Бүкіл әлемнің фирмалары мен компаниялары қызметке қажет ақпаратты сақтау және өңдеу үшін компьютерлерді қолданады



жүктеу 488.58 Kb.
бет1/3
Дата17.06.2016
өлшемі488.58 Kb.
  1   2   3



Кіріспе

Бүкіл әлемнің фирмалары мен компаниялары қызметке қажет ақпаратты сақтау және өңдеу үшін компьютерлерді қолданады.

Қолданушылар көзқарасы бойынша мәліметтер қоры – ақпаратпен жұмыс жасайтын бағдарлама. Бұл бағдарламаны іске қосқанда экранда кесте шығады, мұнда қолданушы өзіне керекті ақпаратты ала алады.

Бағдарламалаушылардың көзқарасы бойынша мәліметтер қоры – файл жиынтығы, осы жиынтық ақпаратты сақтайды.

Менің өз көзқарасым бойынша мәліметтер қоры – белгілі бір іс-әрекет жасауға болатын (қосу, жою, өзгерту, көшіріп алу, жүйелеу және т.б.) жүйеленген мәліметтердің үлкен көлемінің сақталатын жері.

Мәліметтер қорымен жұмыс істеуді үйрену арқылы адамзат өміріндегі ақпаратты сақтау бойынша көптеген мәселелерді дұрыс, тез әрі тиімді шешуге мүмкіндік алады. Ол ірі корпорация, техникалық завод, жеңіл өндірісінің фабрикасы, сауда орталықтары немесе кішігірім үй кітапханасы болсын мәліметтерді есепке алуға, оларды өңдеуге, сақтауға, қосуға, жоюға бағытталған әрекеттерге сұраныс міндетті түрде пайда болады.

Менің қарастыратын мәселем бұл студенттер туралы мәліметтер ұйымдастыру. Осы тақырыпқа мәліметтер қорымен байланысқан қосымшаны жазбас бұрын ең алдымен осы тапсырманы шешуге арналған тілдерді қарастырып, олардың ішінен ең тиімдісін таңдаған жөн болар еді, сондай-ақ жалпы мәліметтер қорларының не екенін, олардың мәні мен мағынасы неде деген сұрақтарға жауап беру қажет.

І Мәліметтер қоры туралы жалпы мағлұмат

Мәліметтер қоры. Ең бірінші мәліметтер қорының не екені, ол не үшін қажет, оның қолданылуы туралы және т.б. сұрақтарға жауап беруіміз қажет.

Мәліметтер қорындағы барлық мәліметтерді жазбалар немесе объектілер түрінде көрсетуге болады.

Мәліметтер қорларымен нәтижелі жұмыс жасау үшін қажет ақпаратқа қол жеткізуді, мәліметтер қорына белгілі бір өзгерістер енгізуді және мәліметтерге қолданылатын басқа да іс-әрекеттер орындауды қамтамасыз ететін бағдарламалық құралдар қажет. Бұл мақсатты орындау үшін Мәліметтер қорларын басқару жүйелері қолданылады.

Мәліметтер қорларын басқару жүйесі – мәліметтер қорының құрылуын, қолданылуын қамтамасыз ететін тілдік және бағдарламалық құралдардың жиынтығы.

Бүкіл мәліметтер қорларын басқару жүйелері екі топқа бөлінеді:



  • локальді;

  • желілік;

Локальді – бір компьютерде жұмыс істейтін мәліметтер қорларын басқару жүйелері. Оларға dBase, FoxPro, Microsoft Access және т.б. жатады.

Желілік – клиент-сервер технологиясының көмегімен мәліметтер қорын бірнеше компьютерлер қолданатындай мүмкіндік бар мәліметтер қорларын басқару жүйесі. Оған InterBase, Oracle, Microsoft SQL Server және т.б. мысал бола алады.




    1. Мәліметтер қорының құрылымы

Мәліметтер қоры – бұл бір тектес кретерий бойынша реттелген ақпарат. Мәліметтер қоры « қағаз » және компьютер түрінде көрсетілген.

Қағаз түріндегі мәліметтер қоры болып қарапайым кітапханадағы каталогтағы карточкалар болып табылады. Бұл карточкадағы ақпарат қана бір тектес (кітап туралы ақпарат қана болады) және тізбектелген (карточкалар реттеліп орналасқан, мысалы авторлар теги алфавит бойынша орналасқан) болып табылады.

Компьютерлік мәліметтер қоры файл түрінде және осы файлда ақпараттар болады.

Мәліметтер қоры жазбадан тұрады. Әр жазба бір экземпляр туралы ақпаратты сақтайды. Мысалы: « студент » мәлімет қоры бір экземпляр ақпараты сақтайды.

Жазбалар жолдардан тұрады. Әр жол бір экземплярдың мінездемесі туралы ақпаратты сақтайды. Мысалы: «студент» мәлімет қоры келесі жолдардан тұрады: фамилия, аты, теги, туған күні, туған жері, улгерімі, оқу түрі, мекен-жайы – бұл жолдардың аты. Көңіл аударған дұрыс, әр жазба бір жолдан тұрады. Кейбір жолдар толтырылмаған болуы мүмкін, бірақ та оалр бәрі бірдей жазбада болады.

Қағаз жүзіндегі мәліметтер қорын кесте түрінде көз алдымызға елестетуге болады. Кестенің әр жолы жазбаны сақтайды. Кесте бағандағы тұрған басты сөз – бұл баған аты, ал кесте жолындағы номер – жазба номері.





    1. Мәліметтер қорын құру

Мәліметтер қоры – бұл файл жиынтығы, осыда ақпараттар болады. Ереже бойынша мәлімет қоры бірнеше кестеден және ол бір каталогта орналасқаны дұрыс. Мәліметтер қорының жаңа каталогын қарапайым түрде құруға болады. Мысалы: провадник көмегімен. Кестені құру үшін Delphi тілінің утилиты Borland Database Desktor немесе SQL сұранысы қолданылады.

Мәліметтер қорының файлна кіру рұқсатын BDE кітапханасы файл орналасқан каталогтын атын емес, ал оның псевданимын қолданады. Жаңа мәліметтер қорын кестесін құрар алдында бұл мәліметтер қорынның псевданимын құру керек.

Мәліметтер қорын құру процессі келесі қадамдардан тұрады. Деп айтуға болады:


  1. Каталог құру;

  2. Псевданим құру;

  3. Кесте құру.




    1. Мәліметтер қорларының негізгі түрлері

Мәліметтердің сақталу принциптері бойынша мәліметтер қорын бірнеше негізгі типтерге бөлуге болады.:

  • иерархиялық;

  • желілік;

  • реляциялық;

Иерархиялық мәліметтер қорлары 60 жж басында қолданылды. Олар қарапайым ағаш түрінде құрылған. Осы жердегі мәліметтер екі категорияға бөлінеді: басты және бағынышты. Осылайша, объектінің типі басты, ал иерархияның төменірек сатыларында орналасқан объектілер – бағынышты болады. Иерархиядағы ең жоғарғы объект – түбірлі, ал басқалар тәуелді объектілер деп аталады.

Желілік мәліметтер қорлары. Олар иерархиялық мәліметтер қорларымен бір уақытта қолданыла бастады. Бұл қорларда кез келген объект басты да, бағынышты да бола алады.

Реляциялық (англ. Relation - қатынас) мәліметтер қоры 70 жж бастап, бағдарламалауда қолданыла бастады.Осындай қорларда объектілер мен олардың арасындағы байланыстар баған мен жолдардан тұратын тік бұрышты кестелер түрінде көрсетіледі. Әрбір кесте мәліметтер қорының объектісі болып табылады.

Реляциялық мәліметтер қорының кестелерімен келесі әрекеттер жасауға болады:



  • кестені құруға немесе оның құрылымын анықтауға:

  • кестенің құрылымын өзгертуге;

  • кестенің атын өзгертуге;

  • кестені дискіден жоюға;

Мен мәліметтер қорларының мысалы бола алатын кішігірім қосымшаны жазу мақсатында Delphi визуалды бағдарламалау тілін таңдадым. Себебі, осы тілдің басқа объекті бағытталған тілдерге қарағанда мәліметтер қорларымен жұмыс жасауға мүмкіншілігі көп.


    1. Delphi ортасы қолдайтын мәліметтер қорлары

Delphi ортасы қолдайтын мәліметтер қоры кестелерінің бірнеше форматтарын қарастырайық.

Delphi бағдарламалау тілінің өзіндік кестелер форматы жоқ, бірақ ол көптеген сыртқы форматтармен жұмыс істеуге мүмкіндік беретін құралдарға ие.

Delphi бағдарламалау тілі қолдайтын мәліметтер қорларының серверлік кестелеріне:


  • DB2;

  • Informix;

  • InterBase;

  • Microsoft SQL Server;

  • Oracle;

  • Sybase жатады.

Delphi бағдарламалау тілі қолдайтын мәліметтер қорының локальді кестелеріне:

  • Microsoft Access;

  • dBase;

  • FoxPro;

  • Paradox жатады.

Delphi көмегімен құрылған қосымша мәліметтер қорына BDE (Borland Database Engine) мәліметтер қорларының арнайы процессоры арқылы қол жеткізеді.

BDE – мәліметтерге қол жеткізуді қамтамасыз ететін драйверлер мен динамикалық түрде байланысқан кітапханалар (*.dll файлдары) жинағы.

Мәліметтер қорларының BDE процессоры dBase және Paradox типті мәліметте қорларының кестелерімен өте эффективті жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

Мәліметтер қорларының кестелеі мен қосымшаларының өзара орналасуына байланысты, мәліметтер қорларды екі үлкен топқа бөлуге болады:



  • локальді;

  • клиент-серверлік;

Локальді – кестелері, олармен жұмыс істейтін қосымшалар орналасқан компьютерлерде болатын мәліметтер қоры.

Локальді мәліметтер қорлармен жұмыс істейтін қосымшалар – бір ярусты (single-tiered applications) деп аталады, себебі қосымша да, мәліметтер қоры да бір компьютерде (яруста) орналасқан.

Кестедегі мәліметтерді алу сондай-ақ көп қолданушылық та бола алады. Осындай вариант сервер мен компьютерлер желісін көздейді. Мәліметтер қорын ұйымдастырудың бұл тәсілі файл-сервер деп аталады.

Осы архитектураның бірқатар кемшіліктері бар:



  • Мәліметтер қорларының көшірмелерін жасау жән олармен бөлек компьютерлерде жұмыс істеу үшін бүкіл мәліметтер қорының белгілі бір мерзім сайын жаңарту қажеттігі туады. Бұл желілік трафикті жоғарлатады және бүкіл жүйенің жылдамдығын азайтады;

  • Бір қолданушы мәліметтерді өзгерткен жағдайда олар басқа қолданушылардың мәліметтер қорларының локальді көшірмелеріне бірден бармайды, сондықтан кезкелген қолданушы ескірген ақпаратты көре алады;

  • Қолданушлардың жұмыстарын синхронизациялау қажет. Ол қолданушы жұмыс істеп жатқан жазбаларға басқа қолданушылар үшін уақытша тыйым салуға негізделуі қажет. Осылайша, бір жазбаға бірнеше компьютерден бір уақытта қол жеткізу мүмкін емес болады;

  • Мәліметтерді алуға бақылау жасауды ұйымдастыру, қолданушыны идентификациялау және мәліметтердің бүтіндігін қолдаумен бірқатар қиындықтар бар.

Келтірілген кемшіліктер клиент-серверлі мәліметтер қорында жоқ.

Клиент-сервер мәліметтер қоры – кестелер желінің серверінде орналасқан, ал осы кестелермен жұмыс істеуге арналған қосымшалар серверге қосылған қолданушлардың компьютерлерінде (клиент) орналасқан мәліметтер қоры.

Клиент-сервер мәліметтер қоры сұраулар көмегімен SQL (Structured Query Language) тілінде жұмыс істейді. SQL-сұраулар серверде орналасқан мәлметтер қоры кестелерімен жасалатын кез келген операциялары үшін орындалады.

Мәліметтер қоры клиент-сервер қосымшаларында бүкіл ақпараттық жүйе екі түрлі бөлікке бөлінеді:



  • Мәліметтер қоры клиенті;

  • Мәліметтер қоры сервері;

Мәліметтер қоры клиенті – сұрауларды қалыптастыру және серверге беруді, сондай-ақ алынған нәтижелерді көрсетуді қамтамасыз ететін қолданушының қосымшасы.

Мәліметтер қоры сервері – қашықтықтағы мәліметтер қоры басқаратын және клиенттердің сұрауларының орындалуы мен оның нәтижелерін беруді қамтамасыз ететін арнайы бағдарлама.

Клиент-сервер мәліметтер қоры жұмыс істейтін қосымшалар екі ярусты немесе көп ярусты қосымшалар (two-tiered and multi-tiered applications) деп аталады.

Осындай архитектураның келесі артықшылықтарын ажыратуға болады:



  • Бүкіл мәлімет қоры емес, тек қажетті ақпаратты жіберу. Бұл желінің трафигін төмендетеді.

  • Мәліметтермен жасалатын жұмыстың бір бағдарламамен, яғни мәліметтер қоры серверімен орындалатынына байланысты мәліметтердің қауіпсіздігін және қолданушылардың жеке топтары үшін ақпаратты алу құқығын орнату мүмкіншілігін қамтамасыз ету.

  • Мәліметтерді өңдеу мен оларды алу жолын қамтамасыз ету үшін қажетті кодты қысқарту есебінен клиенттік қосымшалардың қарапайымдалуы.

Сервер мен мәліметтер қорының өзін жүргізу үшін арнайы маман қажет. Оны мәліметтер қорының администраторы деп атайды.

Delphi мәліметтер қорларымен жұмыс істеудің күшті құралы болып табылады.




    1. Delphi және мәліметтер қоры

Delphi-де қорлармен жұмыс істеу үшін компоненттердің бірнеше жиынтықтары бар. Әрбір жиынтық белгілі бір тапсырмаларды орындауға өте жақсы келеді. Осы жерде заңды сұрақ туады:неге соншама көп, әрі әртүрлі компоненттер қолданылады? Олардың бәрі мәліметтерге қатынаудың әр түрлі технологияларын қолданады және мүмкіншіліктер бойынша ажыратылады. Microsoft өзінің өнімдеріне тек АДО мәліметтерге қатынау технологиясын енгізді. Borland фирмасы әртүрлі технологиялар арқылы жұмыс істейтін әр түрлі құралдарды ұсынды және бағдарламалаушыны тек өзінің жобаларымен шектемейді. Осындай жағдай өте улкен артықшылықтарды береді. Одан басқа, кез келген жағдайда қолданыла алатын компоненттер топтары бар.

Мәліметтер қорларына қатынаудың бар құралдарына қысқаша шолу жасайық.



  • Data Access вкладкасында мәліметтерге қатынаудың негізгі компоненттері орналасқан. Олар жалпыға ортақ және басқа компоненттері топтарымен қоса қолданулары мүмкін.

  • Data Controls вкладкасында кестелердегі мәліметтерді көрсету менредакторлауға арналған компоненттер орналасқан. Бұл компоненттер осы кезде қолданылатын мәліметтерге қатынау технологиясының қандай екеніне қарамастан бірдей қолданылған.

  • BDE вкладкасы Borland Databae Engine деп аталатын Borland фирмасы жобалаған технология бойынша мәліметтер қорларына қатынауға мүмкін беретін компоненттерді құрайды. Бұл технология өте қатты ескірді және ескі версиялармен өзара байланысу үшін ғана қолданылады. Оған қарамастан ол мәліміттер қорқарының ескірген типтерімен (Paradox, dBase сияқты)жақсы жұмыс істейді.

  • DBExpress –бұл Borland фирмасыныңмәліметтерге қатынаудың жаңа технологиясы. Ол жоғары иілгіштікпен ерекшеленеді және мәлімет қорларын қолданатын клиент-серверлік қосымшаларды бағдарламалауға жақсы келеді. DBExpress вкладкасындағы компоненттерді Oracle, BB2 және MySQL сияқты серверлік технологиямен құрылған мәлімет қорларында қолданған жөн.

  • ADO (Active Data Objects) – Microsoft корпорациясымен жобаланған мәліметтерге қатынау технологиясы. Ол өте жақсы кітапхана, бірақ оны тек Microsoft мәлімет қорларымен, яғни MS Access және MS SQL Server қолданған жөн. Оны сондай-ақ тек ODBC арқылы жұмыс істей алатын мәлімет қорларының спецификалық сервері болса да қолдануға болады.



    1. Delphi-дегі МҚБЖ-мен жұмыс істеуге қажетті базалық класстар мен компоненттер

TTable (кесте) классы.
  1   2   3


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет