Бизнес жүйесіндегі маркетинг



бет6/13
Дата16.09.2022
өлшемі87 Kb.
#460838
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Бизнес негіздері

Жедел жоспар
Жедел жоспарлау ішкішаруашылық жоспарлаудың негізі болып есептеледі. Жедел жоспарларда кәсіпорынның жылдық жоспары еңбек, материалды және қаржы ресурстарын тиімді пайдалану мақсатында орындаушыларына және орындау мерзіміне сәйкес бөлінеді.
Жедел жоспарлаудың негізгі мақсаты - өнім өндірісінің барлық звеноларының үйлестігін қамтамасыз ету.
Өндірістік жедел жоспарының мазмұны төмендегідей:
· өндірістің прогрессивті нормативтерін есептеу, тағайындау;
· әр технологиялық операцияның орындалу уақытын анықтау;
· жоспарлы тапсырыстарды цехтарға бөлу;
· өнім өндірісінің календарлық үрдісін құру;
· жоспарлы үрдістердің орындалуын бақылауды енгізу;
· өндірістік процесс барысын жедел реттеу және диспетчерлеу.
Жедел жоспар төмендегі принциптерге сәйкес жасалады:
· өндірістің барлық звеноларының ритмді жұмысына жағдай жасау;
· өндіріс кезеңдері бойынша еңбек заттары қозғалысының үзілістерін мейлінше қысқарту;
· қондырғылардың біркелкі өнімділігін қамтамасыз ету.
Жұмыс мазмұнына сәйкес жедел жоспарлау түрлері:
· өнім (жұмыс, қызмет) көлемдерін есептік тексеру және жұмыс мазмұнын анықтау мақсатындағы күнтізбелі жоспарлау;
· өндірістік процесс барысын үздіксіз бақылау мақсатындағы өндірісті жедел реттеу жоспары.
Пайдалану аясына байланысты жедел жоспарлау түрлері:
· цехаралық жоспарлау – цех бойынша өнім өндірісінің күнтізбелі жоспар үрдісін құруды қамтамасыз етеді;

· цех ішіндегі жоспарлау - әр жұмыс орны бойынша күнтізбелік тапсырыстарды анықтауға мүмкіндік береді.


Ауыл шаруашылығының өндірістің маусымдық айырмашылығына, кейбір технологиялық процесстерді бір уақытта бірнеше дақылдарда оптималды (қысқа) мерзімде орындалуына байланысты өзіндік ерекшелігі бар. Сондықтан ауыл шаруашылығының барлық салаларында, бөлімшелерінде өндірісті тиімді өзара байланыста жүргізу мақсатында жедел жоспарлар жасалады.
Өсімдік шаруашылығында технологиялық карталар, ауыл шаруашылығы жұмыстарының кезеңдеріне жұмыс жоспары, істелінетін жұмыс түріне жоспар-нарядтар, өнімді өткізуге және техниканы күтуге жедел жоспарлар жасалады.
Жұмыс жоспары көктемгі-күзгі дала жұмыстарына, егіс алқабын күту, дақылдарды жинау, күзгі-қысқы жұмыстарына жасалады.
Астық дақылдарын жинаудағы жұмыс жоспары төмендегідей тәртіпте жасалады:
· астық жинаудағы жұмыстар тәртібін құру;
· техника қажеттілігін жоспарлау;
· жұмыс күші қажеттілігін жоспарлау;
· жұмыскерлердің еңбекақы және еңбегін материалды ынталандыру жағдайларын тағайындау;
· нормалар мен нормативтерді анықтау;
· комбайндардың тиімді қозғалу маршрутын анықтау;
· комбайндардан қырманға және қырманнан элеваторға астық тасымалдаудың тиімді әдістерін анықтау;
· еңбек ету және дем алу ережесін құру
Өнімді өткізуге байланысты жедел жоспарда тауарлы өнім көлемі және жинау және өңдеу кезеңдерімен байланыстыра анықталатын нарыққа өткізу кезеңі көрсетіледі.


Қосымша және қызмет көрсететін өндірістердің (жөндеу шеберханасы, автопарк, қойма т.б.) жұмысына жоспар-үрдіс құрылады.
Қосалқы өндірісте жедел жоспар өнімді қабылдау, өңдеу және әртүрлі арналарға өткізу кезеңдеріне жасалады.
Жедел жоспарлар еңбек ресурстарын, тракторларды, ауыл шаруашылығы машиналарын және автопаркті пайдалану жоспарлары арқылы өзара байланыста болады.
Өсімдік шаруашылығында технологиялық карталар жасалады.
Типтік, нақтылы, жедел технологиялық карталар өнімнің әр түрі бойынша тиісті формада жасалады.
Типтік техкарта - жоғары өнімділіктегі машиналар мен қондырғылардың болашақтағы прогрессивті технологияға пайдалануын ескеретін прогрессивті техкарта.
Типтік техкарталар арқылы еңбек өнімділігін арттыру, өнімнің өзіндік құнын төмендету жолдары анықталады.
Нақтылы технологиялық карталар типтік техкарталар негізінде қазіргі жағдайында қалыптасқан технологиясына жасалдаы.
Нақтылы және перспективті техкарталарды салыстыру арқылы өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясындағы кемшіліктер, технологияны жетілдіру жолдары анықталады.
Жедел техкарталар ауыл шаруашылығы жұмыстарының маңызды және күрделі кезеңдеріне жасалады.
Техкарталардың мазмұны және құрылымы:
· негізгі технологиялық процесстердің тәртібі;
· әр жұмысты және операцияны агрономиялық (зоотехникалық) талаптарға сай орындау;
· жұмыс ұзақтығы (күн, жыл бойында: қысқы – 255 күн, жазғы – 110 күн);
· тәуліктік және жылдық жұмыс көлемі;
· машиналардың, қондырғылардың маркасы;
· жұмыскерлер саны (негізгі, көмекші);
· статья бойынша шығындар (еңбекақы, амортизация, жөндеу, электр қуаты, ЖЖМ, т.б. шығындар).
Техкарталарды жасау үшін төмендегідей деректер қажет:
· өнім түрі, өнімділігі;
· егіс алқабы;
· ттұқым с ебу, тыңайтқыш енгізу нормалары;
· бригадаға қажетті машиналар мен қондырғылардың құны, өнімділігі;
· амортизация, механизмдерді жөндеу нормалары;
· жұмыскерлердің тарифтік разрядтары, төлемдері;
· операцияларды орындауға қажетті уақыт шығындарының нормасы және т.б. нормативтер.
Жоспар-норядтар – бригаданың, жеке агрегаттың мерзімі (тоқсан, апта, 1-5 күн) көрсетілген жұмыс тапсырмасы. Аталған тапсырмада өнімділік нормасы, өнімділік нормасына төлем, нақтылы және норма бойынша ЖЖМ шығыны көрсетіледі. Сонымен қатар жоспар-нарядтар бір уақыт есептік құжат болып есептеледі, яғни жұмыстың орындалуын, еңбекақы және материалдық шығындары есебін көрсетеді. Жоспар-нарядтың түрлеріне тракторист-машинистің есептік парағын, жүргізушілердің жол парағын, құрылыстағы жоспар-нарядтарды атауға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет