Бисмиллаһир рахманир рахиим Баршамызға жақсы баға алу бұйырсын!


Дәстүрлі әдістер және оқытудың жаңа технологиялары



бет69/70
Дата28.12.2023
өлшемі0.76 Mb.
#488255
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   70
Ò азаÒ Ó дебиеÑ Ñ нен Ñ Ñ нкÑ ионалдÑ Ò Ñ аÑ аÑ Ñ Ñ лÑ Ò Ñ Ñ Ò алÑ пÑ аÑ Ñ Ñ Ñ Ñ Ó дÑ Ñ Ñ е-emirsaba.org

64. Дәстүрлі әдістер және оқытудың жаңа технологиялары
Дәстүрлі әдістер қатарына педагогика ғылымының бастауында тұрған әрі ежелгі зерттеушілерден бізге дейін жеткен мұраны жатқызу қабылданған. Бұл Платон мен Квинтилиани, Коменский мен Песталоцци пайдаланған әдістер, осы әдістер біздің дәуірімізге дейін жетіп, ғылым қызметіне жарап жатыр. Педагогикалық зерттеулердің дәстүрлі әдістер тобына кіретіндері: бақылау, тәжірибе мен дерек көздерді зерттеу, мектеп құжаттарын талдау, шәкірт шығармашылығымен танысу, әңгіме — сүхбат.
Бақылау – педагогикалық тәжірибені зерттеудің аса қолайлы да оңай, көп тараған әдісі. Ғылыми бақылау – бұл зерттелуші нысанды, үдерісті немесе кұбылысты табиғи жағдайда арнайы ұйымдастырып, қабылдау. Бақылу тиімділігін көтерудің жолы — оны ұзақ уақыт, жүйелі, жан -жақты, шынайы және ауқымды жүргізу.
Тәжірбені зерттеу – педагогиаклық зерттеулерде ежелден қолданылып келе жатқан әдістердің бір түрі. Кең мағынада бұл әдіс тәрбиенің тарихи байланыстарын анықтауға бағытталған, оқу-үйретім, тәрбие жүйесінде калыптасқан жалпылықты, тұрақты құбылыстарды ажырата карастыруға арналған, арнайы түзілетін танымдық іс-әрекетті білдіреді. Осы әдіс көмегімен нақты мәселелерді шешудің жолдары талданады, оларды жаңа тарихи жағдайларда қолданудың байыпты шешімдері қабылданады.
Тар мағынада тәжірибені зерттеу – бұл шығармашыл кызметпен айналысатын педагогикалық ұжымдардың, жекеленген мұғалімдердің озат тәжірбелерімен танысу.
Шәкірт шығармашылығы өнімдерін зерттеу де назарға барша пәндер бойынша үй және сынып жұмыстары, шығармалар, рефераттар, есептер, эстетикалық және техникалық өзіндік жұмыс нәтижелері алынады. Тәжірибелі зерттеушінің бұл деректерден қолға түсірері мол, себебі қағазға түскен жазу, жасалған өнім, оны орындаған адамның кім және қандай екенінен не кім боларынан нақты мәлімет береді. Бұл әдіс те басқалар сияқты мұқият жоспарлауды, әдепті қолдануды, әңгімелесу және бақылаулармен ұштастыра пайдалануды талап етеді.
Дәстүрлі педагогикалық әдістер қатарында әңгімелесуді де естен шығармаған абзал. Әңгімелесу, екеуара сұхбат, пікір таластар барысында адам карым-қатынастары, сезімдері мен ниеттері, бағамдары мен бағдар — бағыттары айқындалып, зерттеуге қажетті жан-жақты да ауқымды мәліметтерге қол жеткізуге болады.Әдіс ретінде педагогиаклық әңгіме-сұхбат белгілі мақсат бағдарында әріптестің ішкі жан дүниесіне еніп, оның қандай да әрекет-қылықтарының төркін себептерін ашуға мүмкіндік береді. Зерттеуге тартылғандардың адамгершілік, дүниетанымдық, саяси және басқа да көзқарастары, олардың зерттеуші белгілеген мәселеге қатнасы туралы да осы әңгімелесу жәрдемімен анықталады. Алайда, әңгіме-сұхбат өте күрделі келеді, сондықтан оған түбегейлі сенім арта беруге болмайды. Көбіне әңгіме басқа әдіс нәтижелеріне қосымша түсініктемелер мен толықтырулар алу үшін қолданылады.
Қазіргі таңда білім беру саласында жаңартылған технологиялар қолданылуда. Өз жұмысымда мен жаңа технологиялардың элементтерін пайдаланып жүрмін. Соның ішінде АКТ пайдалану, СТО технологиясы, Блум технологиясы,Флеш BIBLIO.Сабақты жаңашыл үрдіспен өткізу-оқушылардың білім сапасын арттырып, олардың шығармашылық және ойлау қабілеттерін дамытып отырады, ал педагогтар үшін кәсіби шеберліктерінің өсуіне жәрдемдеседі. Білімнің болашақта пайдаға асуы, қажетке жарауын қалыптастырады. Көп ақпаратты талдай, жинақтай отырып, ішінен қажеттісін алуға үйретеді.
АКТ пайдалануда көптеген электрондық ресурстарды қолданамын: мультимедиялық презентациялар,слайд, видео, интернетте табылған материалдар, интерактивті тестілер т. б. Олар сабақты түрлендіреді және қызықты етеді, балаларды да әр түрлі жаңа технологияларды пайдалануға үйретеді. Презентация жасау, материалдарды таңдап алуда, презентацияның құрамын ойластыруда, оларды түрлендіруде мұғалімнен үлкен дайындық қажет етеді.
Ақпараттық компьютерлік технологияларды қолдану арқылы сабақтарда біз оқушылардың оқу дағдыларын дамытамыз. Интернетте алған материалдарды пайдаланамыз, жазбаша біліктіліктерін арттырамыз, сөз қорларын кеңейтеміз және шәкірттерміздің шығармашылығын арттырамыз.
Деңгейлеп оқыту технологиясы: көбінесе Бенжамин Блум технологиясы негізінде беріледі.
Мысалы, 7 сыныпта берілген мәтін бойынша бірнеше деңгейлік тапсырмалар беріледі:
Мәтінді түсініп оқы. Түсінгеніңді айтып бер. Мәтінге ат қой. Мәтінді қалай аяқтар едің? Адал досының жасаған көмегі қандай? Жігіттің жасаған жақсылығына баға бер.
СТО технологиясы:сто элементтерін сабағымда жиі пайдаланып отырамын.
«Бес жолды өлең» стратегиясы
«Болжау» стратегиясы
Автор орындығы
«Екі жақты күнделік» стратегиясы
Ойтолғау
«Болжау» стратегиясы бойынша оқушылардың алдына әңгімеден үзінді беріледі.Яғни, оны оқушылар ары қарай жалғастырып, оқиғаның немен аяқталғанын өз ойларымен жеткізеді.
«Екі жақты күнделік» стратегиясы.Ерекше әсер еткен тұсы.Сол туралы өз пікірің.
«Бес жолды өлең» стратегиясы.
1.Зат (1 сөз)
2.Сын есім (2 сөз)
3.Етістік(3 сөз)
4.Қорытынды (4 сөз)
5.Зат есімге жуық мәндес сөз (1 сөз)
Өзім сабақ беретін сыныптарда қазақ әдебиеті пәнінен функционалдық сауаттылықты қалыптастыруда мынандай әдістерді қолданамын:белсенді оқыту, мән беріп оқыту, Блум жүйесі, сыни тұрғыдан ойлау, галереяда ой шарлау, қарлы кесек, ыстық орындық, үш қадамдық сұхбат, Джигсо, т.б. Осы белсенді стратегиялар арқылы қазіргі жастарға тек білім беріп қана қоймай, әлеуметтік бейімделу үдерісінде алған білімдерін пайдалана білуге үйретіп келемін. Сонымен қатар оқушы арасында коллаборативті орта қалыптастыру мақсатында топпен, жұппен жұмыс түрлерін енгіздім. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын артыруда
65. Көркем мәтіннен параллелизм жолдарын анықтау
Параллелизм (грекше – parallelos – қатар жүруші), көркем тілдердің негізгі бір түрі. Бұл психологиялық және синтаксистік параллелизм болып екіге бөлінеді.
Көркем тілдердің шығу тегін зерттеуші әдебиетшілер параллелизм адам баласының ой-санасының сәбилік дәуірінде туған көркем тілдердің ішіндегі ең ескі түрі, шындап келгенде, көптеген сөз образдарының негізі деп біледі.
Алғашқы дәуір адамдары өздерінің көңіл күйлерін басқаларға білдіру үшін, тап соған ұқсас табиғат құбылысын параллель етіп алатын болған. Сол арқылы өзінің ой-сезімін көрсетуге тырысқан. Әдебиетте суреттеудің мұндай әдісін психологиялық параллелизм деп атайды.
Параллелизмде екі нәрсе қатар алынғанда араларында бір ұқсастықтары болады, бірақ оларды бір-біріне теңемейді де, баламайды да немесе шендестіру тәрізді арасы алшақ жатқан екі нәрсені қарамақарсы қойып, үшінші бір нәрсені көзге елестетуді де, мақсат етпейді. Өз сезіміне, өзінің айтайын деген ойына табиғат құбылысын не жанжануардың қалпын параллель ету әдісі арқылы айтайын дегенін басқаларға жеткізбек болады.
Параллелизмнің әдебиетте жиі кездесетін бірнеше формалары бар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   70




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет