Мықан ағашы
(іздеу)
Дүниедегі табылуы қиын, адамзаттың аңсарына айналған, тапса мақсатына жаткізетін киелі құдірет Мықан ағашы. Ол кегін қуған (Ер Қосай, Ер Көкше, Шора т.б.) батыр үшін де жоғын іздеген бала (Ертөстік) үшін де балаға зар боп жапан түзде кезген ана (Аналық, Гүлқаныс, ...........) үшін де арман. Бір шикі өкпеге зар болып қолдағы құлмен, күңін, қаралы мал мүлкін тастап жапан кезген Нәрік би мен Гүлқаныс бәйбішеге «құс қанаты күетұғын қу медиен, құба жонда алты ай бойы қой бағып жүрген бір шал оқтай ұшырап кез болып:
«-Ой, м үсәпірлер-ай!... Түбі тегі қазақтың өзінен шыққан Қаратаудың бауырында Бабай – түкті шашты Әзиз деген әулие бар. Онда күмбез де жоқ. Сырланған, қырланған там да жоқ. Басында желпілдеген сиырдың құйрығы да жоқ, жерменен жер болып қалған. Қолдан кісі орнатқан ағаш емес, Құдай шығарған басында бір ағаш бар. Түбінде бір жылы бұлақ бар, ақ шеңгел бар. Сол ақ шеңгел – Бабай түкті шашты Әзіз көмілеген жер. Соған бар да түне. Аузың барғанша сұра. Ол берсе – берген сықылды қылып береді» – деп аян береді.
Бұл әфсанадан Мықан ағашының тегі анықталады. Ол ағаш пенденің еккен ағашы емес. Тәңірімнің бір Алланың, жалғыз Құдайдың – Жаратушының жаратқан Жапан ағашы. Сондықтан да мәңгілік өмірге ие. Ол жаратушының фәнилік белгісі. Ол ағаш суалса - өмір де өшпек. Тіршілік жойылмақ. Ғалам ақыр болмақ. Мықан ағашы уақытты мүлдем тоқтатпайды. Өлім тірілгеннің өзінде де ол адам екінші бір ғұмырды басынан кешіп барып, яғни, космостың уақыттың ішіне кіріп барып, кеңістіктен қайтып оралады. Мысалы: Ертөстік жер астында, Ер Сайын өлім мен өмір арасында Керқұла атты Кендебай тіршілікте аспан аясында болып қайтуы соның дәлелі.
Жаратушы жарылқамаса Мықан ағашын пенде өз әрекетімен мәңгілік таппаң емес. Алла жар болған күннің өзінде Нәрік би мен Гүлқамыс сияқты мақсатыңа өліп-талып барып жетесің. Олар: Қыр қыдырды, еу сыдырды. Тау асты, тас басты. Қол терледі – сойылды, табандары ойылды. «Іздеген Мықан ағашын табады» – деген бар емес пе?! Жалықпай, қажымай жүре берген соң Қаратауды тапты. Онан келіп бауырындағы жалғыз ағаш пен бұлақты тапты. Ақ шеңгелді тапты». (Мәшһүр – Жүсіп». Шығ. 5 том. 282-бет). Сөйтіп, екеуінің тілегі Мықан ағашының түбінде орындалып бала берді. Берген де берген құсатып Шора батырды берді. Енді ол адамға бұл өңірде өлім болмақ емес. Сондықтан да жырда Шора батыр қазанды қайырып алып, түлікпенді ел қылып, қалың тамамен Стамболға қоныс аударады. Ол жақта мақан ағашы жоқ, яғни, кейіпкердің өліміне, кепілдік жоқ.
...
Мықан ағашы: кез болу
Мықан ағашы - өмірдің ұясы. Соныдықтан жа ертегілер мен әфсанадағы кейіпкерлер қандай қиындыққа ұшыраса да тура өлім халіне жеткенде: «Құдай жолына түсіп, (тәубесіне келіп -Т.Ж.) мал жанынан безіп, қаңғып келе жатып бір қалың ағашты бәйтерекке келіп, бәйтеректің түбінде ағып жатқан тұщы мөлдір бұлақтан» (Әбілһаят суына - мәңгілік суына – Т.Ж.) сусындарын қандырады (Мәшһүр Жүсіп.шығ.6 т.18-бет). Бұдан кейін оқиға айдаһар, самұрық құс, дәу араласады. Сол қасиетті бейтеректің киелінің нәтежесінде өлімді жеңіп шығады. Тылсым дүниелен (нижний мир) асқақ дүниеге (высшая идея) көтеріледі. Самұрыққа мініп көк аспанның астында ұшады. Мақсатына жетеді. Тәуелсіз қазақ елінің бәйтеректі де сол асқақ нысананың символы. Мұратына жеткен елдің аңызға қойған ақиқат ескерткіші қойған ақиқат ескерткіші.
...
Мықан ағашы: Ертөстік
Уақыт пен кеңістіктің (аралық өлшемін білдіретін мерзім межесі «Ер Төстік» ертегісінің әр нұсқасында әр түрлі қисында баяндалады. Кей нұсқасында уақыт тоқтап қалса, екінші нұсқасында уақыт өтіп кеткен, ал үшінші нұсқада Ер Төстік келер күнгі заманның ішінде жүреді. Мысалы, Мәшһүр – Жүсіп тұсқасында тоғыз ұлына бір үйдің қызын алып беруді армандайды. Мұтышақ (ұмытшақ) бай тоғыз ұлын үйлендіруді ұмытып кетеді. Бұған таң қалған Шыңғысхан: Ойың-он, тілеуің дұрыс болсын! Ой түбіне ешкім жете алмайды. Сенің үйде отырып ойлаған ойыңды кім біледі? Жатқанға жан жуымайды. Қимылдаған қыр асады. «Іздеген Мықан ағашын табады»-деген бар емес пе? Елден ел қыдырып іздесең болмайма?»-деп кеңес береді. Мықан ағашына сиынып ел аралаған ұмытшақ бай тоғыз қызды табады. Олардың ұзатылмай отырғанының себебін қыздың шешесң: «-Іздегеніңіз тоғыз қыз болса тоғызы да табылар. Құдайдың берген тындырымдары бар... Менің балаларым жамандығынан өтпей отырған жоқ. Тегін беретін тегі келмей, алушының әлі келмей отырған жайы бар. Бірінің ері, бірінің жері, уақытыма сиғат кезі келмей отыр...» - дейді (сонда, 25 бет).
Міне, осдан-ақ ертедегі қазақтардың бүгінгі сағат өлшемін білгенін анық байқауға болмайды. Уақыты мен сағат кезі» – деп отырғаны да уақыт пен кеңістіктің арасындағы бірлік. Ұмытшақтың тоғыз ұлы мен бәйбішенің тоғыз қызының үлкендернің алды, кәдімгі жас мөлшерімен есептесек, кем дегенде қырық жаста. Ал мұны уақытымен саған кезі келуіне қарасаң тура космоствқ уақыт болып шығады. Бұл арада тыңдаушыны алдағы болатын оқиғаға дайындап отыр. Мүмкін, уақытпен сағаттың кезін» біз білмесек те, ертеде олардың өлшемі болған да шығар, кім білсін. Ал дәл осы арада ертегі айтушы тыңдаушының назарын «салыстырмалы уақытқа» аударып бәйтеректің – Мықан ағашының басына шығып өткен заманды, келешек күндердің көшін көрген Ер Төстіктің іс әрекетіне жегі тартқан. «Уақыттың кезін келтірген. Өкініштісі Мәшһүр Жүсіп, нұсқасының аяғы жоғалып кеткендіктен де ертегідегі уақыт пен кеңістіктің бірлігі мен «кезінің» арақатнасы мен жікарасын білу мүмкіндігінен «Ертөстіктің» үшінші бір қысқа нұсқасында осы рқиғаның жаңғырығы сақталған. Онда ....
21/ХІ-05
...
«Әр ханның тұсында бір сұрқылтай»
(Мықан ағашы)
Мықан ағашы - өмірдің бәйтергі «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырында да бар. Жырдың барлық нұсқаларында «Аякөздің бауырындағы шоқ терек» – деп, ал кей нұсқасында Мықан ағашы» – деп тура айтылады. Мәшһүр – Жүсіп Шөже ақынның нұсқасы деп келтірген дастанда Қозы Көрпешті «Шоқтеректің түбінде Қодар» қозыжаурын қол оқпен атып өлтіреді. Шоқтеректің түбінде Қозымен бақұлдасқан Баянның зарын естіп, Алла тағаланың рахымы түсіп: Ер Қозыке сілкініп түрегелді, отырғанын Баянның көзі көрді. Шын ғашықтың жандары өзінде емес, Үш күн, үш түн бас қосып дәурен сүрді (Сонда, 333 бет).
Содан: «Өлді десе – ажары бір таймаған, тірі десе жаны жоқ нұры тасыған түбіндегі» екеуіне қырық молла қол жайып тілек қылып тірілтіп алады. Міне, бұл құдіреттің иесі де – Мықан ағашы. Егер мәңгілік тіршілік иесі – шоқ теректің сая саясы болмаса, олардың нұры таймай жансыз жатуы және ғайыптан тірілуі мүмкін емес.
(Мықан ағашы: заман белгісі)
22/ХІ-05.
Заманның азып, аңыздың тозғанына тәмсін ретінде бәйтеректің құлауын, қарағайдың қарсы біткен бұтағын қарағай басын шортан шалғанын мысалға алған «зар заман поэзиясының» өкілдері өз шығармаларында мензеу еткен. Фәни дүниедегі жиделі – Байсынды іздеген Асан қайғының жидесі де осы Мықан ағашы. Нәрікке кезіккен «ақ шеңгел» сияқты жерұйықта «адам емес, құдай шығарған» жиделі өлке. Өкінішке орай Асан қайғыға Мықан ағашы кезікпеді. Уақытын өткізіп алды. Соған өлінген ол:
Мұнан соң қилы-қилы заман болар,
Заман азып, заң тозып, жаман болар.
Қарағайдың басына шортан шығып,
Балалардың дурені тәмәм болар.
О күнде қарындастан қайыр кетер,
Ханнан – күш, қарағайдан шайыр кетер –
дейді (Мәшһүр – Жүсіп.Шығ.6т.70бет).
Мәңгілік өмір ағашының мазмұнына бостандың мағынасын берген Асан қайғының Мықаны қурап, «шайыры кеткен қарағайға» айналған. Абайдың: «Мен көрдім ұзын қайың құлағанын» атты Крыловтың өлеңін аударуының өзінде де сол Мықан ағашы туралы аңсар жатыр.
Екеуі үшін де мәңгілік азат өмір аңсары үмітсіз дүние – жалған болып қалған. Бірінің бәйтерегі құлады. Екіншісінің қарағайын шортан шалып, шайыры кетті. Олардың бостан «дәуірі тәмәм болды». Жиделі Байсын да, Жерұйық та орындалмас арман, «зар заманның басы» Өйткені заманның азуын тоқтататын ешқандай қасиетті нысаны көрінбейді. Байқап қарасаңыз, Асан қайғы қазақ даласын кезіп жүріп, баға бермеген жері жоқ. Соның ішінде шоқ терек, бәйтерек, ақ шеңгел, ақ терек емен туралы бір де бір толғау кездеспейді. Әрине, тоғайға да, орманға да жолықты. Бірақ ол әуел баста өзі: «Ерінбей іздеген Мықан ағашын табады. Ол жиделі байсында өседі. Сол ара Жерұйық болмақ. Оған кәуірдің табаны баспаң емес»-деп іздеп шыққан киелі ағаш емес. Қорқыт ата да Мықан ағашын таба алмай, қайда барса да қазған көрге кезігіп отырды. Егерде жоқ терекке, бәйтерекке, ементе кездессе, өлімнен қашпас еді. Ал қу қарағай - өлімнің нышаны оған «зар заман» ақындарының поэзиясы толық дәлел. Ер Сайынның да табанты қу қарағай болуының себебі сонда.
...
Достарыңызбен бөлісу: |