БөЖ-2 Тақырыбы: Философия және философ қоғам мен адам өмірінде Орындаған: Аман Бақдәулет Тобы



Дата19.10.2022
өлшемі191.38 Kb.
#462967
БӨЖ-2 Философия және философ қоғам мен адам өмірінде






БӨЖ-2

Тақырыбы: Философия және философ қоғам мен адам өмірінде


Орындаған: Аман Бақдәулет
Тобы: ВТиПО 21-12
Тексерген:

Алматы Технологиялық Университеты


Адамның объективтiк дүниенi танудың алғашқы формалары-дүниенi сезiну және дүниенi қабылдау — эмоционалды-сезiмдiк сфералармен, түйсiктермен байланысты болады. Әрбiр адам жастайынан дүниенi танып бiле бастайды, заттар мен құбылыстар жайында бiлiмдер жинақтайды (мыс.оптимистiк және пессимистiк көзқарастар дүниенi сезiну мен байланысты,ал сол сезiмдер негiзiнде қалыптасқан образдар мен бейнелер мыс.белгiлi бiр өткен немесе келешекте болатын өмiр жағдайларын елестету, дүниенi қабылдау болып табылады). Дүниенi сезiну мен қабылдау адам өмiрiнде маңызды орын алады,бiрақ құбылыстар мен процестердiн терен мәнiң,олардын себептерi мен салдарын түсiнуге мүмкiндiк тудырмайды. Ондай мүмкiндiк тек дүниетаным негiзiнде қалыптасады. Адам заттар мен құбылыстар жайында бiлiмдер жинақтай отырып, дүние неге былай құрылған,адамның тууы мен өлiмiнiң, бақыты мен қайғы –қасiретiнiң себебi неде деген мың-сан сұрақтар қойып,оларға жауап iздейдi.Бұл сұрақтарға адам өзiнiң мәдени денгейiне байланысты, арнаулы немесе жалпы бiлiм дәрежесiне орай,әр түрлi өзара әнгiмелесудiң әсерiмен және бұқаралық ақпарат құралдары мен әдеби кiтаптардан алынған мағлұматтарына қарай жауап бере отырып,өзiнiң жеке өмiрлiк философиясын,өз дүниетанымын құрастырыды. Дүниениетаным дегенiмiз адамның дүниенi түсiнү,оны бағалаудың принциптерi мен әрекеттерi, бiлiмi мен сенiмi,ой-пiкiрлерi мен құндылықтарының синтезi, жинтығы. Кейiн,адамның бiлiмдерi мен сенiмдерi бiркелкi жинақтала келiп, дүниенiң өзгерiсi мен дамуы туралы кең көлемдi көзқарас, ой-пiкiрге айналады (дүниетаным дүниеге көзқарсқа айналады). Дүниедегi өзiнiң орны туралы,жеке және қоғамдық өмiрдiң мақсат-мүдделерi туралы,өзiнiң өмiрлiк ұстанымы мен iс-әрекетi туралы ойлана отырып адам белгiлi бiр көзқарастарға келедi. Дүниеге көзқарас дегенiмiз-айнала қоршаған орта, бүкiл әлем,тұтас дүние туралы,ондағы адамның орны,тiршiлiктiң мән-мағынасы туралы көзқарастардың пiкiрлер мен түсiнiктердiң жүйеленген жиынтығы. Дк-сезiмнен,нанымнан,танымнан тұрады. Сонымен,дүниегекөзқарас-адамзат санасының,дүниетанымының қажеттi бөлiгi.Бiлiм мен сенiмнiң,ой мен сезiмнiң, көңiл-күйi мен мақсат-мүдденiң, үмiт пен ниетiң т.б. түрлi жақтарының бiрiгуi болып табылатын дүниеге көзқарас адамдардың дүние және өзi туралы бiртұтас ұғымдарының жиытығы деуге болады.Дүниеге көзқарастың өзегi бiлiм болғандықтан,бiлiмнiң мазмұнының ақиқатығымен тереңдiгiне,дәлелдiлiгi мен жүйелiлiгiне қарай ол күнделiктi – практикалық және теориалық болып бөлiнедi. Күнделiктi – практикалық дүниегекөзқарас бiркелкi емес, өйткенi оның иесi болып табылатын адамдардын бiлiмi, ақыл ойы мен рухани мәдениетi,ұлттық дәстүрлерi мен дiни сенiмдерi жағынан алуан түрлi. Күнделiктi –практикалық дүниеге көзқарас құрамына сананың аса қарапайым формаларынан бастап, ғылымдардың, өнер иелерi мен саяси қайраткерлердiң т.б. озат ой-пiкiрлерi болады. Мұндай көзқараста қателесу, адасушылық пiкiрлер де бар.Өйткенi, тұрмыстық көзқарастың формалары стихиялық сипатта қылыптасқан мазмұны терен ойластырылмаған ,жан-жақты талданбаған және дәлелделмеген. Ал дүниегеқөзқарастың теориялық денгей арнайы сынақтан өткен,ғылыми негiзделiп дәлелденген болып табылады. Философия және ғылым көзқарастың осындай (теориялық) денгейiн жатады,өйткенi философиялық көзқарас жалпы теориялық бiлiмдердi ғана бейнелендiредi. Теориялық көзқарастың ерекшiлiктерi өзiне ғана тән өзгеше тiлi бар(категориялдық аппарат), жоғары және қатан денгейде абстракциялану. Бұл денгейде, адамды және әлемдi зерттеудiң арнайы әдiстерi пайда болады,объективтi және субъективтi нақтылықтың қалыпы,моделi құрылады да,адам өмiрiнде үлгi болатын көзқарастар қалыптасады. Мәселе шешу тұлғаның көзқарысына қоғамда қалыптасқан ой-пiкiрлер,принциптер,әдептiлiк нормалары, құндылықтар табиғаты және т.б. әсерiн тигiзетiнi көпшiлiкке белгiлi. Философияны түсiнуде және оның дүние мен адамды тануда атқаратын ролiн анықтауда жиi көптеген пiкiрлер айтылды. Мысалы, әйгiлi Аристотель(б.з.д.384-322, философ, энциклопедист-ғалым, формальды логиканың негiзiн қалаушы, Этика және политика,метафизика, физика, биология және психологиядан көптеген еңбектер жазған. Оның iшiнде ең танымалдылары «Категориялар», «Аналитика», «Топика», «Физика», «Метафизика», «Политика», «Никомахтын этикасы» т.б).философияны «ғылымдар иесi» деп атады, құлы иесiнiң алдында қандай болса, жеке ғылымдар да философияның алдында сондай әлсiз деп түсiндi.Жеке ғылымдардын әр қайсысы өзiне тиiстi құбылыстарын зерттеумен айналысушы, ал философия болмыстың ең жалпы бастамалары мен бiрiншi себептерi жайындағы iлiм деп анықтады. Сондықтан ол «бiрiншi философия». Теориялық жағынан пiсiп жетiлмеген жеке ғылымдардың философиялық ой-пiкiрлерге тәуелдiлiгiн бiлдiретiн сол дәуiрдегi бұл түсiнiк көптеген ғасырлар ьойы философтардың санасында сақталып келдi. Сол түсiнiктi қабылдаған немiс философы Гегель де (1770-1831) философияны «ғылымдардың патшасы» немесе «ғылымдардың ғылымы» деп атады, өйткенi тек философия ғана нағыз шындық пен ақиқатқа әкеледi. Арнаулы бiлiмдер дамуының жоғары кезенiнде 19ғ. екiншi жартысы мен 20ғ. жеке ғылымдарды дәрiптеп, философияның маңызын жоққа шығаратын ой-пiкiрлер шықты. Философиялық бiлiмдер ақиқатқа жеткiзбейдi өйткенi олар априорлы (тәжiрибеден тыс) деп анықтады О. Конт. Бұл кезенде пайда болған позитивизм iлiмiнiң өкiлдiрi философияның танымдық мүмкiндiктерiне, оның ғылымдылығына күмән келтiрiп, ғылымдардың «патшасын» оның «қызметшiсiне» айналдырды. Алайда, қазiргi ғылымдардың негiзiн құрайтын көптеген идеяларды тұнғыш рет философия ұсынған(Левкип пен Демокриттiң- атомдары,Декарттың-рефлекс туралы ұғымы, П.Гассенди атомдардан тұратын күрделi бөлшектер молекулалар деген). Сонымен қатар ғылымның прогрессi өз тарапынан философияны байытты(жаратылыстануда әрбiр ұлы жаналық ашылған сайын материализм өз формасың өзгерттi). Қазiргi заманғы көрнектi зерттеушiлер философиялық көзқарастың ғылыми зерттеуге бағыт берушiлiк маңызың ерекше зор екендiгiн үнемi атап көрсетiп жүр.(Луи де Бройль неопозитивизм алған пiкiр философияға да, жаратылыстануға да зияның тигiзетiнiн атап көрсеттi; Альберт Энштейннiң пiкiрiнше, бiздiн кезiмiзде гi физиктер философиялық проблемалармен көбiрек айналысуда, өйткенi ғылымдарды бұған мәжбүр етiп отырған өз ғылымның қиыншылықтары). Қазiргi заманғы жаратылыстану ғылымдары интеграциялану тенденциясын бастан кешiрiп отыр, сондықтан ол жалпылаудын жаңа теорияларын iздестiру үстiнде (элементарлық бөлшектрдiн, өсiмдiктер мен жануарлар дүниесi дамуының, күрделi жүйелердiн, басқарудың және т.б. жалпы даму теориясы). Мұндай жоғары денгейлi жалпылаулар жоғары философиялық мәдениет бар жерде ғана мүмкiн. Сондықтан философия мен жеке ғылымдардың арақатынасы символикалық түрде бiлiм ағашы болып көрiнедiфилософия мұнда-өзек-дiнгек болса, ал жеке ғылымдар-оның сыртқы қабыршығы деуге болады (Р.Декарттың (1596-1650)-барлық философия ағашқа ұқсайды, тамыры-метафизика, орта бұтағы-физика, ал осы бұтақтан таралған бұтақшалар басқа ғылымдар). Өйткенi жеке ғылымдар дүниенiң тек жеке үзiндiлерiн ғана зерттейдi, ал философия болсашы сол ғылымдардың негiзгi даму бағыттарын ұйғарып отырады да, олар жасаған қорытындыларды қоғамдық-мәдени денгейде жалпылап, түсiндiрiп отырады. Әрине философия ұлы данышпандардың өй-толғауларының туындап отыр, бiрақ философияны субъективтiлiкке жатқызуға болмайды (Ницше- философия жеке дара ойшылдың шығармашылығы деп есептеген), өйткенi философия тек форма жағынаң субъективтi, ал оның мазмұны әрине объективтi болып келедi. Ұлы философтардың жүйелерi ғылымилық өлшеуiшке әбден келiп тұр, ол рационалдық, объективтiлiк, жүйелiлiк,интерсубъективтiлiк. Адамға қоршаған ортада бағдар жасауына, оны өзгертуiне көмек беретiн-ғылым. Ғылымның барлық салалары жекелей және барлығы жиылып әлемдi белгiлi дәрежеде түсiнуге септiгiн тигiзгенiмен дүниетанымының орнын алмастыра алмайды. Дүниетаным ғылым жетiстiктерi негiзiнде қалыптасады, бiрақ ол сонымен қатар, қоғамның тарихи тәжiрибесiне, оның мәдениетiне сүйенедi, әлеуметтiк дамудың жеткен деңгейi мен өмiр сүру тәртiбiн бейнелейдi. Мұның бәрi бiлiмнiң ерекше жүйесi- философияны игерудi қажет етедi. Мәселе шешуӘр дәуiрдiн ойшылдары философиялық мәселенi қоюына, шешуiне әр-түрлi қараған. Мысалы Френсис Бэкон (1561-1629) табиғаттың дүлей күштерiн игеру ф.н.м. болып табылады десе,осы күнгi сциентизм өкiлi Бэртран Рассел (1872-1970) ф.н.м. мүлде жоқ деп есептеген, ал белгiлi француз философы Огюст Конт (1798-1857) философияның дәуiрi өттi деп санады. Қалыпты немесе, оның терминологиясы бойынша «позитивтi» ғылымдар-физика,математика,химия және т.б. философияны керек етпейдi. Олар барлық мәселелердi өздерi шеше алады, олр «өздерiнше» философия. Бұл көзқарас деген атауға ие болды. 20ғ.француз философы Альфред Камю (1913-1960) негiзгi мәселе- өмiр сүру қажет пе әлде жоқ па деген мәселе болдып табылады дейдi.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет