Бұлғақтың қызметтік тағайындалуы мен техникалық сипаттамасы



бет1/2
Дата03.01.2022
өлшемі228.72 Kb.
#450585
  1   2
Иінді-бұлғақты топтар


Бұлғақтың қызметтік тағайындалуы мен техникалық сипаттамасы

Иінді – шатунды механизмнің (КШМ сурет 1.1) бөлшектерін қозғалмайтын және қозғалатын болып екі топқа бөлуге болады.Қозғалмайтын бөлшектерге цилиндрді, ал қозғалатын бөлшектерге поршень, бұлғақ және иінді білік топтарының бөлшектері жатады. Сонымен қозғалтқыштардың иінді шатунды мынандай бөлшектер тобынан құралады: цилиндрлер тобы, поршень тобы, бұлғақ тобы және иінді білік тобы.Осы көрсетілген бөлшектер тобының әрқайсысы белгілі бір қызметті атқарады.

Цилиндрлер тобы – поршеньнің әрі – бері қозғалысы кезінде бағыттаушы қызметімен қоса, оның ішінде процестер жүру үшін қажетті көлем жасап тұрады.Поршень тобының бөлшектері цилиндр мен аралықтағы қозғалуға қажетті болатын саңылауды неғұрлым берік бітеп, цилиндр ішінде жүретін процестерге байланысты газ қысымын қабылдау қызметтерін атқарады.Бұлғақ тобының бөлшектері поршень мен иінді білікті жалғастырып, поршеньде пайда болған газ қысымынын күшін иінді білікке жеткізеді, ал керек болғанда иінді біліктегі күшті поршеньге жеткізеді.

Бұлғақ – бұлғақ мойыны арқы поршень мен иінді білікті байланыстыратын қозғалтқыштың бөлшегі болып табылады. Бұлғақпоршеньнің қайтымды – ілгерлемелі қозғалысын айналу қозғалысына немесе айналмалы қозғалысты қайтымды – іргерлемелі қозғалысына түрлендіруге арналған. Бұлғақ пен иінді білік мойындарында тозу болмас үшін мойыдары мен бұлғақтар арасына қарсы үйкеліс жабыны бар арнайы ішпектер орнатады.

Бұлғақ келесі бөліктерден тұрады:

Ø 1.Өзек


Ø 2. Жоғарғы бастиек

Ø 3. Төменгі бастиек

Бастиектің жоғарғы бөлігі қоладан жасалған төлке бастырылады. Жоғарғы бастиекте поршень сақинасының тозу бетіне май жеткізуге арналған тесік жасалған. Бұлғақтың өзегі қос тавр сияқты жасалған.

Бұлғақтын төменгі бастиегі ажыратылған түрде болад. Бұлғақтың төменгі бастиегінің алынбалы иінді бөлігі бұлғақтың қақпағы деп аталады. Төменгі иінді бастиек пен қақпағындағы жылжымалы подшипниктерде кеңейжону болуына сәйкес бұлғақ қақпағын ауысымдық деп саналады. Бөлшектерді дұрыс ақпаратпен қамтамасыз ету үшін оларға арнайы сериялық номерлер жазады. Бұлғақ пен қақпақ бөлігінде ішпектердің жүрісін қамтитын кейбір штрихтар бар. Бұлғақ пен иінді білік мойынтіректерінің жұмыс қабаты қорғасын қоладан жасалған, ол жұқа қабырғалы ішпекке ұқсайды. Ішпектердің жоғарғы бөлігінде май жеткізуге мүмкіндік беретін тесік жасалған, сонымен қатар майдың таралуы үшін жырашық жасалған. Ішпектер жоғарғы және төменгі мойынтірегінде орналасқан, ауысымдық деп саналмайды. Олар иінді білікпен бірге айналып кетпес үшін, оларға шығып тұратын кесік құлақшалар жасалады да сол арқылы шатун басындағы ойыққа кіріп тұрады. Блокты жөндеу ажет болған жағдайда бұлғақ пен иінді білікке байланыстырылатын ішпектерді түрлі өлшем тізімдері бар.

Бұлғақ келесі құрылым бойынша жасалған: төменгі секциялы бастиек, жоғары секциялы бастиек және болат өзек. Жоғарғы бастиек поршень саусағы арқылы поршеньмен жалғасады. Бұлғақтың төменгі бастиегінің екі бөлігі иінді біліктің мойын бөлігінде орналастырылған және бұрандамалар арқылы бірге қосылады.

Бөлшетің үйкелісі және тозу ең аз болуы үшін бұлғақтың жоғарғы бастиегіне қоладан жасалған төлке орнатылған.

Бұлғақтың төменгі бастиек жағына сырғанау мойынтіректері болып табылатын жұқа қабатты ішпектер оранатылады.Ішпектің бетіне баббит қорытпасы құйылады (қорғасын мен қалай қорытпасы ).

 

 

Сурет – 1.1 КШМ - МТЗ тракторының



 

1 –иінді білік; 2 – тісті дөңгелек; 3 - жетекші май сорғышының тісті дөңгелегі; 4 – алдыңғы май қайырғы; 5 – шкив; 6 – бұранда; 7 – бөгеткіш шайба; 8 – шайба; 9 – төменгі ішпек; 10 – жоғарғы ішпек; 11 – бұлғақ; 12 –артқы май қайырғы; 13 – сермердің тәжі; 14 – сермер; 15 – ілініс муфта бұрандамасы; 16 – сермер бұрандамасы; 17 – төменгі тіреуіш жарты сақина;

18 – жоғарғы тіреуіш жарты сақина; 19 – теңсалмақ.

Бұлғақ келесі бөлшектерден тұрады: 1 – гайка М14; 2 – Гравер 14; 3 – Арнайы бұрандама М14; 5 – Бугель; 6 – Бұлғақ.

 

 

Сурет - 1.2 – Бұлғақтың жалпы көрінісі



 

Болат бұлғақтың штампталған қос тавр қимасы бар. Бұлғақтың жоғарғы бастиегінде биметаллды төлке бастырылған.Бұлғақтың жоғарғы бастиегіндегі поршень саусағын және төлкеде майлауды қамтамасыз ету үшін тесік қарастырылған. Бұлғақтың төменгі бастиегі біріктірілген, бұлғақ ішпектерін орнату үшін кеңейжонылған. Төменгі бастиек қақпағы бұлғаққа екі бұрандама және гайка арқылы бекітіледі.Гайка астына тоқататқыш шайба орналасқан.

 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет