Бөж ұлы Дала аумағындағы мемлекеттіліктің қалыптасуы мен көшпелі және отырықшы мәдени аймақтардың өзара қатынастарының алғашқы кезеңдері


Көшпелі мәдениетке Тарихшылардың пікірлері мен көзқарастары



бет4/5
Дата04.03.2024
өлшемі92.5 Kb.
#494123
1   2   3   4   5
БӨЖ №1 Жакупова Камила Әлемдік экономика

Көшпелі мәдениетке Тарихшылардың пікірлері мен көзқарастары
Геродот сақтарды азиялық скифтер деп атайды, Страбон да дай, сақ, массагеттен басқаларын ортақ атпен скифтер дейді. Екі автордың да еңбектерінде сақ, массанет тайпалары жайлы айтылады. Геродот массагеттерді Каспий теңізінен шығысқа қарай, Сырдарияның арғы жағына орналастырады. Страбон да «Скифтерді Каспий теңізінен бастап, көбіне «дайлар» деп атайды. Олардың шығысында орналасқан тайпалар массагеттер мен сақтар болды» деп көрсетеді. Бірақ әрбір тайпаның дербес атауы бар деп жазады(асиилер, пассиактар, тохарлар, сакаравилер)
Геродот пен Страбонның еңбектерінде сақтардың парсы патшасы Кирге қарсы соғысы баяндалады. Геродот «Басында әскерлер садақпен атысады. Садақ оғы біткеннен кейін жекпе-жекке шығып, семсер және найзамен соғысады. Нәтижесінде массагеттер жеңіп шығады. Парсы жауынгерлерінің көбі қырылып, Кир өледі» деп сипаттаса, Страбон «Массагеттер Кирге қарсы соғыста өздерінің ержүрек екендерін көрсетті, оларды көпшілік мақтайды » деп жазды.
Геродот «Масагеттердің киімі мен өмір сүру дағдысы скифтерге ұқсас. Олар егін екпейді, мал мен өзеннен аулайтын балықты азық етеді. Сүт ішеді» деп жазса, Страабон «Жазық жерде тұрғанмен, олар егіншілікпен айналыспайды, олар -көшпелілер. Скифтер сияқты малшылықпен және балық аулаумен күн көреді» дейді.
Геродот пен Страбонның еңбектерінде массагеттердің әскери өнері туралы мәліметтер де ұқсас болып келеді. Геродоттың айтуынша «Олар ат үсінде және жаяу да соғыса береді. Соғыстың екі тәсілін жетік меңгерген. Найза, қылышпен қаруланған, садақты жақсы аиады, бәрі шетінен құралайды көздеп ататын мерген келеді» десе, Страбон «Олар ат құлағында ойнайды және тамаша жаяу жауынгерлер. Садақпен, қылышпен және қола балталармен қаруланған, сауыт киеді» деп жазады.
Көшпелілер туралы түсінік алдымен отырықшы халықтар арасында қалыптасты. Б.з.д. V ғасырда өмір сүрген тарихшы Геродот көшпелі скиф тайпаларының тұрмысын мадақтап жазды. Көне Қытайда «көшпелілер жабайы, мәдениеттің қас жауы » деген түсінік қалыптасты. Еуропада көшпелі ғұндарды «жабайылардың тұқымы, өркениеттің жауы» деп есептеді. XVIII-XIX ғасырлардағы Еуропа ғалымдары да көшпелілер туралы өз көзқарастарын білдіріп отырды. Мысалы, Монтескье көшпелілер қоғамын «әділетті, теңдікті қоғам » десе, Фергюсон, Адам Смит: «Көшпелілерде мүлік теңсіздігі, әлеуметтік теңсіздік ерте пайда болды»,- деген.
ҚОРЫТЫНДЫ
Қазақстан тарихында мемлекетттіліктің қалыптасуы күрделі кезеңдерден тұрады. Бұл кезеңдерде көптеген тайпалар бір-біріне әсер етіп отырықшы және көшпелі болып бөлінген. Осылайша, Ұлы дала халықтары түрлі кезеңдерден өтіп өз мәдениетін , өз мемлекеттілігін қалыптастырған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет