Қазақстан аумағындағы мемлекеттіліктің қалыптасуы
Дала өркениеті мемлекеттіліктің өзіндік ерекшеліктерінің қалыптасуы мен көшпелі мемлекеттердің құрылуына алып келді. Қазақстан аумағынада ежелгі және орта ғасырлар дәуірінде мемлекеттілік үрдісі екі басты белгілермен сипатталады, олар- үздіксіздік және сабақтастық. Қазақстан территориясында мемлекеттіліктің пайда болуы негізігі шаруашылығы көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы болған сақ қоғамымен (б.з.д. VIII-III ғғ.) байланысты.Сақтардың мәдени шығармашылығындағы ерекше құбылыстардың бірі «аң стилі» деп аталған бейнелеу өнері болды. Бұл стиль олардың дүниетанымының көрінісі мен олардың мифологиясының бейнелеу өнерінде іске асуы және көшпелілер идеологиясын көрсетудің ерекше белгілік жүйесі ретінде қалыптасқан.Бұл олардың көркемдік ой-өрісінің дамығандығын және металлдар технологияларын жоғары дәрежеде меңгергендігін білдіреді. V-IV ғғ. сақтарда мемлекеттіліктің басты белгісі- жазу пайда болған. Осылайша, сақтарда мемлекеттің қалыптасуы мен жазудың пайда болуы өзара байланыстағы және бір мезеттегі үрдіс болды.
Б.з.д. II ғасырда Қазақстанды мекендеген тайпалар - үйсін мен каңлы тайпалары болатын.Үйсін тайпалары құрган мемлекеттік бірлестіктің территориясы
солтүстікте Балқашқа дейін, батыста Таласқа дейін жеткен.
Үйсін гуньмосының ордасы Чигу-Чэн (Қызыл аңғар) қаласы Ыстықкол жағалауында болды. Үйсін мемлекетінің күш-қуатының кандай болғанын мынадан коруге болады: Үйсін гуньмосы Қытай ханшасына үйленді немесе қызы қытай билеушісіне түрмысқа шықты. Б.з. V ғасырының бас кезінде үйсін атауы тарихи моліметтерде кездеспейді. «Үйсін» этнонимі әлі күнге дейін сакталып келе жатқанын айта кеткен жон. Қазақтардың Ұлы Жүздің бір руы үйсін деп аталады.
Б.з. д. I мыңжылдық аяғында - б.з. I мыңжылдығының бірінші жартысында Оңтүстік Қазақстан аумағында сол кездегі Шығыстың ірі мемлекеттерінің бірі - Қаңлы мемлекеті пайда болды. Оның ықпалы Талас пен Ферғанадан бастап шығысында Арал жағалауының солтүстік-батысына дейін, солтүстігінде Орталық Қазақстан дапасынан бастап оңтүстігінде Орта Азияға дейін жүрді.
Жазба әдебиеттерде хундар туралы деректер алғаш рет б.з.д. 822 жылы кездеседі. Қазакстан мен Орта Азияда нәсілдік, этникалық және мәдени жағдайлардың күрт өзгеруі Шығыстан ығыскан халыктардың Ұлы коныс аударуымен байланысты.Адамзат тарихында үлкен рөл атқарган хундар мемлекеті шығыста Ұлы мұхиттан, батыста Тарбағатайға дейінгі аумаққа созылып жатты. Б.з.д. V ғасырга таман олар Оңтүстік Монголия мен Ордоста коныстанды. Б.з.д. III ғасырда хундар шабуылының күшейгені соншалык, кытай императорын Ұлы қорғанды тұргызуга мәжбүр етті. Б.з.д. III ғасырдың аяғында хундарда мемлекеттің негізі каланды.
Достарыңызбен бөлісу: |