61. Бизнес-жоспардың мәні және функциялары
Бизнес-жоспар құжат ретінде кәсіпорынның өндірістік және әлеуметтік дамуының перспективаның жоспарын алмастыруға қабілетті. Сондықтан, бизнес-жоспар – бұл кәсіпорынның өндірістік-қаржылық қызметінің рентабельдігін арттырудағы статистикалық даму бағдарламасы. Бизнес-жоспар – бұл кәсіпкерлік жобаның негізгі формасы болып табылады.
Қазіргі экономикалық теория мен тәжірибеде бизнес-жоспар төрт түрлі функция атқарады:
Бірінші функция, бизнестің концепциясы мен стратегиясын дамыту мүмкіндігімен байланысты. Бұл функцияның міндеті кәсіпорынды құру кезеңінде жаңа іс-әрекет қажеттілігін дәлелдеуге саяды.
Екінші функция жоспарлау. Ол фирманың мақсаты мен міндетін дұрыс анықтауға, дамудың ағымдағы, орташа және ұзақ мерзімді бағыттарын белгілеуге, іс-әрекеттің жаңа бағыттарының даму мүмкіндіктерін бағалауға, даму процесін бақылауға, қауіп-қатер дәрежесін төмендетуге және қажетті түзетулер енгізуге мүмкіндік береді.
Үшінші функция өндіріс қуаттарын жасақтауға, ұлғайтуға және жаңартуға қажетті ақша қаражаттарын тартуға, жаңа технологияны енгізуге, шығарылатын өнімдердің түрін көбейтуге не өзгертуге және оның сапасын жақсартуға қызмет етеді. Бұл арқылы жобалардың жаңалануы және тәуекелділік дәрежесіне қарай капиталды жұмылдыру тәсілдері анықталады.
Төртінші функция фирманың жоспарын жүзеге асыратын, біріккен өндіріс жүргізіп, өз капиталын, ресурстары мен қолындағы технрлогиясын қоса алатын әріптес тартуға мүмкіндік береді. Кез-келген әріптес ең әуелі бизнес-жоспар негізінде компанияның даму бағытына сәйкес фирманың мүмкіндіктерін мұқият зерттеп алады.
62.Бизнес-жоспарды жасау мақсаты
Бизнес-жоспар негізгі мақсаты берілген бизнестің негізін салу және нақты кезеңге нәтижелерді бағалау. Осы тұрғыда бизнес -жоспар табысқа жету жолы болып табылады; Бизнес-жоспар бизнесті басқару және іс-әрекеттер бағытын анықтайтын құжат болып табылады. Бұл аспектіде бизнес-жоспар стратегиялық жоспардың және басқарудың орындалуы мен бақылаудың қажетті элементі.
Бизнес-жоспарды жоспарлау процесі және фирманың ішкі басқару инструменті ретінде қарастыруға болады. Сондықтан да бизнес-жоспар ылғи да өзгеріп отыратын құжат, ол фирманың жаңа еңгізулерге бағыттайды.
Бизнес-жоспардың негізгі мақсаты - берілген бизнес объектісің маркеттингтік синтез жағынан қарастыру арқылы стратегиялық шешімдерді анықтау. Бизнес-жоспарды дайындау басқа мақсаттары:
несие алу және инвестицияларды тарту;
белгіленген нәтежелерді орындау нақтылығының деңгейің анықтау;
жаңа фирма қайта құру және қызмететіп жүрген фирманың жұмысың қайта құру мақсатталатын дәлелдеу және тағы басқа.
Достарыңызбен бөлісу: |