9
Туыстық қарым қатынасты сақтау
Туыстық қатынасты сақтағанды
Алла Тағала рақымына
бөлейдi, ал байланысын үзгендi рақымынан мақұрым етедi.
Пайғамбарымыз
(Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) бір
хадисінде:
«Пенде күнәға немесе туыстарымен қарым-қатына-
сын үзуге байланысты дұға етпесе, асықпаған жағдайда,
оған (дұғасына) әрдайым жауап беріледі» деген. Ағайын, туы-
стармен жақсы мәміледе болу дұғаңыздың қабыл болуына,
бай болуыңызға себеп болады. Бірде бір адам Пайғамбарымы-
зға
(Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) келіп:
«Иә, Алла Елшісі, менің туысқандарым бар. Мен олармен
туыстық байланысымды үзбеймін, ал олар болса араласқы-
сы келмейді, мен оларға жақсылық жасаймын, ал олар маған
зұлымдық жасайды, мен оларды сыйлаймын, ал олар болса
менімен надан адамдар секілді сөйлеседі», – деп шағымдана-
ды.
Сонда Алла Елшісі (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын):
«Егер жағдай шынымен-ақ сен айтқандай болса, уай-
ымдама, сен ұтылып жатқан жоқсың, керісінше Алла саған
Өзі көмекші болады!» – деген екен.
Дұғада шектен шықпау
Дұға жасаушы шектен шықпау керек. Мысалы, мен өл-
мейтін болайын, мені пайғамбар
қыл деген сияқты ақылға
сыймайтын дұғалар жасауға болмайды. Және адам өзіне
зұлымдық тілемеу керек. Кейде эмоция үстінде балам ауырған-
ша, мен ауырайын дейтін ата-аналар болады. Жақсы сөз сияқты
болғанымен, бұлай дұға жасауға болмайды.
Пенде осындай
10
дұғалармен де сыналып қалуы мүмкін. Қазақта «сұрап алған
ауруға ем болмайды» дейді. Оның орнына «Иә Алла, бізге ши-
паңды берші» деген сияқты дұға қылған абзал. Басқа адамдарға
да қастандық тілеуге болмайды. Себебі, жүйелі сөз жүйесін та-
бады, жүйесіз сөз иесін табады.
Достарыңызбен бөлісу: