Әңгімелесу
Мақсаты: Оқшылармен әңгімелесу барысында темперамент және мінез-қүлқындағы ерекшеліктерді анықтау Әнгіме барысы: Оқушылармен әңгімелесу үшін 15 сүрақ қүрастырылды. Әңгіме тақырыбы — "Мен және мені қоршаған орта". Алынған нәтиже арнайы диаграммаға белгіленеді. Диаграмма әрбір оқушыға жеке-жеке қүрылады. Мінез ерекшеліктері мынандай сандармен белгіленеді: 1- көпшілік, 2-үйымшылдық, 3-өзімшілдік, 4-шыншыл, 5-өтірік айту, 6-үқыптылығы, 7- түйықтығы, 8-сезімталдығы, 9-табандылығы, 10-қарым-қатынасы. Әңгімелесу кезеңі 25 минуттан аспауы тиіс. Сүрақтар
Өзің жайында әңгімелеп бер.
Ата-анаң, достарың жөнінде әңгіме.
Бос уақытында немен айналысасың?
Бос уақытыңды кіммен өткізгенде үнатасың?
Сен үйіңе қонақ келгенді үнатасың ба?
Сен үйде мамаңа көмек бересің бе?
Сенің тілектерің үнемі орындала ма? Неліктен?
Сен де киноға екі билет бар. Сен кионға кімді шақырасың?
Сен 93 сүрақтарыңа өзің жауап бере аласың ба?
Жаңа достарыңның болғанын үнатасың ба?
Қоғамда болып жатқан өзгерістер сені ойландыра ма?
Өзіңнің бойыңдағы қандай қасиеттерді өзгерткің келеді?
Достарыңды жиі ренжітесің бе?
Үлкейгенде кім болғың келеді? .
15. Егер де саған шел далада, Африкада нсмесе өз
Отаныңда түруды үсынса қай жерді қалайсың? Неге?
Әрбір оқушының жеке басын тәрбиелеудің стратегиясын білу үшін сынып жетекшісі тек қана оның күшті және әлсіз жақтарын біліп қоймай, сонымен қатар оның оқитын, тұраты жерін және қарым – қатынас жасайтын жақтарын білу қажет. Ол үшін олардың ата – аналарымен тығыз байланыста болу қажет: әңгімелесу, ата – аналар жиналысы, анкеталық сұрақтар қою, ата – аналардың психологиялық, педогогикалық білімдерінің деңгейімен танысу. Оқушының ары қарай жетілуінің бағдарламасын құрмастан бұрын, мұғалім оған әр түрлі әдіс – тәсілдер арқылы өзіндік бағалау және өзіндік талдау жасауға көмектеседі. Бұл мақсаттарда мына тақырыптарға әңгіме жүргізуге болады: “Мен кіммін?”, “Мен қандаймын?”, “Мені түсіну үшін не істеу керек?” “Менің досым” “қарым – қатынас деңгейін анықтау”, “Мектепке қалай қарайсың”, “Сен досыңа жол бере аласың ба”, “Мектеп - оқушы көзімен”, т.б.
Мінез - құлқында қиындығы бар оқшылары үшін жоғары деңгейдегі эмоционалды қозғыштық тән екендігін байқауға болады. Оқушылардың мектеп өмірін эмоционалды қабылдауын анықтау барысында біз 6 сынып оқушыларымен мынадай сауалдама өткіздік:
Мектепке сен қандай көңіл күймен келесің? Неге?
Саған өз ұстазың, сыныптас достарың ұнайды ма?
Ата – анаң сенің мектепке баруыңды қадағалап отырады ма?
Сауалнама нәтижесі:
Сыныптар
|
Көңілді
|
Көңілсіз
|
Бір қалыпты
|
6а
|
90%
|
0
|
10%
|
6в
|
85%
|
5%
|
10%
|
6е
|
70%
|
8%
|
22%
|
Оқушы мінезін тәрбелеудің сан қырлы жолдары бар писихологиялық – педогогикалық әдебиеттерде тәрбиелеудің негізгі екі арнасы бар екені көрнеді. Біріншісі – оқушының іс - әрекетінің қателіктеріне көзін жеткізу, екіншісі – жақсы әдет ғұрыпқа дағдыландыру. Осы екі жолды қатар бір – бірінен ажыратпай байланыстыра жүргізсе, оқушы мінезі саналылық жолға бағытталады. Оқушылрдың мінез – құлқынның ерекшеліктерін анеықтау үшін төмендегі тәсілдерді ұсынамыз:
1. Оқушының тәртібін сабақ үстінде және сабақтан тыс кезеңде бақылау:
2. Оның қызметін талдау (әр пән бойынша дәптерлері, бақылау жұмыстары, шығармалары т.б.):
3. Оқушымен оны не қызықтырады және жақсы көретін сабақтары жөнінде әңдімелесу:
4. Достары жөнінде әңгіме жүргізу.
Оқушылардың мінез – құлқындағы қиыншылықтардың пайда болу себептерін анықтау барысында, біз мынандай әдістерді қолдандық: “Отбасы суреті”, Әңгімелесу, қарым – қатынас деңгейін анықтау, Айзенк тесті, мектеп – оқушы көзімен, досыңа жол бере аласың ба? Т.б.
“Отбасы” суреті.
Мақсаты: Отбасы ішілік қарым – қатынас ерекшеліктерін анықтау.
Алдымен оқушыларға: “Оқушылар сендер үйде кіммен тұрасыңдар, Отбасы мүшелерін салыңдар” – деген тапсырма беріледі. Суретті талдау барысында, оқушының отбасы мүшелерін қалай суретегеніне көңіл бөлу керек.
“Отбасы” cуретті бойынша алынған нәтиже.
Оқушы ата – анасының ортасында
|
Оқушы әкесіне немесе анасына жақын
|
Оқушы екеуінен де алшақ
|
2
|
4
|
2
|
Мінез-құлқы қиын балалардың жеке басының дамуында өзіндік бағалау үлкен рөль атқарады.
Өзіндік бағалауы теңбе-тең (адекватное) оқушыларға тән қасиеттер: белсенділік, тапқырлық, сергектік олар қарым-қатынасқа тез түседі. Ойын, сабақ үстіндегі жеңілістеріне ренжімейді, жеңген уақытта басқаларды ызаландырмайды. Ал, өзіндік бағалауы жоғары оқушыларға тән қасиеттер, олар, қандайда бір іс-әрекетке қатысуға қорқады. Қатысқан жағдайда ренжіп кетіп қалады.
Олар әрдайым барлық жерде бірінші болуға тырысады. Егер бұл орындалмай қалса жүректеріне жақын қабылдайды, өзіндік бағалауы өте жоғары оқушылар барлық жерде лидер болуға ұмтылады. Мұндай балалардан: «Мен ең жақсы оқушымын (әдемімін, мықтымын). Сендердің барлықтарың мені тыңдауларың керек!» — деген сөздерді жиі естуге болады.
Өзіндік бағалауы төмен оқушыларға ұялшақтық қасиет тән. Шетелдік психолог Ф.Зимбардо [48] бұл кұбылысты зерттеп өз жұмысында көрсеткен.
Ұялшақтық дұрыс қарым-қатынас жасай алмайтын оқушыларға тән қасиет болып табылады (Н.В.Клюева, Ю.В. Касаткина).
Ф.Зимбардо [48] ұялшақтықтың келесі қасиеттерге алып келетіндігін көрсетеді:
• Ұялшақтық жаңа адамдармен кездескенде және танысқанда қиындыққа соқтырады;
• Өз құқығын, пікірін айтуға кедергі келтіреді,
• Тұйықтыққа алып келеді.
• Жалғыздықты сезіну және мазасыздану, депрессия сияқты сезіммен беріледі. Ұялшақтық - адамдардан қорыққандықтан да пайда болады, балалық шақтан қалыптасады. Сондықтан дер кезінде түзету жұмыстарын жүргізу қажет деп есептелінеді.
Ұялшақтық оқушылардың өзіндік бағалауларына да әсер етеді- [51].
Достарыңызбен бөлісу: |