Қоғамдық пайдалы еңбекке тарту.
Мектепте немесе жазғы лагерьлерде болсын: "Әр оқушыға - қоғамдық іс" деген талап кең тараған. Осыны басшылыққа ала отырып, тәрбиешілер барлық балаларды қоғамдық пайдалы іске тартуы тиіс. Олардың жоспарларында окушыларды еңбектің алуан түрлеріне қатыстыру, еңбек қызметін ұйымдасгыру көзделуі керек. Қоғамдық пайдалы істі жоспарлағанда еңбектің негізгі түрлерін отрядтар немесе топ бойынша олардың жас ерекшеліктерін ескере отырып білу қажет. Қоғамдық пайдалы еңбек процесінде балалар жолдастарымен, ұжымымен, тобымен еңбек қарым - қатынасқа қадам басады. Сонымен қатар өз еңбегіне, тапсырылған іске деген жеке жауапкершілік орнығады.
Оқушыларды өнерге тарту.
Жазғы лагерьлер өміріне эстетикалық тәрбие беру жұмыстарының түрлі формалары берік енген. Атап айтқанда, музыка кештері мен мерекелер, оқушылар шығармасы жұмысының көрмелері т.б.
Тәрбиешілер бұл процесті әр оқушының қабілетін, талабы мен бейімділігін ескере отырып, белгілі бip жүйеде ұйымдастыруы керек.
Тәрбие жұмысында қайта тәрбиелеуде елеулі орын алады. Бұл жұмыс оқушы жүріс-тұрысындағы ауытқулардың алдын алу және жеңуге бағытталады.
Тәрбиелеу әдістері сияқты, қайта тәрбиелеудің барлық әдістері белгілі бір жағдайға сай, оқиғаны тұлғасының дербес ерекшеліктеріне, оның жүріс-тұрыс тәсілдеріне, өмірінің жағдайлары мен күйлеріне тәуелді, тәрбиенің басқа әдістері және тәсілдерімен арнайы түрде үйлестіріле отырып қолданылады.
Тәрбие - педагогикалық процестің өте маңызды, әрі күрделі де ұзақ мерзімді қажет ететін құрамдас бөлігі екендігі бәрімізге мәлім. Олай болса, балалардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру, тәрбиелік шаралардың нәтижесін арттыру одан да күрделі мәселе. Лагерь жағдайында бұл жауапты мәселерді жүзеге асыру, тәрбиешілерге жүктеледі. Оны нәтижелі ұйымдастыру, тәрбиешілердің педагогикалық білім дeңгeйiнiң сапасы мен педагогтік шеберлігіне байланысты.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.
Болашақ С.Дүйсенбиева «Қиын» баланы қайта тәрбиелеу жолдары №12 (435) наурыз 2007 ж
Болашақ Ш.Парманқұлова «Қиын бала» және отбасы тәрбиесі 2006 №20 мамыр 3 бет
Болашақ С.Дүйсенбиева «Қиын балалармен жұмыс түрлері» №20 (305) мамыр 2006 ж
Болашақ Оңалбай Е. «Психолог – тәрбие жұмысындағы жетекші тұлға» №14 (209) сәуір 2006 ж
Хабаршы «Психология және социология» сериясы №2 (13)
С.М.Жақыпов, Т.К.Күнсләмова «Жетекшідегі «мен» бейнесі және агрессивті мінез – құлық пен өзіндік бағалаудың байланысы.
Выготский Л.С, «Педология подростка» Собр. Соч. М.1984 93-101 бет
Парманқұлова Ш, Қиын бала және отбасы тәрбиесі/Парманқұлова Ш, //Болашақ.- 2006-№2. –С,№2-қаңтар
Юсупов И. Қиын оқушы қайдан шығады ? Юсупов // Қазақстан мұғалімі .- 2006.- 1 Қараша.-Б5
Қайырова Ж. Ауытқушы мінез-құлықтың шығу себептері мен факторлары /Қайырова Ж.// Қазақстан мектебі – 2006 -№1 –С.62-67 бет
Әбеуова И. Мінез-құлқында қиындық бар оқушыларды анықтау жолдары/Әбеуова И// Ұлағат – 2004-№5-26-30 бет –С.№5 26-30б Әлеуметтік психология
Өтеген Қ. Девиантты мінез-құлықты балаларға сипаттама және оны анықтау жолдары /Қ.Өтеген// Бастауыш мектеп. – 2007 -№1 –Б.5-
Қоянбаев ж., Қоянбаев м. «Педагогика» Алматы- 2000 ж.
Жарықбаев Қ., Қалиев С. «Қазақ тәлім-тәрбиесі» Алматы; «Санат» -1996
Достарыңызбен бөлісу: |