Бизнес жүйесіндегі маркетинг



бет1/13
Дата23.09.2022
өлшемі86.85 Kb.
#461210
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Бизнес негіздері


Бизнес жүйесіндегі маркетинг.
ü Кәсіпкерлік қызметтің теориясы және кәсіпорынның ұйымдық нысандары.
ü ҚР экономикасындағы шағын және орта бизнестің рөлі.
Мақсаты: Бизнес жүйесінің және оның интеграциялық қасиеттерін ашу және түсіндіру, кәсіпорынның түрлерімен танысу.
Негізгі ұғымдар: бизнес, кәсіпкерлік, бизнес-жоспар, венчурлық капитал, инвестициялық тартымдылық, маркетинг, менеджмент.
Бизнес – бұл барлық шаруашылық иелерін қамтитын және олардың іс-әрекеттерін бір арнаға біріктіретін жүйе. Бизнес субъектілері:
· Кәсіпкерлер, яғни өзінің тәуекелі және экономикалық және құқықтық жауапкершілігі есебінен бастамашыл әрекетін жүзеге асыратын тұлғалар;
· Өнімнің жеке және ұжымдық тұтынушылары;
· Жалдану арқылы қызмет істейтін жұмысшылар;
· Мемлекеттік құрылымдар, яғни олар келісім-шарттардың қатысушысы болған уақытта (мемлекеттік тапсырыстардың берілуі, бағалардың анықталуы және т.б.)
І. Кәсіпкерлік бизнес.
Кәсіпкердің іскерлік мүддесі – табыс алу – өндіріс арқылы және өнімді сату арқылы жүзеге асады. Оның негізін өндіріс құралдарына деген жеке меншік құрайды.
Кәсіпкерлік бизнесі негізгі 3 компонеттен тұрады:
· Өнімді шығару;
· Коммерция(сауда);
· Сауда делдалдығы.
Бизнес және кәсіпкерлік түсінігі
Кәсіпкерліктің теориялық концепциясы алғашқы рет Р.Кантиллион (1725г) жұмыстарында сипатталды. Келесі 250 жыл аралығында кәсіпкерлік теориясы көптеген ғалымдар мен экономистердің еңбектерінде жетілдірілді. Нәтижесінде кәсіпкерлік дегеніміз – жаңа кәсіпорын құру, яғни адамның тәуекелдікке және жаңалыққа бейімділігінен кең мағналы түсінік деген пікірге тоқталды.
«Кәсіпкерлік» термині алдымен тәуекелдікпен байланыстырылды, ал кәсіпкердің өзін өнім өндірісіндегі және өткізудегі өзіне тиісті тәуекелдікті және жауапкершідікті алатын адаммен байланыстырылды.
Р.Кантиллион. Егер адамды тиісті төлемдегі, үстеме ақылы жұмысы қанағаттандырмаса өз ойларын жүзеге асыру жолдарын іздестіреді де, нәтижесінде кәсіпкер атанады.
Н.Бауденің пікірінше тауар өндірушілер мен фермерлердің жетістігі негізінен жаңалыққа, яғни инновациялық менеджментке бейімділігіне тікелей байланысты болады; еңбек өнімділігін көтеруде ғылым мен технологияның маңызын атады. Айырмашылығы: меншік иелері – тек кәсіпкерлерді қаражатпен қамтамасыз етеді, ал кәсіпкерлер – қаражатын қажетті ресурстарды сатып алуға және жұмысшылардың еңбекақысына жұмсауға тәуекелде болады; кәсіпкерлерді өндірісті қалай ұйымдастыруды оқытудың қажеттілігіне және мемелекеттің аталған мақсатты қолдауына көңіл аударды.

Ж.Б.Сэй пікірі бойынша кәсіпкерлердің төмендегідей қасиеті және дарыны болуы қажет:


· қарызын өтей алатындық, сақтық, адалдық, тұрақтылық
· қарызға қаражат көзін таба білу, уақытында несиесін қайтара білу
· бизнесте әділдік, табандылық және білімділік көрсете білу
· кез келген тауардың, жобалық сұраныстың маңыздығын, ерекшелігін бағалай білу
Кәсіпкерлердің алдына қойған мақсаттарына сәйкес және экономикалық көрсеткіштерін бақылай отырып ғалымдарды тарту, қажетті материалдарды сатып алу, тұтынушыларды табу жолдарын білуі қажет, яғни басқару өнері болуы қажет; өнімді нарықта өткіуден бұрын өнімнің құнын және бағасын дұрыс есептеуді білуі қажет т.б.
Қорыта келгенде: Кәсіпкерлік – азаматтардың және заңды тұлғалардың тауарға (жұмыс, қызмет) сұранысты қанағаттандыру арқылы таза табыс алуға бағытталған , тәуекелді және мүліктік жауапкершіліктегі инициативті қызметі .
Кәсіпкерліктің негізгі принциптері:
· кәсіпкерлік қызметінің еркіндігі
· жеке және мемлекеттік меншіктердің теңдігі
· арамдық бәсекелестікке тиым салынады, монополиялық қызмет реттеледі және заңмен шектеледі
· кәсіпкерлікке мемлекеттік реттеу: тікелей (әкімшілік әдістермен), жанама (экономикалық әдістермен)


· заңдардың қатаң орындалуы
Кәсіпкерлік қызметінің негізгі нышандары:
· мүліктік және ұйымдастырушылық еркіндігі
· тәуекелге бейімділік
· жүйелі табыс табу (тауар, жұмыс, қызмет сатудан)
· міндетті тіркелу
· кәсіпкерлер мен тұтынушылардың құқығын қорғау
Кәсіпкерлік қызметінің ортасы:
· өмір сүру мерзіміне сәйкес:
- жаңа фирмалар
- қалыптасқан фирмалар
· көлеміне сәйкес:
- ірі корпорациялар
- шағын фирмалар
- орташа фирмалар
· өсу қарқынына сәйкес:
- баяу қарқынды фирмалар
- тез қарқынды фирмалар
қызмет көрінісіне сәйкес:
- пайда алатын ұйымдар
- пайдасыз ұйымдар
Жеке кәсіпкерлік туралы» заңына сәйкес шағын, орта және ірі бизнеске төмендегідей анықтамалар қабылданды.
Шағын кәсіпкерлік субьектісіне:
· заңды тұлғалар құрмайтын жұмыскерлерінің жылдық орташа саны 50 адамға дейінгі жеке кәсіпкерлер
· жеке кәсіпкерлікпен айналысатын заңды тұлғалар (шаруашылық серіктестіктері – толық, коммандитті, өндірістік кооперативтер):
- жұмыскерлерінің жылдық орташа саны 50 адамға дейінгі
- жылдық активінің құны 60000-үлестегі АЕК-ке дейінгі
Шағын кәсіпкерлік субьектілерінің жұмыскерлеріне барлық жұмыскерле, о.і. келісім-шартпен және қосымша жұмыс істеушілер, кәсіпорын филиалдарының, бөлімшелерінің жұмыскерлері кіреді.
АЕК жыл сайын «Республикалық бюджет» заңында тағайындалады.
Шағын кәсіпорын активіне субьектінің бағаланған және бухгалтерлік баланста тіркелген мүліктік және жеке мүлік емес құқықтары жатады.
Орта кәсіпкерлік субьектісіне:
· заңды тұлғалар құрмайтын жұмыскерлерінің жылдық орташа саны 50 адамға дейінгі жеке кәсіпкерлер
· жеке кәсіпкерлікпен айналысатын заңды тұлғалар:
- жұмыскерлерінің жылдық орташа саны 50 – 250 аралығында
- жылдық активінің құны 325000-үлестегі АЕК-ке дейінгі
Ірі кәсіпкерлік субьектісіне:
· жеке кәсіпкерлікпен айналысатын заңды тұлғалар:
- жұмыскерлерінің жылдық орташа саны 250 – ден жоғары
- жылдық активінің құны 325000-үлестегі АЕК-тен жоғары
ШБ-тің негізгі артықшылықтары:

· қарқындылығы


· икемділігі
· өндірістік бағытын тез өзгерту мүмкіндігі
· барлық қызмет салаларындағы жаңалықтарды тез қабылдау мүмкіндігі
Шағын кәсіпкерлік субьектілері жоғарыда көрсетілген критерийлерден тыс шығатын жағдайда заңды тұлғалар тиісті жеңілдіктерінен айрылады да, әдеттегі заңды тұлғалар тәртібіне ауысады.
ШБС-лері төменде көрсетілген қызметтерден басқа кез келген қызмет түрлерімен айналыса алады:
· наркотиктер мен психотробты затттар айналымы
· подакцизді өнімдер өндірісі мен көтерме саудасы
· астықты қабылдау пункттерінде сақтау, лоторея ойынын жүргізу
· ойын-сауық және шоу-бизнес
· сертификаттау, метрология және сапаны басқару салаларында
· мұнай, мұнай өнімдерін, газ, электр және жылу қуатын шығару, өңдеу және сату
· банк қызметімен және сақтандыру нарығында бизнеспен шұғылдану (сақтандыру агентінің қызметінен басқа)
· аудиторлық қызмет және құнды қағаздар нарығында профессионалды қызмет ету
ШКС-лері бірнеше қзмет түрімен айналысқан жағдайда негізгі қызмет бағыты жылдық тауар айналымындағы ең үлкен үлестегі қызмет түрімен анықталады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет