Бизнес ответ


Бизнес-жоспарларды әзірлеу және талдауды бағдарламалық қамтамасыз ету



бет37/73
Дата13.12.2022
өлшемі5.38 Mb.
#467157
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   73
Бизнес ответ

68. Бизнес-жоспарларды әзірлеу және талдауды бағдарламалық қамтамасыз ету
Кәсіпкерліктің аса өзекті мәселелерінің бірі болып бүгінгі күні бизнес-жоспарлар әзірлеу саналады. Шетелде ғана емес, бізде де осы тақырыпқа жарияланымдар мен кітаптардың көп жазылуы кездейсоқ емес. Бизнес-жоспардың тарауларына тікелей көшпес бұрын, олардың негізгі қолданылу мақсатын түсініп алу керек. Бизнес-жоспарды әзірлеуге ықпал ететін негізгі факторларды қарастырайық, олар:

  • Бизнестің күрделілігі. Шағын шаруа қожалығының бизнес-жоспары шығарылатын өнімінің көлемі үлкен, құрал-жабдықтары да, есеп-қисаптары да күрделі ірі кәсіпорынның бизнес жоспарынан айтарлықтай дәрежеде өзгеше болады.

  • Бәсеке деңгейі. Егер кәсіпорын қиын бәсекелестік жағдайда жұмыс істесе, бәсекелестер тарапынан қатты қысым сезінбейтін кәсіпорындармен салыстырғанда, ол бизнес-жоспар әзірлеген кезде ұқыптырақ және мұқияттырақ болуға тиіс.

  • Айқынсыздық деңгейі. Кейбір кәсіпорындар жылдам өзгеретін, тұрақсыз ортада жұмыс істейтіндіктен, бұл жоспарлау үдерісін қиындатады, ал, керісінше, орнықты жағдайларда жұмыс істейтін кәсіпорындарға келешектегі қызметін болжау айтарлықтай оңай.

  • Кәсіпкер және оның менеджерлер командасы. Бизнес-жоспар кәсіпкер мен оның командасының бизнес ішінде де, сыртқы ортада да күрделі қарым-қатынастарды аңдау қабілеттеріне және кәсіпорынның стратегиясы мен тактикасын дұрыс тұжырымдай білетініне байланысты.

69. Кәсіпорында бизнес-жоспарлауды енгізудің мақсаттары, міндеттері мен кезеңдері

Бизнес-жоспары шындығында болашақ көз қараспен қарағанда, бүкіл корпорацияның үдеуімен қарастырылу қажет, себебі нақты бір тұлға ешқандай іс-әрекет бере алмайды. Жеке кәсіпорынның негіздеушісі, өзінің жеке жоспарларын ұйымның стратегиясымен пайдалы күйде тоғыстыра алады. Ал, кей кезде корпорацияның басшысы, мүмкін, өзіне реактивтік ұшақ, екі жағалаудағы үлкен үй, әдемі жұмыс бөлмесін сатып алғысы келсе, онда бұл, ұйымның жалпы өрлеуіне ешқандай пайда әкелмейді. Бизнес – жоспар қазіргі, болып жатқан жағдайлардың қадағалуынан негізделуі керек. Қазіргі бизнес дәуірінде тиімді бәсекелесу үшін, фирма нарық, сапа, бақталастың жайында көптеген хабар алып отыруы керек. Бизнес – жоспар фирмаға анықтаушылық, жекелік бере отырып, өзіне қарай анықталған, керекті мамандарды тартуға көмектеседі. Мақсатына байланысты, бизнес – жоспардың үш түрін көрсетуге болады:





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   73




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет