.Кәсіпорындағы жоспарлаудың жіктелуі
Жылдық жоспар стратегиялық жоспар негізінде 1 жыл мерзімге жасалады. Кәсіпорынның алдағы жылы дамуын көрсететін жоспарлы құжаты ретінде өндірістік-шаруашылық қызметінің жылдық жоспары қабылданады.
Қазіргі кезеңде жылдық жоспарды құрудың негізгі ерекшелігі -кәсіпорынның өз қалауынша өнімді өндіру және сату көлемдерін анықтауы, өндірістің дамуына қаражат көздерін және күрделі қаражат құюды іздестіруі. Мұндай жағдай кәсіпорынға алдын-ала өнім өткізу келісім-шарттарын құруын талап етеді.
Жылдық жоспар 2 кезеңде құрылады: дайындық және соңғы.
Жоспар құруға дайындық кезеңі жоспарлы жылдан 6-7 ай бұрын басталады.
Бірінші кезеңде төмендегі жұмыстар атқарылады:
· өткен кезеңдегі кәсіпорын қызметіне өндіріс резервтерін анықтау мақсатында көлемдік және сапалық көрсеткіштері бойынша технико-экономикалық талдау жүргізіледі;
· жоспарлы жылдың басына негізгі және айналым қорларының жағдайын және қалдығын анықтау мақсатында инвентаризациясы жүргізіледі;
· еңбек, материалдар т.б. шығындар бойынша прогрессивті технико-экономикалық нормалар мен нормативтер анықталады;
· нақтылы мақсаттар бойынша ұсыныстар жинақталады және кәсіпорынның жалпы стратегиясымен үйлестіріледі;
· кәсіпорын бөлімшелерінде жүзеге асырылатын іс-шаралар қаралып, нәтижелері жоспарлы шешімдерді негіздеуде пайдаланылады.
Екінші кезеңде жоспарлау-экономикалық бөлімі жылдық жоспардың әр бөлімі бойынша негізгі көрсеткіштерін есептейді де, кәсіпорынның құрылымдық бөлімшелерінің қарауына жібереді. Бөлімшелер жоспардың негізгі бөлімдерінің жобасын жасайды. Жоспарлау бөлімі ресурстар мен жоспарды орындау мерзімін үйлестіріп, жоспардың соңғы нұсқасын жасайды.
Жылдық жоспар кәсіпорын ұжымының өндірістік, шаруашылық және әлеуметтік қызметінің толық бағдарламсы ретінде қарастырылады. Жоспар бөлімдерінің құрамы және негізгі көрсеткіштері кәсіпорын ерекшелігіне және мамандандыру бағытына байланысты болады.
Жылдық жоспардың негізін кәсіпорынның стратегиялық жоспары және жоспарлы кезеңге кәсіпорын тапсырыстары құрайды. Тапсырыстар негізінде өнімді өндіру және өткізу жоспарлары құрылады. Бұл жоспар жылдық жоспардың басқа бөлімдерінің (өндірістік шығындар, пайда және рентабельділік, материалды-техникалық қамтамасыздандыру, персонал және еңбекақы қоры, әлеуметтік қамсыздандыру қорының жоспарлары және кәсіпорынның қаржылық жоспары) негізіне алынады.
Жылдық жоспар бөлімдерінің қысқаша мазмұны.
Нормалар мен нормативтер.Жылдық жоспар негізіне ғылыми негізделген шикізат, материалдар, отын, электр қуаты, жанды еңбек, еңбек құралдары шығындарының нормативтері алынады. Олар ғылыми-техникалық өзгерістерге сәйкес жыл сайын қайта қаралады.
Өнімді өндіру және өткізу жоспарыныңнегізгі мақсаты - өнімді өндіру - өткізудің оңтайлы көлемдерін анықтау; өнімге сұранысты қанағаттандыру; өндірістік қуаттылықты, негізгі қорларды, материалдық және еңбек ресурстарын тиімді пайдалану.
Өндірісті материалды-техникалық қамтамасыздандыру жоспары.Жоспарда қажетті қосымша материалдар, жартылай фабрикаттар, инструмент, отын, электр қуаты т.б. ресурстар көлемі көрсетіледі. Жоспарда өндірісті қамтамсыз ету мақсатымен бірге жөндеу жұмыстарын қамтамасыз ету, өндірістік резерв қорын жасау, жаңа техниканы өндіріске енгізу және күрделі құрылысты қамтамасыз ету мақсаттары қарастырылады.
Ресурстар және еңбекақы қорының жоспары.Жоспарда жұмыскерлер саны, еңбекақы қоры және еңбек өнімділігі көрсетіледі; негізгі мақсаты – еңбек өнімділігінің өсу қарқынының еңбекақының өсу қарқынынан асып түсуін қамтамасыз ету.
Өндірістік шығындар, пайда және рентабельділік жоспары.Өндірілетін негізгі өнімдердің өзіндік құны калькуляцияланады және кәсіпорын бойынша өнім өндірісіне шығындар сметасы құрылады. Өндірілетін өнімнен пайда және рентабельділігі анықталады. Өнімге баға құру базасы анықталады.
Инвестиция құю жоспары.Жоспарда жаңа техниканы, технологияны игеру, өнім сапасын жақсарту, өндірісті механикаландыру және автоматтандыру т.б. шаралар қарастырылады. Инвестиция құю жоспары бойынша әр іс-шараның экономикалық жағынан қаражат көздері көрсетіліп негізделуі қажет.
Күрделі құрылысқа инвестиция құю жоспарындакәсіпорынға мақсаттық қаражат қажеттілігі негізделеді, жүзеге асыру нәтижесінің тиімділігі есептеледі.
Кәсіпорын ұжымының әлеуметтік даму жоспары.Жоспарда ұжымның әлеуметтік дамуының актуалды мәселелері қарастырылады (жұмыскерлердің үй-тұрмыстық, еңбек ету және қорғау жағдайларын жақсарту т.б.).
Табиғи ресурстарды қорғау жоспарындаәуе және су бассейндерін қорғау, жерді тиімді пайдалану, т.б. табиғи ресурстарды қорғау шаралары қарастырылады.
Кәсіпорынның қаржылық жоспарытабыстар мен шығындар балансы түрінде жасалады. Жоспардың негізгі көрсеткіштері жылдық жоспардың барлық бөлімдерімен үйлестіріледі.
Жылдық жоспардың негізгі бөлімдері кез келген кәсіпорынға тән болады. Бірақ, кәсіпорын саласының ерекшелігіне сәйкес «Өнімді өндіру және өткізу», «Материалды-техникалық қамтамасыздандыру», «Өндірістік шығындар» жоспарларын құру әдістері бойынша айырмашылық болуы мүмкін.
Жылдық жоспар төмендегідей бөлімдерден тұрады:
· жерді пайдалану;
· өсімдік шаруашылығының өндірістік бағдарламасы;
· мал шаруашылығының өндірістік бағдарламасы;
· энергетика;
· еңбек;
· негізгі құрал-жабдықтардың амортизация және жөндеу шығындары;
· өндірісті ұйымдастыру және басқару (жалпы шаруашылық және жалпы өндірістік шығындардың жиынтығы) шығындары;
· қаржылық жоспар.
Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының өндірістік-қаржылық жоспарын құруда ауыл шаруашылығы өндірісінің ерекшеліктері ескерілуі қажет.
Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында өзара тығыз байланыстағы өсімдік және мал шаруашылығы, мал азығы өндірісі салалары қалыптасуда. Әр сала әртүрлі ауыл шаруашылығы дақылдарын немесе мал өнімі түрін өндірумен айналысады. Дақылдар өндіріс технолгиясымен, машина жүйесімен және өндірістік процесті ұйымдастыруымен ерекшеленеді. Мал шаруашылығында сүт және ет өндірумен айналысатын ірі қара мал, шошқа, қой, жылқы, құс т.б. шаруашылық салалары қалыптасады. Мал өнімдерінің өндірісі де технолгиясымен, машина жүйесімен және өндірістік процесті ұйымдастыруымен ерекшеленеді.
Өндірістік шығындарды жоспарлау мақсатында технологиялық карталар жасалады. Өсімдік шаруашылығында технологиялық карталар әр дақыл түріне жасалады. Картада дақыл технологиясына сәйкес барлық жұмыс түрі бойынша көлемі, агрегат құрамы, машина маркасы және жұмыскерлер саны, еңбек өнімділігі көрсетіледі; еңбекақы қоры, техниканың амортизация және ағымдық жөндеу шығындары, жанармай шығындары есептеледі.
Жылдық жоспардың негізгі көрсеткіштерін есептеудің тиісті тәртібі қалыптасқан. Алдымен жер ресурстарын пайдалану және трансформациялау жоспарланады, ауыл шаруашылығы дақылдарын ауыспалы егіс алқаптарында орналастыру қарастырылады.
Жоспарлау процесінде ауыл шаруашылығы өндірісінің негізгі салаларының тепе-теңдігін, үйлестігін және байланысын қамтамасыз ететін баланстық әдіс жиі қолданылады.
Кәсіпорында баланстың 3 түрі жасалады: материалдық (натуралды), бағалық және еңбек ресурстары баланстары.
Материалдық баланста өнім түрлері бойынша өндірістік көлемі және пайдалануы көрсетіледі. Жер ресурстарының, өсімдік және мал шаруашылығы өнімдерінің, тыңайтқыш т.б. өнімдердің натуралды балансы жасалады.
Бағалық баланста ақшалай қаражаттың түсімдері мен шығындарының, айналым құралдарының т.б. баланстары жасалады.
Еңбек ресурстарының балансында жұмыс күшінің және қажеттілігін қамтамасыз ету көздері көрсетіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |