Бизнес-жоспар


Техникалық жоспарлау 4.1 Орналасқан жері



бет3/16
Дата25.02.2016
өлшемі2.24 Mb.
#22416
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

4. Техникалық жоспарлау

4.1 Орналасқан жері


Ауылдық елді мекендерге жақын жерде орналасатын болады, ыңғайлы, коммуникация жүргізу және жұмысшылармен қамтамасыз ету мақсатында, маршруттық автобус жолаушылары клиенттер ретінде тартылады. Жол бойындағы қызмет көрсету мекені жанар-жағармай құю станциясына жақын орналасады.
Шамамен орналасқан жері 2- қосымшада көрсетілген.
Жол бойындағы қызмет көрсету орны жер телімінің алаңы 2000 ш.м. құрайды.
Жол бойындағы қызмет көрсету мекенінің құрылысына алынатын жер телімі сатып алуға немесе ұзақ мерзімді пайдалануға жалға алынады.

4.2 Ғимарат және құрылыс


Жол бойындағы қызмет көрсету мекенінің құрылымына келесі нысандар кіреді:


  • Қонақүй

  • 13 нөмірлі жатын бөлмелер

  • 2 бөлек душ және дәретхана

  • кір жуатын орын

  • кафе, ас мәзірінің ішінде ертеңгі, түскі, кешкі ас қарастырылған.

  • азық-түлік дүкені, сусындар және халық тұтынатын тауарлармен қамтамасыз ету. Автокөлікті орналастыруда күзеті бар автотұрақ ұйымдастырылған, 12 жүк автокөлігі мен 15 жеңіл көлікке арналған қоршалған тұрақ және бейнебақылау қарастырылған.

  • Дөңгелек жөндеу шеберханасы

Шамамен жол бойындағы қызмет көрсету мекеніндегі ғимарат пен құрылыстың шамамен орналасқан жері 3-қосымшада көрсетілген.


Қонақжай, кафе және дүкеннің жоспар сызбасы 4-қосымшада көрсетілген

4.3 Жабдық және құрал-саймандар


Жол бойындағы қызмет көрсету орны аумағында ғимарат пен жабдықтау құрылысына дейін алдын-ала дайындық жұмыстары мен құрылыс орнын тазартады.

4.4 Коммуникациялық инфрақұрылым


Электрмен жабдықтау

Жол бойындағы қызмет көрсету пунктінің территориясын электрлік қуатпен орталық электр жүйесінен электрмен жабдықтау қамтамасыз етіледі.


Сумен жабдықтау

Жол бойындағы қызмет көрсету орнының аумағы су құбырымен қамтамасыз етіліп,

тұтыну орындарына су сорғыш арқылы жеткізілетін болады.
Байланыс

Жол бойындағы қызмет көрсету орнын байланыспен қамтамасыз ету үшін, ұялы байланыс Beeline және Kcell қызмет операторлары аумағында болуы қажет.


Жол бойындағы қызмет көрсету орнының құрылысына, жабдықталуына және коммуникациялық инфрақұрылымына қарастырылған шығыстар 5- қосымшада көрсетілген.

5. Ұйымдастыру, қызметкерлерді басқару

5.1 Ұйымдастыру құрылымы


Кәсіопорынның ұйымдастыру құрылымы келесі негізгі ұйымдастыру бірліктерінен құралады:

  • Үйлестіруші, оның қызметіне қонақтарды қарсы алу, қонақжай нөмірлеріне орналастыру, қонақжайдың қосымша қызметтеріне сұраныс қабылдау (душ, кір жуу және т.б.), қызмет көрсететін қызметкерлердің жұмысын қадағалау.

  • Есепші, кәсіпорынның бухгалтерлік және салық есебін жүргізеді.

  • Аспазшы

  • Күзетші, оның қызметіне автотұрақ күзеті, жол бойындағы қызмет көрсету орнының аумағы, қысқы кезеңде жылу жүйесінің жұмыс жасауын қалыптастыру.

  • Қызметші әйел: қонақжай мен бөлмені жинастыру, аумақты жинастыру.

  • Сатушы

  • Дөңгелек жөндеу шеберханасының жұмысшысы.

5.2 Қызметкерлерге жұмсалатын шығыстарды есептеу


Штаттық кесте жобасы 4- кестеде көрсетілген.

4- кесте: Қажетті қызметкерлер және жалақы, мың. тнг.

Атауы

Саны, адам

Жалақы

Жыл б/ша барлығы

Әкімшілік










Үйлестіруші

2

60

1.440

Есепші

1

60

720

Қызмет көрсету қызметкерлері










Аспазшы

2

45

1.080

Күзетші

2

40

960

Сатушы

1

40

480

Қызметші әйел

2

35

840

Дөңгелек жөндеу шеберханасының жұмысшысы

1

40

480

Барлығы

11




6.000

Жол бойындағы қызмет көрсету орнының цехы өз жұмысын жеке кәсіпкер шеңберінде атқаратындығы жобада қарастырылған. Осыған сәйкес, жеке кәсіпкердің жалақысы есепке алынбайды.



Жол бойындағы қызмет көрсету пунктінің қызметкерлері жақын орналасқан елді ауылдардан қабылданатын болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет