«Біз – Қ. И. Сәтбаев атындағы ҚазҰту студенттеріміз» Сурет байқауы туралы ереже алматы 2012 Жалпы ережелер 1 «Біз – Қ. И. Сәтбаев атындағы ҚазҰту студенттеріміз»



жүктеу 86.62 Kb.
Дата03.07.2016
өлшемі86.62 Kb.




«Біз – Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ студенттеріміз»

Сурет байқауы туралы

ЕРЕЖЕ

Алматы 2012
1. Жалпы ережелер
1.1 «Біз – Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ студенттеріміз» сурет байқауын өткізуге (бұдан әрі – Сурет байқауы) Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-дың Даму стратегиясы – 2020 негіз болып табылады.

1.2 Сурет байқауының ұйымдастырушысы - Әлеуметтік және тәрбие жұмысы департаменті, Ақпараттық технологиялар департаменті және Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-дың АБО фотолабораториясы (бұдан әрі - ұйымдастырушы).

1.3 Сурет байқауының мақсаты:

Сурет байқауын өткізудің негізгі мақсаты:

- университетпен өзара байланыс жасау мүдделігін жүйелі және мүдделі бағытта дамыту;

- студенттердің оқу-зерттеу жұмыстарын кеңінен дәріптеу;

- зерттеушілерге өздерінің зерттеушілік дағдыларын өзге де шығармашылық жанр арқылы көрсету мүмкіндіктерін туғызу;

- шығармашылық әлеуетті, университет студенттерінің белсенділігін дамыту;

- студенттердің университетке және Отанға деген сүйіспеншілігін, патриоттық көзқарасын қалыптастыру;

- Студенттерге өздерінің шығармашылық жұмыстарын барша көрермендермен таныстыру мүмкіндігін жасау;

- университеттің тартымды имиджін және корпоративтік мәдениетін құру;

- шығармашылық әлеуетті және сурет өнерін дамыту.

1.4 Сурет байқауының міндеттері:

- Студенттерді сурет өнері арқылы университеттің белсенді қоғамдық өміріне тарту;

- Студенттер мен университет оқытушыларының көркемдік қабілеттерін анықтап, марапаттау, олардың эстетикалық талғамдарын дамыту.

Бұл міндеттерді орындау үшін

- сурет байқау жұмыстарын БАҚ беттерінде жариялау;

- сурет байқауы аясында ақтық сынға қатысушылардың суреттерінің көрмесін өткізу, жұмыстарды ҚазҰТУ-дың арнайы www.kazntu.kz сайт беттерінде жариялау жоспарлануда.


2. Сурет байқауын ұйымдастыру
2.1 Сурет конкурстарының номинациялары:

2.1.1 «ҚазҰТУ- ХХІ ғасыр көшбасшыларының мектебі»

Бұл атауға байланысты университет қалай және қандай тұрғыдан дамып, қызмет атқарып отырғандығын кейіптеу мүмкіндігі берілген.

2.1.2 «Менің оқытушым»

Нағыз студенттік, ең тамаша номинация. Қай жерде болмасын, қандай жағдай болмасын әртүрлі адамдармен кездесесің, бірақ олардың барлығы да оқытушылар емес. Бұл өзінше бір басқа Әлем, бұл Әлем - тек студенттерге ғана түсінікті Әлем. Осы Әлемге дем беріп, рухтандырушыларды көрсетіңіздер.

2.1.3 «Басқа «әлемдегі» өмір»

Былай қарасаң емтихан жүріп жатыр, ал көрші дәрісханада біреулер шәй ішіп отыр, Бір қарасаң жәй қарапайым студент, бірақ үш күн ішінде А1 пішінді 5 беттен тұратын курстық жұмыс жазып шығады. Былай қарасаң қарапайым тас жол, ал соның бір жағында көбелек қонып отыр және қанаттарын қағып қояды... Өзге де өмір тіршілігін көрсетіңіздер.

2.1.4 «Ұялы телефондағы өмір»

Қазір кез келген адамның ұялы телефондарында фотоаппарат бар, түсірілген суреттер күннен-күнге жинақтала түсуде, олардың ішінде кәсіби фотоларға қарағанда сол мезетте қызық та әдемірек болуы мүмкін. Кез келген номинацияны ұялы телефоннан жіберуге болады, тек ол ұялы телефонның қуаттылығында ғана.

2.1.2 «Еркін тақырып»

Суреттер ешқайда сияр емес, ал Сіздің ой-өрісіңіз шексіз. Олай болса еркін тақырыпқа ерік беріңіз! Тек, бір ғана нәрсені естен шығармаңыз – ол сюжеттің шынайылығы, түпнұсқалығы. Әлемге жасандылық қажет емес.

2.2 Сурет байқауын өткізу шарты, мерзімі мен тәртібі

2.2.1 «Біз – Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ студенттеріміз» сурет байқауына қатысуға ағымдағы жылдың 30 қазанына дейін тапсырыс берген, Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-да оқитын барлық білім алушылар қатыса алады (осы Ереженің 8-тармағын қараңыз),

2.2.2 Сурет байқауына кәсіби, сондай-ақ әуесқой, тіпті жай ұялы телефонға суретке түсіруші фотографтар қатыса алады. Жеңімпаз болу үшін түсірілген сурет сюжетінің түпнұсқалығы мен шынайылығы негізгі фактор болып табылады. Сурет байқауына қатысуға тапсырыс беру мерзімі аяқталғанға дейін қатысушы өзінің тапсырысына өзгертулер енгізе алады. Тапсырысты Сурет байқауы аяқталғанға дейін байланыс жасайтын адам толтырады.

2.2.3 Сурет байқауы үш кезеңнен тұрады:

1-кезең – тапсырыстар мен байқауға өткізілетін жұмыстарды жинау

Тапсырыс электронды түрде қабылданады және сурет жұмыстары ҚазҰТУ-дың www.kazntu.kz сайтында тіркеледі. Тапсырыстар мен байқауға қатыстырылатын жұмыстар күн сайын қабылданады.



2-кезең – қазылар алқасының жұмысы

Ұйымдастыру комитеті тапсырыстарды қарап шығып, сурет байқауының тиісті номинациялары бойынша суреттерді бағалау үшін Қазылар алқасына беріледі. Ұйымдастыру комитеті Байқауға жіберілген жұмыстарды сараптамайды және қайтармайды. Жеңімпаздардың және номинанттардың жұмыстарының талқылаулары қалаулары бойынша университеттің Интернет беттерінде жарияланады.

Ұйымдастыру комитеті байқау жұмыстарын жіті қарастыру мақсатында сурет жұмыстарын талқылау, тапсырыстар мен жұмыстарды қабылдау мерзімі яқталғаннан кейін 5 күн ішінде жүргізіледі.

3-кезең – байқау қорытындысын шығару

Ағымдағы жылдың 10 қарашасына дейін жеңімпаздар анықталады. Әрбір номинациялар бойынша үш жүлделік орын бар. Байқауға жіберілген жұмыстардың ішінен Байқаудың Гран-при иегері ретінде 1 жұмыс жеке таңдалынып алынады. Жеңімпаздарды салтанатты марапаттау күні университеттің Интернет бетінде қосымша хабарланады.

2.2.4 Жіберілген суреттерге байқауға қатысушылардың өзі жауап береді. Олар суреттерге заңды түрде авторлық құқыққа ие екендігіне кепілдік береді. Сурет байқауына қатысушылар сурет байқауына қатысуға байланысты авторлық құқықты бұзу салдарынан туындаған зияндылықтары үшін үшінші тұлғаға келтірілген зияндылықтардың орнын толтыру міндеттемесін алады.

2.2.5 Төмендегі жағдайларға байланысты жұмыстар тоқтатылуы мүмкін:

- суреттер байқаудың тақырыптарына сәйкес келмесе;

- суреттердің көркемдік және техникалық сапасы төмен болса;

- суреттер белгіленген талаптарға сай болмаса;

- тапсырыстар мен жұмыстар осы Ережеде белгіленген мерзімде өткізілмесе.


3. Сурет жұмыстарына қойылатын талаптар
3.1 Байқауға өлшемі 15х20 см-дан аспайтын 300 dpi-ден кем емес, көлемі 2МБ-тан аспайтын және jpg пішініндегі түрлі-түсті және ақ-қара түсті суреттер электронды түрде қабылданады.

3.2 Байқауға қатысушыдан әрбір номинация бойынша 3 қана суреттен қабылданады.

3.3 Сурет түсірілген уақыты, қашан түсірілгендігі маңызды емес.

3.4 Автордың жеке деректерінсіз жұмыс байқауға қабылданбайды.

3.5 Әрбір суреттегі файлдың атауы төменде келтірілген үлгі бойынша 3 белгіден тұруы қажет:

Х-Ү-Z.jpg,

мұнда, Х- автордың аты; Ү – номинацияның аты; Z – автордың жұмыстарының номинация нөмірі (1,2 немесе 3).

3.6 Сурет байқауына қатысуға берілетін тапсырысты бірден бірнеше номинацияларда ресімдеуге болады.

3.7 Сурет байқауына графикалық елеусіз түзетулер мен өзгертулер жасалған жұмыстар да қабылданады (контраст пен айқындылықты үлкейту және кішірейту, түстілік балансын елеусіз өзгерту (ақ нүктелер).

Ескерту: Сурет байқауына зорлық-зомбылық, нәсілдік, ұлттық, діни немесе әлеуметтік төзімсіздік элементтері бар, сондай-ақ коммерциялық тұрғыда кез келген өнімдерді жарнамалаудан тұратын жұмыстар қабылданбайды.
4. Байқау конкурсының ұйымдастыру комитеті
4.1 Сурет байқауын өткізуді үйлестіру:

Сурет байқауын өткізуді үйлестіру жұмыстарын іске асыру үшін Ұйымдастыру комитеті құрылады, оның құрамына: Жастар ісі комитетінің, әлеуметтік және тәрбие жұмысы департаментінің, Ақпараттық технологиялар департаментінің және Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-дың АБО фотолабораториясының өкілдері кіреді.

4.2 Ұйымдастыру комитеті:

- Сурет байқауы туралы ереже мен байқауды өткізу туралы құжаттар пакетін дайындап, оны бекітеді.

- қазылар алқасы құрамын қалыптастырады;

- бекітілген жоспарға сәйкес Сурет конкурсы ақпараттық кампаниясының аясында іс-шаралар өткізеді;

- Сурет байқауын өткізу үшін қажетті басқа да ұйымдастыру шешімдерін қабылдайды;

- Сурет байқауының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімдерін ұйымдастырады.

4.3 Ұйымдастыру комитеті Сурет байқауына қатысушылардың барлығына ортақ тең жағдай жасауға, жариялы түрде өтуін қамтамасыз етуге, байқаудың нәтижесі туралы мәліметтерді уақытынан бұрын жария етпеуге міндетті.

4.4 Байқауға қатысушылардың тапсырысты түсініксіз, дұрыс емес толтырғаны үшін, қатысушылар мәліметтерді дұрыс емес хабарлағаны немесе өзгерткені үшін, кез келген техникалық жаңылыстарға, байқауға қатысушының кінәсінен үшінші тұлғаның құқығын бұзғаны үшін Ұйымдастыру комитеті жауап бермейді.

4.5 Ұйымдастыру комитетінің құрамы:
5. Сурет байқауының қазылар алқасы
5.1 Қазылар алқасын Ұйымдастыру комитеті бекітеді

5.2 Қазылар алқасының құрамына байқауға қатысушылар кіре алмайды.

5.3 Жеңімпаздарды іріктеу Қазылар алқасы отырысында ашық жеке тәуелсіз дауысқа салу арқылы жүргізіледі.

5.4 Жеңімпаздар қазылар алқасының дауыстарын санай отырып анықталады.

5.5. Әрбір номинация бойынша бір ғана жеңімпаз іріктеледі. Егер бірнеше жұмыс бір номинация бойынша бірдей дауыс жинаса, онда қазылар алқасы сол жұмыстарды қайта дауысқа салады. Егер екінші дауыс беруде де жеңімпаз анықталмаса, онда қазылар алқасы төрағасының берген дауысы 2 дауыс болып есептеледі және төраға дауыс берген жұмыс жеңімпаз болады.

5.6 Қазылар алқасы берілген дауыс нәтижесін


БАҚ-қа жариялауға береді.

5.7 Сурет байқауының лауреаттары мен жеңімпаздарын марапаттау рәсіміне қатысады.


6. Байқау жұмыстарын бағалау критерийлері
Жеңімпаздарды анықтаудың негізгі критерийлері:

- жұмыстың осы Сурет байқауы туралы ереженің барлық талаптарына сәйкес болуы;

- суреттің ақпарлылығы, нысанның әсерлілігін анықтау мүмкіндігі;

- суретке түсірілген нысан мен суреттің жалпы аумағымен сәйкестігі;

- суреттің сапасы (айқындылық, контрастылық, талқыланғандылық немесе фонның шайылуы, т.б.);

- кадрларды жалпы топтастыру;

- композициялық, жарықтық және түстерінің шешімі;

- кадрдың түпнұсқалығы (жиі кездесетін нысандар түсірілген суреттердің төтендік шарттары, ракурстар және т.с.с);

- кадрдың даралығы (сирек немесе қиын жерлердегі нысандар түсірілген суреттер);

- барлық суреттердің белгіленген тақырыптарға сай болуы;

- жалпы көркемдік қабылдау;

- орындалған жұмыстың мазмұндылығы.


7. Сурет байқауының марапаттары
Байқаудың жеңімпаздары (әр номинация бойынша 1,2,3-орындар):

-Грамоталармен;

- қазылар алқасы мен ұйымдастыру комитетінің көзқарастары бойынша естелік және басқа да сыйлықтар.

Ұйымдастыру комитеті Сурет байқауы дайындығына және оны өткізуге белсене атсалысқан адамдар мен лайықты сурет жұмыстарын атап өтуге құқықты.



Сурет байқауының нәтижесі бойынша Жеңімпаздар мен қатысушылардың жұмыстарына Көрме ұйымдастырылады.
8. Байқауға қатысушы үміткерлер

берілген үлгі бойынша тапсырыс береді


Аты-жөні

тобы

Номинация

Сурет саны

Байланыс деректері



















©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет