Бизнес ответ


Кәсіпорында стратегиялық жоспарды жасау кезеңдері



бет64/73
Дата13.12.2022
өлшемі5.38 Mb.
#467157
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   73
Бизнес ответ

123. Кәсіпорында стратегиялық жоспарды жасау кезеңдері.
. Стратегиялық жоспарлау тізбекті-параллельді жүзеге асатын және келесідей төрт шешімді камтитын көп кезеңді үдеріс:
1. Бизнесті анықтау (өндірілетін өнімді, техника-экономикалық көрсеткіштерді ескере отырып, жұмыс пен қызметті, тұтынушылық қасиетін суреттейді, сол өнім нарығының көлемін бағалау, нарықты сегменттеу);
2. Бизнес миссиясы (рөлі) - олардың сандық өлшеміндегі кептеген зерттелген мақсаттар, яғни миссия - даму мақсатын көрсететін сандық өлшемдердің жиынтығы (сатылу көлемінің өсу карқыны, нарық үлесінің мөлшері, пайдалылық және табыстылық деңгейі, таза табыстың шамасы және ақшалай айналым көлемі және т.б.).

  1. Атқарымдық стратегия - еңбек ресурстары және қаржы, инвестиция, өндіріс, маркетинг, зерттеу облысындағы стратегия.

  2. Бюджеттеу - бағдарлама, жоспар, стратегияның жүзеге асуын қамтамасыз ететін бюджеттерді құру және ресурстарды бөлу жүйесін қалыптастыру.

Стратегиялық жоспарлау өзінің негізінде қабылданған жоспарлы шешімдерді жыл сайын реттеу, сондай-ақ осы жоспарларды орындау бойынша сәйкес шараларды қайта қарастыру. Осыдан келіп, стратегиялық жоспарлаудың ерекше белгісі көбінесе кәсіпорынның көлемі мен мөлшеріне негізделген жоспарлы кезеңнің икемділігі болып табылады.
124. Халықаралық маркетингтің мәні, маңызы.
 Халықаралық маркетинг негізінен маркетингтің жоғарғы мектебі болып табылады. Мұны былай түсіндіруге болады: егер экспорт әрдайым сауда ісін ұйымдастырудың жоғары деңгейлігімен көзге түссе, ал сыртқы нарыққа жұмыс істейтін кәсіпорындар маркетингтің жетістіктерін қолдануды өте қажет етеді.
Халықаралық маркетинг дегеніміз – бұл елден тыс орналасқан ұйымның тауарлар мен көрсетілген қызметтер маркетингі. Басқа сөзбен айтқанда, халықаралық маркетинг – бұл кем дегенде бір елдің сатып алушылары мен тұтынушыларына компаниялардың көрсететін қызметтерімен тауарлары ағымы бағытталатын іскерлік белсенділіктің бір түрі немесе көрінуі. Халықаралық маркетинг рынок белсенділігінің алуан түрлі нысандары үшін концепция әзірлеуді қарастырады. Ол тауарлардың басқа елдердің әр түрлі фирмалары арқылы өтуіне бағдарланған. Оған басқа мемлекеттерде өндірісті орналастыру жолымен шетел рыноктарын игеру мен өңдеу, сонымен қатар шетел рыноктарына кеңінен ену міндеті де тән болып келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   73




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет