Бұл басылым «Отырар кітапханасы» ғылыми орталығының құрылғанына 10 жыл толуына арналады



бет36/36
Дата25.02.2016
өлшемі2.69 Mb.
#21355
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36


(№78) Құлмұратов Тәжібай – 38 лет.

(№79) Протокол очной ставки Джаленова Карима и Адилова Д.

(№80) Дополнительные показания Джаленова от 28 мая 1929 года

(№81) Омаров Елдес Омарович и др. Дополнительный допрос гражданина Байтурсынова Ахмета

(№82) Дополнительно опрошенный гражданин Омаров Елдес показал

(№83) Дополнительные показания гражданина Болгамбаева Хайретдина

(№84) Дополнительный допрос обвиняемого Аймаутова Джусупбека

(№85) Дополнительный допрос обвиняемого Байтлеуова Дамуллы

(№86) Дополнительный допрос Беремжанова Газымбека

(№87) Протокол 6 июня 1929 года Алматы.

(№88) Обьедн. Государственное политическое управление при Совнаркоме

(№89) Протокол показания Букейханова Алихана от 27 мая 1929 г.

(№90) Протокол показания Букейханова Алихана от 27 мая 1929 г.

(№91) Несколько слов о Байдильдине Абдрахмане

(№92) Показание Байдильдина А. Дело № 124, т.3.

(№93) Постановление 1929 года июль 20 дня, г. Алма-Ата

(№94) Показание Қалабая Бекдуллаева

(№95) Дело Токманбаева Бакая, Абдыкаева Битимбая и др.

(№96) Нач. ВО от пом. Уполномоченного Саидбаталова

(№97) Көлбаев Өтелбай – 32 жаста, Сары-Арқа ауданы,

(№98) Майлиев Әрке, 40 жас, № 6 аул, Сарысу ауданы

(№99) Золотов Павел Илларионович 34 жас, куә.

(№100) РСО ПП ОГПУ по КССР

(№101) Уполномоченный Попов, Начальник ВО – Никитенко, начальник С/Д ООГПП Бурданов

(№102) По обвинению граждан баев №10 и 8 аулов Наурузумского района Кустанайского округа Дулатова и др. в преступлении ст. 58 /10 и 58/7 ук

(№103) «Я Хамза Жусупов был командирован в № 10 аул

(№104) 29/ХІІ – 1928 г. показания господина № 8 аула Нарузумского района А.Бегжанова

(№105) Обвинительное заключение

Түсініктер

1 Бас Прокурорға жолданған О.Сүлейменовтің сұрауы бойынша жүргізілген бұл іс Жоғарғы сотта негізінен ақпан – сәуір айларында қаралған болатын. Сот шешімі Бас Прокуратура қайта жолданып, шешімді бекіткенше, арада алты айдай уақыт өтті – Т.Ж.

«Алашордашылардың» кеңес өкіметін құлатуға бағытталған контрреволюциялық астыртын ұйымы» туралы жиыны 14 томнан тұратын бұл іске 72 адам (бір адам тергеу кезінде қаза тапқан) тартылған. Қазақ ССР Жоғарғы соты бұл жолы солардың ішінен 14 адамды ғана іріктеп алып ақтады. Ә.Бөкейханов пен М.Дулатов бастатқан алаш көсемдерінің мәселесі арызқойлар мен партия тарихын зерттеуші ғалымдардың кесірінен кейінге қалдырылды – Т.Ж.

1 Түпнұсқаның қапылыста жоғалуына байланысты Қазақ ССР Жоғарғы сотының шешімі мен анықтамасының қазақша нұсқасы беріліп отыр. Суретке қатысты сөйлем мазмұнына орай мәтін ішіне берілді – Т.Ж.

1  Мағжан Жұмабаев пен Ахмет Байтұрсынов Беломор-Каналда айдауда болып, Қызыл Крест қоғамының көмегімен 1934 – 1935 жылдары Алматыға қайтып оралды – Т.Ж.

1  1937 жылы қарашада Ахмет Байтұрсынов НКВД-ның Алматы облыстық басқармасы коллегиясының шешімімен қамаққа алынады. 25 қараша күні “үштіктің” қаулысы қабылданды да, екінші рет ату жазасына кесілді. 1937 жылы 8 декабрь күні үкім орындалды.

2 Бұл ресми хаттар Орталық мемлекеттік мұрағаттың Қазақстан жазушылар одағы қорынан алынып, Орталық комитетке жолданған қорытындыға ілеспе ретінде жіберілді. Сонымен қатар, осы жодардың авторы ұйымдастырған Семей облысы Абай аудандық партия комитеінің бірінші хатшысы Х.Матаев пен Камила Ғафурқызының хаттары қоса жолданды – Т.Ж.

1 Алаш қайраткерлерінің ісі 1987 жылдың ақпан – көкек айларында Қазақ ССР Жоғарғы сотында құпия түрде қаралып жатқанда А.Байтұрсыновтың қызы Ш.А.Байтұрсынова – Байсалова арқылы олардың ұрпақтарына әкелерін ақтау туралы өтініш жазу туралы ұсыныс жасалған болатын. Сол қатарда Шәкерімнің немересі Кәмила Ғафурқызының, Семей облысы Абай аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы Х.Матаевтің, Г.М.Дулатованың түрлі құзырлы мекемелерге хаты ұйымдастырылды. Өкінішке орай, «қандай да бір жолдармен құлақтанып қалған» адамдардың кесірінен Ә.Бөкейхановқа, М.Дулатовқа, Ш.Құдайбердиевке, қарсы арыздар жазылып, алдыңғы екеуі дер кезінде ақталмай қалды. М.Күдериннің қызы Л.М.Күдерина да жоғарыдағы хатты сол тұста жазған. Бұл хат «Алаш қозғалысы» атты жинақтан алынып басылып отыр («Алаш қозғалысы» 4 том, А. 2008, 55-58 бб.) – Т.Ж.

1 Хат – Қазақстан жазушылар одағы құқық комиссиясының өтінішімен жазылған. Машинкаға басылған түпнұсқаның үшінші көшірім данасы – Т.Ж.

1 (Сборник: В.И. Ленин о Казахстане. Документы. Даты жизни и деятельности В.И. Ленина, связанные с Казахстаном. Алма-Ата, «Казахстан», 1982, с. 295, 313)

1 Жоғарғы соттың бұл шешімінде ауыр үкім шығарылған 71 алаш қайраткерінің алғашқы легі ретінде тек 14 адам ғана ақталды. Өйткені орайы келіп тұрғанда А.Байтұрсынов бастатқан осы адамдарды қатарға қосып алуға ұмтылды. Қалғандарының мәселесі әр түрлі себептермен кейінге қалдырылды. Мақала – Сот шешімінің «Анықтамасына» негізделіп, олардың не үшін жазықсыз жазаға ұшырағанын түсіндіру мақсатында жазылғандықтан да, кезінде «Он төрттің ісі» деп шартты түрде атауға тура келді. Сондай-ақ, олар жөнінде деректер әлі белгісіз болғандықтан да, «Анықтамаға» сүйене отырып, оқырманға мағлұмат беру мақсат етіліп қойылды. Дер кезінде, «Анықтамаға» ілеспе ретінде жазылғандықтан да кейбір дәл анықталмаған болжамдар да білдірілген екен. Сондай-ақ, қалайда кір жұқтырмай ақтап алу мақсатында Жоғарғы сот мүшесі Қ.Кенжебаев «Қараноғайдың» қазасына, З.Валидимен байланысына, олардың тәргілеуге қарсы көзқарасына қатысты деректерді «Анықтамада» ашып көрсетпеді. Біз де сол тұрғыда пайымдап, ол шындықты барынша жоққа шығара баяндадық. Онсыз, әлі де кеңестік жазалау саясатынан бейхабар қауым «ақталудың» себептерін қабылдай қоймайтындай сыңай танытты. Алайда, «Алаш» партиясы мен «Алашорда» үкіметінің бағдарламасын талдамақ түгілі, олардың аты баспасөз бетінде ашық айтылмайтын тұста, марқұм А.Сәрсенбаев бас редакторы болған студенттердің «Өркен» газетінде басылған, алаш арыстарының ақталу тарихынан хабар беретін, «Ұраным – Алаш!...» атты үш томдық түрме әфсанасының негізін ұйытқан алғашқы жарияланымды сол күйінде өзгеріссіз қалдырғанды жөн көрдім. Әрине, сол кезде біліп тұрып – «білмегенсіген» тұстарға ішінара «қырнау» жүргізілді – Т.Ж.

2 Жалпы алаш қайраткерлерінің үстінен қозғалған қылмысты істің көлемі ХІҮ том. Соның ішінде 41 адамға үкім шығарылған бірінші топтың ісі ҮІІ том. Ал 30 адамды қамтыған екінші топтың үстінен қозғалған іс ІІІ том. ҮІІІ-ХІІ томдарда «тыңшылар» мен «салпаңқұлақтардың», «үндеместердің» көрсетінділері сақталғандықтан да, жабық құжат болып табылады. Сондықтан да Жоғарғы сот біздің назарымызға бірінші жолғы танысуда жоғарыдағы 14 адамның ісі қамтылған алғашқы ІІІ том ғана берілді – Т.Ж.

3 Дұрысы – Ахмет-Сафа – Т.Ж.

1 Бұл сурет - 1921 жылы М.Дулатовты Ташкенттен Семейге шығарып салған күнгі қоштасу рәсімінде естелік ретінде түсірілген – Т.Ж.

1 Бұл бөлімде: алаш идеясының қалай қалыптасқанынан хабардар ететін «Қоянды жәрмеңкесіндегі құзырхат» сияқты» мұрағат жәдігерлері мен «Алашорданың» бағдарламасы және негізінен тергеу ісінен алынған «мүлде құпия» деген белгі соғылған құжаттар, сондай-ақ, оған тікелей қатысы бар немесе бұл құжаттарсыз сұрақ-жауаптар мүлдем түсініксіз болып қалуы мүмкін деректер іріктеліп берілді. Тергеу барысында тағылған басты айыптауларға негіз қалаған, сонымен қатар, алаш қайраткерлеріне жабылған жалған жаланы әшкерелейтін деректер мен құжаттардың ілгерлете назарға ұсынылуы да сондықтан – Т.Ж.

2 «Қарқаралы петициясы» деп аталып жүрген құжат жалғыз бұл ғана емес. Құзырхаттың әрқайсысы өзінше бөлек, дербес мазмұнда жазылып, Ресей Императорына, Министрлер Кеңесінің төрағасына, ішкі істер министріне жолдаған жеке-жеке саяси мәлімдемелер. Болашақ «Алаш» саяси партиясының бағдарламалық негізі болып табылатын бұл Құзырхаттарда (Петицияларда) негізінен ождан бостандығы, дін және жер мәселесі ерекше көтерілген. Жер тұтастығы, тіл мен діні діл – бұл ұлт белгісі. Сондықтан да Қарқаралы мен Қояндыда жазылып, 6,5 миллион қазақ халқының еркін, ұлттық мүддесін білдірген саяси құжат ретінде жолданған бұл Петициялардың тарихи маңызы ерекше.

Ресей патшасының атына жолданған петициямен қоса Петербургке Әлихан Бөкейхан алып кеткен екінші хат Ішкі істер министріне жолданған. «Қарқаралы, Семей және Павлодар ояздарының қазақтарынан патша Ағзамның атына жіберілген тілекке қоса, Сіздің қарап шешуіңізге мынадай нақты мәселелер қоямыз» – деп басталатын құжатта Ішкі істер министрлігінің құзырындағы, мысалы, мешіт ашуға және оның жанынан медресе ашуға рұқсат беру, баспа ісімен әркімнің айналысу құқын қамтамасыз ету, көшпелі қазақтар мен орыс шаруаларының, казак-орыстардың құқын теңгеру сияқты мәселелер көрсетілген.

Ал, Ресей Министрлер кеңесіне, атқарушы билік төрағасына қойылған талаптар кеңірек әрі мейлінше нақты. Жекелеген фактілер, мәселелердің шешілу жолдары тәтпіштеліп көрсетілген. Патшаның атына жазылған тілек-арызда жалпы саяси тұрғыда, жоғарғы билік құрамына қазақтарды қатыстыру сияқты заңдық мәні бар мәселелердің болғанын көрдік.

1905 жылдың 25-26 маусым күндері Қоянды жәрменкесінде жазылып, Ресей патшасының атына жеделхат түрінде 1905 жылғы 22-шілдеде жіберілген құзырхаттың түпнұсқасы орысша жазылған. Оны аударып, осы жинаққа арнайы ұсынған – тарих ғылымдарының докторы, профессор  Зарқын Сыздықұлы Тайшыбай.  

1



1Ресей императорына жіберілген бұл Құзырхатқа Қарқаралы уезінен сайланған 42 адамның қол қойғанын тыңшылар анықтаған және олардың тізімі губернаторға жолданған хатқа тіркелген. Тізімге қарап отырсақ, Қарқаралы оязына қарайтын 21 болыстың әрқайсысынан 1-3-тен ел ағалары қол қойған. Бұл арада мына бір жағдайдың басын ашып алу керек. Қарқаралы мен Семейдің ұлығы болсын, тыңшысы болсын, Қояндыда дайындалған құжаттардың жалпы сарыны болмаса, мәтінін оқып, нақты білмеген. Сондықтан Семей губернаторының хатындағы: патша Ағзамға қаратыла жазылған петицияға 16 мың адам қол қойды... Омбыда, Ақмолада, Семейде, Торғай облысының барлық уездерінде талқыламақ» – дегенде көрсетіп отырғаны жалғыз бір петиция емес, басқа да петицияларды мекзеген. Оған дәлел ретінде басқа петициялардың жазылу тәртібін көрсетсек те жетеді. Мысалы, Ресей ішкі істер министрлігіне жолданған алдыңғғы құжатқа Павлодар, Семей және Қарқаралы оязының өкілдері қол қойған. Мазмұны патшаға жолданған құжаттан өзгеше. Ал, Министрлер кеңесінің төрағасына жолданған петицияға 12 767 адам қол қойған. Кейін, осы тақырыпқа қалам тартқандардың біреуі – 16 мың, біреуі – 14 500 адам қол қойды – деп жүргендері сондықтан. Бұл Құзырхатты мұрағаттан тауып, қазақша аударып, жинаққа ұсынған – З.Тамшыбай.

2 Бізге Халел Досмұхамедовтің студент кезінде Ғұбайдолла Бердиевке жазылған бұл хатты мұрағаттан тауып, бізге ұсынған – қазақ деректануына жиырма төрт томдық сирек құжаттар жинағын құрастырған Болат Нәсенов дегдар. Бұл хатта Біртұтас алаш идеясынынң негізгі аңсары болған «Жапония сияқты ұлттық–демократиялық мемлекет құру» туралы ойдың алғашқы ұшқыны нышан бергендіктен де назарға ұсындық. Мәтіннің түпнұсқалық жазылымы сақталды – Т.Ж.

1 Бізге Б.Нәсенов дегдар ұсынған бұл хат – Ә.Бөкейхановтың Алаш мемлекетін құру жолында аттаған алғашқы «түрме табалдырығы» мен саяси күрес жолының басталуынан хабардар ету үшін назарға ұсынылды. Мәтіннің түпнұсқалық жазылымы сақталды – Т.Ж.

1 Қарақаралы қаласындағы зиялы қауымның оқыған өкілі, «Қоянды құзырнамасына» белсене араласқан, Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, Ж.Ақбаев сияқты алаш азаматтарына қаржылай және қауымдық тұрғыдан жәрдем көрсеткен Бекметовтер әулетінің ішіндегі оқыған зиялы азаматтың бұл мақаласы да алаш идеясының қалыптасу жолынан мағлұмат беру мақсатында жинаққа енгізілді – Т.Ж.

1 Алаштың азаттығы жолында қаза тапқан (тірідей өртеліп жіберілген) ұлт құрбаны Отыншы Әлжановқа қатысты бұл құжаттар С.Әлжанова мен Г.Төлемісованың «Отыншы Әлжанов – Алашорданың ақиығы» ( «Отыншы Альжанов – беркут Алаш-орды», А.2008) атты жинағынан алынды. Түрме тергеуіне тікелей қатысы болмаса да азаттық майданының құрбанының тағдыры ел-жұрттың қаперінде жүрсін, оның да алаш идеясын қалыптастырудағы күресі ұмытылуға тиісті емес, мұндай қауіп-қатер әрбір алаш азаматын күтіп тұрды – деген ниетпен жинаққа енгізілді – Т.Ж.

1 Бағдарлама – заң ғылымының докторы М.Құлмұхамедтің мәтіндік салыстырудан өткізген «Алаш» бағдарламасы: қиянат пен ақиқат» (Алматы. Атамұра. -2000.- 240 б.) басылымы бойынша алынды – Т.Ж.

1 Жаһид – арабтың жаһд немесе жуһд сөзінен ауысып қодданылған нұсқа, «тырысады, талпынады, құлшынады» деген мағынаны білдіреді (Борисов В. М. Русско-арабский словарь. Том II. М., 1982, с. 332) – (М.Қ.).


2 Тарақи – арабтың тараққаи сөзінен ауысып колданылған нұсқа, «дамыту, өркеңдету» деген
мағынаны білдіреді. (Борисов В.М. Русско-арабский словарь. Том II. М., 1982, с. 163) – (М.Қ.).



3 «Жаюға» cөзі түпнұсқада анық көрінбегендіктен (сөздің соңы «-уға» деп аяқталыпты), логикалық тұрғыда осылай деп бердік (М.Қ.).



1 «Астыңғы» сөзі түпнұсқада «астығы» деп қате басылды ма деген ойдамыз (М.Қ.).

2«Алаштың» бұл бағдарламасының аудармасы түпнұсқаның мәтіндік астарын барынша мағыналы жеткізген алаштанушы, ҚР ҰҒА академигі, тарих ғылымдарының докторы, профессор М.Қойгелдиевтің «Сталинизм и репрессии в Казахстане 1920-1940-х годов» (А..2009) атты басылымынан (22-25 беттер) алынып ұсынылды – Т.Ж.

1 Далее Б. Каратаев высказывает свое резко отрицательное отношение к Комитету Учредительного собрания в Уфе (Комуч).

1 Т.Жұртбайдың жеке қорында сақталған бұл хатты жазушы Ж.Бектұровқа Ә.Ермековтің өзі ұсынған, ал Ж.Бектұров оны бізге табыстап еді – Т.Ж.

1 Аштыққа байланысты бұдан кейін берілген 3 құжат та Ә.Байділдиннің тергеу ісіне «Алашордашылардың» кеңес өкіметіне қарсы жасырын ұйымының айғағы ретінде тіркелген. Алайда түпнұсқасы істе сақталмаған. Ол түпнұсқаны табуға мұрағаттанушы А.Игенбеав дегдар септескен еді. Қараңыз: АКТ ПРИЕМКИ – СДАЧИ №7. 1995 года 25 июля. Гор. Алматы. Мы нижеподписавшиеся: директор (зав, фондами) музея Жұртбаев Т.К. и Игенбаев Акинжан Абдикаримович, методист высшей категории Центра информоционно-методической и правовой работы при Главархиве РК. Состовили настоящий акт в трех экземплярах в том, что первый принял, а второй сдал музею в постоянное пользование следующие предметы музейного значения:

№Наименование предметовУчетное обознач.Сохранность предметовПримечание1Протокол №1 Совещания ответственных кирработников по вопросам Всего-7 стр. Машинописи.1Хор.С поправками На русском яз.2Өмірдің кей сәттері. Манинапись. Всего – 14 стр.1Хор.На каз.яз.3Центральная комиссия по ликвидации последствии голода Кир.республике. ЦГА РК фонд-320. Машинопись. Всего-193 стр.1Хор.На русском яз.

Всего по этому акту принято 3 (три) предметов (прописью) Сдал___Подписи: Принял_______Подписи.

1 1921-1922 жылғы Батыс солтүстік облыстардағы ашаршылық туралы «Аштықтың қорытындысы» атты бұл құжат осы жинақта мақсатты түрде тұңғыш рет жарияланып отыр. Өйткені тергеу барысында: «Алашорда» үкіметінің мүшелері «Аштық комиссиясын кеңеске қарсы көтеріліс ұйымдастыру үшін құрды» деген айып тағылған болатын. Арыстарға тағылған бұл айыптаудың жала екендігінің дәлелі ретінде және кеңестік «коммунистік-колонизаторлық» жазалау саясатын әшкерелейтін айғақ ретінде берілді. Танылмаған сөздердің орынына <...> белгісі қойылды – Т.Ж.

1 Елдес Омаров 1927 жылы 16 қыркүйекте, ал Халел Ғаббасов 1928 жылдың қазан айларында тұтқынға алынған. Алайда «Алашорда» қайраткерлеріне арналған қылмыстық тергеу ісі Дінше (Дінмұхамед) Әділевтің ұсталуынан басталған. Тергеу хаттамаларының реті бойынша Е.Омаров пен Х.Ғаббасовтың жауаптары ІІІ томға тіркелген. Жалпысына ортақ тергеу барысының барысының үрімін бұзбас үшін біз де Қауіпсіздік комитетіндегі ретті сақтадық. Сондай-ақ, төрт жылға жуық созылған тергеу ісінің барысында Д.Әділев отыздан астам рет көрсетінді берген. Ондағы пікірлер шұбалаңқы, бір көрсетіндідегі айғақтар екінші көрсетіндіде сәл ғана өзгеріс арқылы сөзбе сөз қайталанады. Оның барлығын көшіріп шығу не ксерокске түсіру сол кездегі (1987-1991 және 1997 жылдар аралығы) техникалық жабдықтардың жетіспеуіне байланысты мүмкін болмады. Сондықтан да кей тұстарда барлық көрсетінділерге ортақ жайлар бір жауаптың төңірегіне топтастырыла, жүйелене, ықшамдала алынды. Қосымша, тікелей іске қатыссыз оқиғалар мен ескертулер мазмұндала баяндалды. Ондай тұстарда тиісті авторлық ескертулер жасап отырдық. Жауаптардың ұзына мазмұны «Алашорда» қайраткерлерінің іс-әрекетіне орай жинақталды Сонымен қатар тергеу ісінінің мәтіні барынша сақталды. Танылмаған сөздерге <…> белгісі қойылды – жоба жетекшісі Т.Ж.

1 Тергеу ісінің барлығын көшіріп шығу мүмкіндігі болмағандықтан да және жауаптардың бір ізді болуы үшін іріктеліп көшрілгендіктен де, мәтіндердің арасына қысқаша түсіндірме берілді – Т.Ж.

1 Д.Әділевің бұл жауабы стенограмма ретінде машинкаға басылған. Кейінгі жауаптарының ішіндегі қайталанатын кейбір көрсетінділер осы стенограмманың негізінде қысқартылды немесе мазмұндалып берілді. Сондай-ақ бұдан кейінгі жеке адамдарға толтырылған анкеталық жауаптар осындағы сұрақтардың жүлгесімен қысқартылып беріледі – Т.Ж.

1 Басынан кешкен оқиғаларды ретсіз баяндап, арасына алашордашылар туралы есіне түскен жайларды қосып отырғандықтан да, Д.Әділевтің көрсетінділерін қайталаулардан арылту мүмкін болмады. Сондықтан да дәл осы көрсетіндідегі жайлар кейінгі жауаптарда қайталанбас үшін бұдан кейінгі айғақтарды жүйелеп, сәл орын ауыстырып бердік. Кей сөздер мен сөйдлемдердің ауысқаны болмаса, жалпы мазмұнға ешқандай нұқсан келмейді. Әйтпесе, тура осы жауапты бірнеше рет қайталап көшіріп шығуға тура келер еді - Т.Ж.

1 Тергеушінің ескертпесі – Т.Ж.

1 Бұл таңертеңгі сұрақ-жауап болса керек. Алашордаға қатысты мұның алдындағы көрсетінділерді толықтырған. Д.Әділевтің көрсетінділері ретсіз баяндалып, хатқа жүйесіз түсірілген. Оның басты себебі, тергеушілер сөз арасында қосымша сауал қойып, әңгіменің жүйесін бұза беруі де мүмкін. Оқырмандар негізгі желіден жаңылмас үші арасына ажырату .> ...< белгісін қойдық. Соныме қатар кісі аттары бұзылып жазылған, кей кісінің есімдері қағазға қате түскен сияқты. Ондай тұстарға -?- белгісін қойдық не дұрысы осы болуы мүмкін деген адамның атын жақша ішінде көрсеттік - Т.Ж.

1 Бұл түстен кейінгі, не кешкі сұрақ-жауап болса керек – Т.Ж.

2 Бұдан әрі қарай анкеталық жауаптар мен алдыңғы жауаптағы жайлар қайталанып баяндалып келіп, өзінің ұсталу себебіне тоқталады – Т.Ж.

1 Міржақып – 1928 жылы 29 желтоқсан күні ұсталып, үйі тінтілген. Бұл жауап – 3 январь күні алынып отыр. Сонда деректі 5 күннің ішінде қайдан таба қалды. Демек, алдын-ала дайындық жүргізген.

1 Бұл түске дейінгі тергеушіге берген жауабы болса керек – Т.Ж.

1 Түстен кейінгі жауап болса керек. Тергеу сұрақ-жауапқа құрылған – Т.Ж.

1 Бұл жолдар өз қолымен жазылған – Т.Ж.

2 Тергеу еш дайындықсыз бірден М.Дулатовқа қарсы бағытталған – Т.Ж.

1 1929 жылғы 5 қаңтар күнгі жауабында алдыңғы көрсетінділерін қосымша арқылы толықтырған. өңдеген, шетіне «Аударма» деп қол қойған – Т.Ж.

1 1929 жылы 23 қаңтар күні Д.Битлеуовтен қайта жауап алған (184-190 беттер). Мұнда: алдыңғы берген куәлігін толықтырып, өңдеп, саяси астар беріп жазған. Жауаптан Битлеуовтің ашулы, ызалы отырғаны байқалады. «Валидовты Бұхарада екендігін қайдан білдің?», – деген сұраққа: Бір жиналыстан» - деп жауап береді. Содан соң Бұхараға барған сапарын баяндайды – Т.Ж..

2 Х.Болғанбаевтің біз және оның қызы Гүлнар Болғанбаева жинақтаған қолжазбалар мен мақалалары «Отырар кітапханасы» ғылыми орталығының қорында сақтаулы. Бұл хаттама, кезінде біздің септестігімізбен Қауіпсіздік комитетінің қорынан алынған Г.Болғанбаеваның сол деректерінің негізінде Д.Қамзабекұлы құрастырған Х.Болғанбайдың «Иман күші» атты жинағынан алынды (- А.- 2009.- 132-144 б). Өкінішке орай мұрағат құжаттарының беттері белгіленбеген – Т.Ж..

1 Жоғарыдағы мен кейінгі хаттаманың арасында үзіліс жасалса керек – Т.Ж.

1 Тергеудің басында террор туралы бұрынғы айтылған ойларын сөзбе сөз дерліктей қайталап ұзақ толғайды – Т.Ж.

1 Сол күні (11/ІІ-29 ж.) дәл осындай айыппен – А.С. Юсуповке, М.Дулатовқа, Х.Болгамбаевқа, М.Испуловқа (Есполов), Д.Битлеуовке, Ғ.Бірімжановқа – қаулы шығарып, жұмыстан шығару туралы бір үлгімен қатынас жазған. М.Дулатовқа жазылған үлгісі ұсынылып отыр – Т.Ж.

1 Халел Ғаббасов 1928 жылдың 15 қазаны күні тұтқынға алынған. Сондағы тергеу жауаптарын Д.Әділев бастатқандардың ісіне осы арада қосып, жалпы «Алашорда» қайраткерлеріне қарсы қылмыстық істің басын біріктірген. Көрсетінділердің ретсіз тіркелгеніне қарамастан, тігіндідегі ретті сақтауды жөн көрдік – Т.Ж.

1Қарындашпен жазылған. Зады, түрмедегі тергеудің әділетсіздігі туралы көп шағым жасап, заңсыздықты әшкерелеген – Х.Ғаббасов қана. Ол тергеушінің өзімен пікір таластырған. Тірі шықпайтынын қайдан білгендей жанталаса қасарысқан. Бұл – арыз жолданған адамға иесіне жетпей қалған сияқты – Т.Ж.

1 Тергеушілер бұл хатты тиісті адамға жібермеген. Түпнұсқасы істе тіркеулі қалған. Ал Е.Омаровқа арналған хат сақталмаған сияқты. Әйтеуір біздің назарымызға ілікпеді. Бұл туралы тағы да ескерте шағым жазған – Т.Ж.



1 Осыдан кейін 1929 жылғы 27 қаңтарда Қызылорда қаласында Х.Ғаббасовқа ресми түрде айып тағылып, оның ісі «Алашорда» қайраткерлерінің үстінен қозғалған қылмысты іске ресми тіркелген. Сондай-ақ бұдан кейін Д.Битілеуовті ақтау туралы Ақтөбеден 150 адам қол қойған, ауылдық кеңестің мөрімен расталған өтініш хат тіркелген.

1 Елдес Омаров пен Әлихан Бөкейхановтың үстінен жүргізілген тергеу ісі 1927 жылы 13 қазанда басталған. Бір рет қамалып, босатылған. Іле қайта қамауға алынған. Сол іс кейін Д.Әділевтің тергеу ісіне қосымша ретінде тіркелген. Сондықтан да тігіндідегі ретті сақтауды жөн көрдік – Т.Ж.

1 Тергеудің ІІІ томы осылай аталады. Онда бұрын жауап алынып кеткен адамдарды қайтадан сұраққа алған. Ендігі басты сұрақ – алаш қозғалысы туралы болған – Т.Ж.

1 Осы бетте Елдес Омаровтың суреті бар: шашы қысқа, шоқша сақалды, мұрты басылған, жұқа, қасы-көзі ашық. Арық. Қабағы түйілген – Т.Ж.

1 Мұның алдында Жүсіпбек Аймауытовтан 1929 жылы 16, 21, 23 мамыр күндері жауапқа тартылған. Ж.Аймауытов туралы сұраулар мен анықтамалар жан-жаққа жіберілген болатын – Т.Ж.



1Ә.Бөкейхановтың жауабының шекесінде «27/Ү.1929 г.» деп көрсетілген. Ал екінші жауаптың соңына «Верно: (Қолы) 1.ҮІ. 1929 г.» деп көрсетілген. Зады, Ә.Бөкейхановты түрмеге қамауға себеп таба алмағандықтан да, берген жауабын адвокатқа куәландырса керек – Т.Ж.

1 Тергеу ісінде тіркелген ең көлемді әрі ең жиі көрсетіндінің иесі осы Ә.Байділдин. Сұрақ жауаптарының дені машинкаға басылған, тиісті құжаттардың көшірмелерімен, газет қиындыларымен, анықтамалармен толықтырылған. Мысалы, біз үзінді келтіріп отырған көрсетінді «25/ҮІІ – ҮІІ.1929» күндердің арасында, яғни, бес күн жалғаса машинкамен жазылған. Ол тергеу ісінің 202-245 беттерін қамтиды, көрсетінді қағаздың екі жақ бетіне бірдей басылған. Сонда жиыны 90 бет. Көлемі осыған жуық тағы да басқа көрсетінділері бар. Оның барлығын көшіріп шығу біздің жағдайымызда мүмкін болмады. Сондықтан да осы тергеу ісіне және осындағы жауапқа тартылған адамдарға тікелей қатысты тұстары ғана іріктеліп алынғанын ескертеміз – Т.Ж.

1Тергеу ісінің ІУ томындағы «Тоқманбаев Бақайдың, Әбдықаев Бітімбайдың және басқалардың» үстінен жүргізілген бұл сұрақ-жауаптар негізінен Д.Әділевтің қылмыстық жолын әшкерелеуге бағытталған. Онда «Қара ноғайды» – Әубәкіровті өлтіруге қатысы бар Сарысу ауданындағы адамдардың тергеу жауабы қамтылған. Іске тартылғандардың дені кездейсоқ, тегі кедей, көбі ауыл адамдары. Араб әрпімен берілген түсініктер көп. Іс – 1921 жылы қозғалған. Содан бірде жабылып, бірде қайта ашылып, 1929 жылы 23 ақпанда қайта қозғалған. Даудың басы барымтадан басталады. Алаш қозғалысына еш қатысы жоқ бұл істі Д.Әділев арқылы «кеңес өкіметіне қарсы ұйымдастырылған қарулы көтеріліс» ретінде баға бермек болған. Сондықтан да тергеудің жалпы мазұны қамтылды – Т.Ж.

1Бұл М.Дулатовтың туған ауылында бас талған тергеу ісі. Онда 13 адам эжауапқа тартылып, ұсталған. Негізінен,«Алаш-Орда» тұсындағы оқиғалар қамтылған. Бұл істің –«Алашорда» қайраткерлерін шырмауықтай шырмай беру үшін Қостанайдан сұратылып алып, осы іске қосқан – Т.Ж.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет