«Бүлдіршін» мкқК бөбекжайы «Қайнар» аралас тобының ашық



бет2/4
Дата24.02.2023
өлшемі1.93 Mb.
#470023
1   2   3   4
ғарыш

Іздену ұйымдастырушы

-Балалар, сендер ғарышқа ұшқыларың келе ме?
-Балалар, ғарыш әлемімен, ғарышкер туралы мағлұматпен танысайық.
-Ғарышкер дегеніміз олар ғарышқа,аспан әлеміне ұшатын адамдар.
Ғарышкер ағаларымыз ғарышқа зымыранмен ұшады. Оны ғарыш кемесі деп те атаймыз.Олар ғарышқа ұшып барып,аспан әлемін зерттейді.Ғарышқа біздің Қазақстан жері «Байқоңыр» қаласынан ұшады. (макетінен қарайды)
Ең бірінші ғарышқа лайка иті ұшырылды. Ит ғарыштан аман келгесін, адамдарды ұшырды.Мына суреттегі ең алғаш ғарышқа ұшқан адам,ол Юрий Гагарин. Ғарышқа қазақ ғарышкерлері де ұшқан. Мына суретте өзіміздің қазақ ғарышерлері - Тоқтар Әубәкіров және Талғат Мұсабаев, Айдын Айымбетов деген ағаларымыз. ғарышта қысым өте жоғары болады. Сондықтан ғарышта адамдар да, заттар да ұшып жүреді. Ғарышкерлер арнайы құтыдағы тағамдармен коректенеді.
Дыбыс естіледі.
Ұшқыш Айдын Айымбетов ағамыз келеді.
-Сәлематсыңдар ма балалар!
-Мен ұшқыш Айдын ағаларың болам.
Сендер өскенде ұшқыш болғыларың келе ме?
Кім ғарыш, ғарышкер туралы тақпақ біледі?
-Ұшқыш болу үшін білімді, шыдамды болу қажет.
Біз бүгін ғарышкер ағамызбен, аспан әлемімен танысамыз. Ол үшін біз ғарышқа ұшуымыз қажет.
Ғарышкер:-Мен сияқты арнайы киім киіу қажет. Бұл киім сырттағы ыстықтан немесе салқындықтан қоғайды. Бас киімді «скафандр»- деп атайды.
-Ендеше зымыранның қасына барып арнайы киімдерімізді киіп, ұшуға дайындалайық. Бір-біріміздің қолымыздан ұстайық.
54321 дыбыс арқылы ұшу.
-Міне ғарышқа да келдік.
-Қандай керемет, балалар.
Мына біз көріп тұрған жарқыраған жұлдыздар, олар планеталар, оларды біз калейдоскоп арқылы көріп алайық. Бұл құралды калейдоскоп деп атайды. Ол аспан әлемін зерттеуге арналған құрал.
-Мынау –Күн. Ол сары түсті болып көрінеді, бірақ ол ақ түсті. Ол өте ыстық, сондықтан ол планетаға жақындау мүмкін емес.
-Мынау-Меркурий. Ол кішкентай ғаламшар, күнге өте жақын орналасқан.
-Мынау-Венера.Оны қызыл планета деп те атайды. Өте жарық ғаламшар болып келеді.
-Мынау-Жер. Ол біздің тұратын ғаламшарымыз.
Мынау-Марс күндіз ыссы түнде өте салқын болады.
-Мынау-Юпитер.Ол ірі ғаламшарлардың бірі. Ол күннен бесінші орналасқан.
-Мынау- Сатурн. Бұл алтыншы қатарда орналасқан. Сатурнның сақинасы бар. Ғаламшардың жартысы мұздан тұрады.
Мынау-Уран ғаламшары. Күн жүйесінің жетінші ғаламшары. Ол газдан тұрады. Ол күннен алыс орналасқаннан мұздан тұрады.
-Ал мынау-Нептун ғаламшары. Ол күн жүйесінен өте алыс орналасқан ғаламшар.
Бұл планеталар бәрі күнді айналып жүреді.
-Балалар біздер калейдоскоп арқылы планеталарды көрдік.
-Енді біз зерттеу жүргізейік.
Күннен жердің қалай айналып жүретінін бақылайық. Мынау күн жарқырап сәулесін шашып тұр. Ал жер күнді жылына бір рет айналып шығады. Жер айналып шыққанда жылдың төрт мезгілі өтеді.
-Балалар, қараңдаршы жұлдыздар бізге нүкте сияқты көрінеді. Сол нүктелерді қосса бір бейне шығады. Мысалы мына нүктелерді қоссақ бақыраш тәріздес болып шығады. Оны «Жеті қарақшы» деп атайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет