Негізгі катего
риялар
|
Категориялар мазмұны
|
Шәкірттің білімі
|
Тапсырмалар түрі
|
Білім
|
Таным мен ойлау деңгейі – төменгі деңгей.
Бұл категория мәлiметтердi қайталау немесе тану арқылы есте қалай сақталғанын тексеруге бағытталады, мағлұмат пен деректердi еске түсiредi.
|
Қолданылған терминдерді біледі
Нақты фактілерді, жұмыстың орындалу ретін, негізгі ұғымдарды, ережелерді, қағидаларды біледі.
|
Не? Қашан? Қандай? Қайда? Формуласын жазу, атап көрсету, жабық тест тапсырмалары; қалдырып кеткен белгiлердi қою; қолдану тәртiбiн айту.
|
Түсіну
|
Таным мен ойлау деңгейі – ортаңғы деңгей.
Оқу материалын түсіну:
Трансляция – оқу материалын бір «тілден» екінші «тілге» ауыстыру
Интерпретация – оқу материалын «өз сөзімен» түсіндіру, қысқаша баяндау;
Жорамалдау – оқу материалдары бойынша әңгіменің әрі қарай не туралы болатындығын болжау.
|
Фактілерді, ережелерді, қағидаларды түсінеді;
Сөзбен келтірілген материалды, схемалар, графиктер, диаграммаларды түрлендіреді;
Сөзбен келтірілген материалды математикалық ұғымдарға өзгертеді;
|
Қалай? Неліктен? Сөйлемді аяқта; сөйлемді өзгерт; өзара байланысын түсіндір; айырмашылығын көрсет; өз сөзіңбен айт; графикті, суретті түсіндіріп бер.
|
Қолдану
|
Таным мен ойлау деңгейі – ортаңғы деңгей.
Бұл категория оқу материалын нақты жағдайда және мүлдем жаңа ситуацияда қолдануды меңзейді. Оқу нәтижелері түсіне деңгейіне қарағанда материалды тереңірек игеруді талап етеді.
|
Ұғымдар мен қағидаларды жаңа жағдайларда қолданады;
-Заңдар мен теорияларды практикалық тұрғыдан нақты ситуацияларда қолданады;
|
Жасап көр: таблица, график жаса; қолдану мақсатын түсіндір; есепті бірнеше тәсілмен шеш, берілген гипотезаны тексер.
|
|