15
Ахмад сұрағын тағы жалғастырып:
- Осының берекесін сезінесің бе? – деп сұрайды. Сонда
наубайханашы:
- Иә, сеземін, әрдайым истиғфарды
(яғни Астағфируллаһты)
айтқан сайын әр ісіме береке кіреді, Алладан не сұрасам, соны
береді, – дейді.
- Сұрағаныңның барлығын береді ме? –
деп сұрайды
тағы да имам Ахмад. Сонда наубайханашы:
- Осы уақытқа дейін барлық сұрағанымды беріп, дұғала-
рымды қабыл етті, тек бір ғана дұғам әлі жауабын күттіруде,
– дейді. Имам Ахмад:
- Ол қандай дұға? - деді таңырқап. Наубайханашы:
- Имам Ахмад ибн Ханбал деген ғалым кісіні бір көр-
сем ғой деп дұға қылған едім, бірақ ол кісімен әлі жолыққан
жоқпын, - дейді. Сонда имам Ахмад ағыл-тегіл жылап:
- Алла сенің бұл дұғаңды да қабыл етіпті.
Сен көргің кел-
ген сол Ахмад ибн Ханбалды Алла Тағала сенің наубайханаңа
екі аяғынан сүйреп тұрып алып келген екен. Мені мешіттен
қуып, көшеге шығарған күзетшісі емес, Алла Тағала екен ғой.
Сол имам Ахмад менмін, – деген екен.
Бұл оқиға истиғфар етіп, Алладан
көп кешірім сұраудың
пайдасы жайлы ақпарат береді. Бір ғана «Астағфируллаһ» сөзі
қаншама тілектің орындалуына, қаншама дұғаның қабыл бо-
луына себеп болады.
Достарыңызбен бөлісу: