Енгізу
Осы заманғы талап бойынша қоғамдық тамақтану қазіргі таңда біртіндеп индустрияланған түрге ауысып барады. Жақсы техникалық құралдармен жарақтандырылған заманауи кәсіпорындар салынуда; оларда дәуірлеу технологиялары пайдаланылуда, қызмет көрсетудің жаңа формалары қолданылуда.
Қазіргі кезде ұн өнімдерінен жасалатын кондитерлік өнімдер үлкен сұрыпталымды және жоғары сапалы болып ерекшеленетін болды.
Негізгі ұн өнімдерінен жасалатын кондитерлік тағам құрамында бірталай крахмал түріндегі көмірсуы, ұн, және де ақуыз бар. Крахмал адам ағзасында қантқа айналып, энергияның негізгі көзі, ал ақуыздар жасушамен теріні қалыпты тұрғызатын пластикалық материал болып табылады. Көптеген жағдайда ұн өнімдерінен жасалатын кондитерлік тағамдарға қант қосады соның әсерінен олар көмірсулармен байытылады. Жұмыртқа – көптеген тағамдарды дайындауда пайдаланылады, құрамында ақуыз, май және дәрумендер бар.
Кондитерлік тағамдарға жұмыртқаны, майды (маргарин) немесе құрамында май бар тағамдар (сүт, қаймақ, қоюланған сүт) пайдаланудан құрамындағы дәрумендер мөлшері көтеріледі.
Соңғы уақытта тұрғындар дайын немесе жартылай фабрикат ұн өнімдерінен жасалған кондитерлік тағамдарды алу сияқты беталыс басымырақ болып отыр.
Осындай қызмет түрі жетілген мемлекеттерде өте көп таралған.
Осыған сәйкес аталған жобада дайын өнімдерді жүзеге асыру түріндегі кондитерлік шағын цех ашу мүмкіншілігі қарастырылуда.
-
Жоба тұжырымдамасы
Бұл жоба тұжырымдамасы дайын өнімдерді жүзеге асыру пунктімен торт және тәттә тоқаш өнімдерін шығаратын шағын кондитерлік цех құру болып табылады.
Өндіріс жанынан дүкен ашу сатып алушыларға әрқашанда жаңа әзірленген өнімдерді сатып алумен қатар тиімді бағаға сатып алуға мүмкіндік береді
Кондитерлік цехтың негізгі өндіретін өнімі бисквиттен, қант ұнтағынан, қатпарланған қамырмен араластырылып дайындалған әр түрлі кремдері (ақуызды, майлы) бар торт және тәтті тоқаш,. Келешекте өндірілетін өнім сұрыпталымына нан өнімдерінен дайындалатын өнімдер (бөлішке, бәліш және т.б.) қосылуы мүмкін.
Кондитерлік цехтың жоспарлауымен мақсатты топ болып оның орналасқан жері бойынша орталық аудандардың тұрғындары және де жақын орналасқан пунктер.
Кондитерлік цех магазинмен жалпы аудан 70-80 шаршы метр болатын тұрғын жайда орналасады.
Кондитерлік цех мейрам күндері торттарға тапсырыс алу қызметін жүзеге асырады.
Осы аталған бизнес-жоспарда жоспарланғандай мекеменің айналымын жеке кәсіпкерлік қызмет түріндегі жеңілдетілген тәртіпте жүзеге асыру ұсынылады.
Осы аталған бизнес-жоспар бұл басшылыққа алудың соңғы варианты болып табылмайды, тек осындай бизнес-идеяны жүзеге асырудың әлеуетті мүмкіншілігін көрсетеді. Сондықтан осы жобаны жүзеге асыру кезінде шығарылатын өнімнің сату бағдарламасы және өнімнің ассортименті де өзгеруі мүмкін.
2. Өнім сипаттамасы
Аталған жобада ұн өнімдерінен жасалатын кондитерлік цех құру қарастырылған.
Ұн өнімдерінен жасалған кондитерлік тағам жоғары калориялылығымен, дәмімен және сыртқы түрінің келбеттілігімен ерекшеленеді. Ұн өнімдерінен жасалған кондитерлік тағамдар құндылығының жоғарылығы ол құрамында бірталай көмірсудың болуына байланысты.
Жоспарланған кондитерлік цех сұрыпталымы 1- кестеде көрсетілген
1-кесте: Кондитерлік цех сұрыпталымы
Атауы
|
Түрі
|
Торттар
|
бисквитті
|
шоколад қосылған
|
«Ертегі»
|
жаңғақ қосылған
|
үгілмелі
|
цукат және жаңғақ қосылған
|
қатпарлы
|
креммен
|
Тәтті тоқаш
|
бисквитті
|
майлы крем жағылған
|
үгілмелі
|
цукат қосылған желе және жеміс қосылған
|
қатпарлы
|
сары май-қаймақ қосылған креммен
|
қайнатылған
|
эклерлер
|
Жоба бойынша ұсынылып отырған сұрыпталым түрін қамырдың әр түрін әртүрлі креммен және өңдейтін материалдар қосу , сонымен қатар өлшенентін десертті өнім, кекс, рулет өндіру арқылы ұлғайтуға болады.
Тәтті тоқаштың орташа салмағы 55 – 100 г. дейін болады. Торттар 500- ден 2 кг. дейін стандартты салмақпен шығарылады.
Өнімнің сақталу мерзімі +6,+8*C температуралық салқындау камерасында 72 сағат.
3. Өндірістік және сату жоспары
Аптада 6 жұмыс күні және 1 күнде 8 сағат жұмыс күні болады деп есептеген кезде, 2012 жылдан бастап 6 727 кг торт және 3 137 тәтті тоқаш шығарылады деп жоспарланды.
Айына 507 кг торт және 233 кг тәтті тоқаш шығарылады деп жоспарланды. Желтоқсан және наурыз айларында, мерекенің көп болуына байланысты 820 кг торт және 388 кг тәтті тоқаш шығарылады.
-
кесте: Өндіріс көлемі, кг
Жылдар
Атауы
|
2011 ж.
|
2012-2020 жж.
|
Торт
|
2.418
|
6.727
|
Тәтті тоқаш
|
1.190
|
3.137
|
Барлығы
|
3.608
|
9.865
|
Ай сайынғы өндірістік жоспар Қосымшада 1 берілген.
Достарыңызбен бөлісу: |