Қазақстан үкіметінің экономикалық стратегиясы. - 1990-1991 жылдар ішінде-ақ кооперативтер, шағын кәсіпорындар, саудамен айналысатын фирмалар құрыла бастады.
- 1992 жылы Ресейде баға босатылды.
- 1992 жылы 6 қаңтарынан бастап Республика Президенті Қазақстанның Жоғарғы Кеңесі Президиумының келісімімен бағаны еркіне жіберу туралы жарлық шығарды.
- 1992 жылы бұрынғы Одақтың күйреуінен басталған өндірістің құлдырауы халық шаруашылығының барлық салаларын қамтыды.Өнім шығару 1991 жылмен салыстырғанда 14,8%-ға ұлттық табыстың көлемі 14,2%-ға кеміп кетті. Республика кәсіпорындарының тең жарымынан астамы өнім шығаруды күрт төмендетті. Электр қуатын өндіру 3,9%-ға кеміді.Шойын қорыту 5,8%, болат 4,9%-ға, темір кенін өндіру 20%-ға қысқарды.
- Мұнай алу азайды.Газ өндіру артпады.Машина жасау мен химия өнеркәсібі салаларында, орман, ағаш өңдеу және целлюлоза-қағаз өнеркәсібінде, құрылыс индустриясында өндіріс қарқыны айтарлықтай баяулады.Халық тұтынатын тауарлар өндіруде де күрделі жағдай қалыптасты.Аяқкиім кәсіпорындарының жұмысы іс жүзінде тоқтап қалды.
Ұлттық валютаны айналысқа енгізілуі. - 1993 жылы 15 қараша күні Президент Н.Ә.Назарбаев ҚР Конституциясы мен Жоғарғы Кеңес берген өкілеттілігіне сәйкес елімізде ұлттық валюта-теңгені айналысқа енгізу туралы жарлыққа қол қойғаның хабарлады.
Айналымға шыққан теңгелер. ҚР Президенті “Жаңа оңжылдық-жаңа экономикалық өрлеу-Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері”жолдауының 3 бөлімінде “2020 Стратегиялық жоспары-Қазақстандық көшбасшылыққа апарар жол” ҚР бүгінгі экономикасына толық бағыт-бағдар берілген. - Жолдау бойынша атқарылатын істер:
3.1 Экономиканы әртараптандыру-табыс кілті. 3.2 Сауатты сауда саясаты-экономиканың бәсекеге қабілеттілігіне қолдау. 3.3 Инвестициалар тарту. 3.4 Кәсіпкерлік-жаңа экономиканың қозғаушы күші. 3.5 Отандық тауарлар-2020 жоспарын жүзеге асырудың табыстылық индикаторы. 3.6 Өңірлердің дамуы-елдің дамуы.
Достарыңызбен бөлісу: |