айналады. Судың бір тарамнан екінші фазаға бірнеше рет өтуі, мәңгі тоңның беткі қабатына тұрақсыздық, құбылмалық және жылжымалық қасиет береді. Нәтижесінде тек мәңгі тоң аймақтарына тән топырақ қозғалысының және рельефтің әр пішіндері пайда болады. Қалыңдығы 1 м-ден 4 м-ге дейін жететін ұдайы өзгеріп тұратын, мерзімді мұзданып және еритін қабатты – құбылмалы қабат деп аталады. Одан төмен жатқан қабат нағыз мәңгі тоң қабаты. Жаз мезгілінде осы қабаттар бір-бірінен ерекшеленеді, ал қыста қабат шекарасы айқын ажыратылмайды.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет