61. Трагедиялық бейнені оқытудың әдістемелік жолдары
Әдебиеттің басқа тектері сияқты драманың да жанрлық түрлері болады:
трагедия, комедия және драма. Осы орайда драмалық туындыларды зерттеу
драма өнерінің жанрлық қалыптасу кезеңдерін саралаған, драматург
шеберлігі, көркемдік ойлау мәселелерін, драма жанрынын табиғатын,
ерекшеліктерін айқындап, типологиялық тұрғыда үлкен еңбек жазған
көрнекті әдебиеттанушы, ғалым, академик Рымғали Нұрғали «Драма өнері»
атты монографиясында трагедия, комедия, драманың әрқайсысына жеке-жеке тоқталып, жіктелу деңгейін саралап, драма жанрының поэтикасын айқындай зерттейді. Жанрдың тууы, формалары турасында тұшымды пікір айтады. Жанрды туындататын элементтердің қатарында сюжет желісін, композицияны, тақырыпты, поэтиканы, шығарма идеясын және мәнін ашып
көрсететін кемдеуіш құралдар қосынын атайды.
Трагедия драма жанрлар арасындағы шынайы өмірге ең жақын жанр болып саналады. Себебі, трагедиялық туындыда өмірдегі алуан түрлі қарам қайшылықтар, талас-тартысты түстар, іңкарлық пен жеккөрушілік секілді сезімдер аламаны, идеялар мен ой-пікірлердің тартысы айрықша деммен, пафосты леппен, шынайы сұңғылалықпен көрсетілетінін Рымғали Нұрғали айтып кеткен болатын.
Драмалық туындыларды оқытудың жолдары, әдіс тәсілдері көп. Ол әр ұстаздың ізденісі, шеберлігіне байланысты шығармашылық жұмыс болып табылады Драмалық шығармаларды оқытуда мұғалім драмалық шығармалардың өзіндік ерекшеліктерін ескеріп, шығарма көркемдігі мен суреткердің эстетикалық табысына ерекше назар аударып, кейіпкерлердің терең сырлы монологтарын, диалогтарын, пьесаның тартысқа толы сюжетін талдай білуі қажет. Талдау алдында оқушыларға әдеби-теориялық ұғымдарды таныстырудың маңызы зор. Мұғалім пьеса жайлы тұшымды анықтама бергені ләзім. Шығарманың тақырыбы жазылу уақыты, құрылысы, тарихи фоны, әдебиет пен театрдағы орны турасында мәлімет берсе, білім алушы шығарманы тұтас қабылдап, қызығушылығы артып, тақырыпты тез меңгеруіне жол ашады.
Пьесаны талдамас бұрын, шәкірттерге мәтінді алдын ала оқыту жемісті болмақ. Драманың басты күші тілінде болатындықтан, оған үңілу шығарманың сырын ашады. Оқу барысында ақыл-кеңес, бағыт-бағдар беріп, ең негізгі тартыстар мен шиеленістерді көрсететін актілерге көңіл бөлгізіп,
үлестірме нұсқау ұсынса болады.
Драмалық шығармаларды оқытуда мынадай әдістерді түрлендіріп қолдануды жүзеге асырса құба-құп:
Әңгімелеу;
Шығармашылық оқыту (іздендіріп оқыту);
Проблемалық баяндау арқылы;
Денгейлік тапсырамаларды орындату;
рация, көрнекілік;
Сахналық қойылым;
Жазбаша жұмыстар
Микс әдісі
Өнер және мәдениет құралдарын қолдану;
Техникалық құралдарды (видео қойылымнан үзінді) қолдану т.б.
Мысалы, М.Әузовтің «Еңлік-Кебегін» оқу барысында мынадай
нұсқаулар беруге болады: а)трагедиядағы басты тартыстар, негізгі оқиғалар,
соған назар аудар; ә) Трагедия озіңе ұнады ма, әсіресе не ұнады, не ұнамады?
Баланың ойын, пікірін дәлелді айтуға бағдарлап (тырысып), сол позициясын
аяғына дейін қорғап, табанды болуға дағдыландыру ләзім. Қойылған сауалға
бала еркін ашық жауап беріп, өзі дәл сол жағдайда қайтер еді деген сияқты
сыни ойлай алуына түрткі жасауы қажет. Бала ойының не пікірінің дәлелді
айтуға тырысқанын назарда ұстау қажет.
Тарихи және көркем шындықты негізге ала талдау.
М.Әуезовтың «Еңлік-Кебек» пьесасын оқытуда мұғалім үш туындының арқауы – махаббат трагедиясына үш суретке де замана сипаты, ел іішіндегі әлеуметтік жағдайға сәйкес қарағанына мән береді. Оқушыны мына сұрақтар төңірегінде іздендіруге болады:
1. Трагедиялық оқиғаның тууына қандай қоғамдық, әлеуметтік жағдайлар себеп болды?
2. Неге Шәкәрім «Ақтабан шұбырынды» оқиғасын өз сөзіне астар етіп алған?
3. Ғашықтар трагедиясына кім, не кінәлі? Бұған өзің қалай қарайсың?
Достарыңызбен бөлісу: |