Бөж отандық және шетелдік инклюзивті білім беру тарихына аналитикалық талдау жасау



бет3/3
Дата15.11.2023
өлшемі23.76 Kb.
#483374
1   2   3
БӨЖ 2

Үндістан: 1986 жылы құрастырылған және 1992 жылы толықтырылған білім туралы Ұлттық заң, көптеген кәсіпқойлар, бірқатар штат өкілдері мен басқа қызығушылық танытқан адамдардың бірлескен күш-жігерінің нәтижесінде пайда болды. Аталған бағдарламаның аясында, білім осы елдің барлық тұрғындарына ұсынылуы керек. Заңның негізгі қағидалары білім алудағы және ерекше қажеттіліктері бар адамдарға теңдей құқық пен мүмкіндік ұсынуда, кедергілерді жобға бағытталған. Елдің көп тілдігін, оның діни, әлеуметтік-мәдени ерекшеліктерін, сонымен бірге ұзақ ғасырлар бойы колония (бодан) ретінде болудың салдарын ескерудің қажеттілігі атап көрсетіледі. Мүгедек балалар, қыздар, ұлттық аз топтар мен шалғай аймақта тұратын балалар, қосымша зейін аударуға мұқтаж балалар ретінде анықталды. Оқшауланған топтарға бірқатар тайпалар мен ақсүйектер жатады.
Барлық батыс елдерінде мүмкіндігі шектеулі оқушыларды қамтамасыз етудің өзіндік тәжірибесі болады. Әдетте, әрбір елде педагогикалық қамтамасыз етудің және мүмкіндігі шектеулі балаларды қолдаудың өзіндік моделі болады. Олардың көпшілігінде мектептен тыс ресурстық орталықтар немесе қолдаудың жергілікті қызметі құрылған, олар «арнайы мұғалімді» жалпы білім беретін ұйымға немесе нақты педагогқа көмек беру үшін бағыттайды. Ғалымдардың зерттеулері (Коркунов В.В., Малофеев Н.Н:, Назарова Н.М. және т.б.) мүмкіндігі шектеулі балалардың әлемнің әртүрлі елдерінде білім берудің жалпы жүйесіне ендіру үдерісінің, нақты әлеуметтік-мәдени жағдайлар мен басшылықтың саяси еркін есепке алып, бірте-бірте жүзеге асатынын көрсетеді. Әрбір елде интеграцияның өзіндік модельдері жүзеге асырылады, ол білім берудің әмбебап интегративті модельдерін құрудың мүмкін еместігін білдіреді. Алайда, кез келген елде интеграциялық білім беруді табысты жүзеге асырудың алғышарттары болады. Оларға жататындар:

  • Тұлғаның құқықтарын кепіл сақтаумен демократиялық қоғамдық құрылым;

  • Білім беру үдерісінің қаржылық қамтамасыз етілуі;

  • Мүмкіндігі шектеулі балалардың өмір сүру әрекетінің ерекше жағдайлары мен арнайы білім беру қызметінің кең тізімінің жалпы білім беретін мектеп, балабақша құрылымында болуы;

  • Интеграциялық үдерістердің жүргізілуінің еркін сипаты, білім беретін және коррекциялық қызметті таңдау мүмкіндігі;

  • Қоғамның мүмкіндігі шектеулі адамдармен өзара әрекет етуге дайындығы.



Қорыта айтқанда мектепте инклюзивті оқыту арқылы барлық балалардың мұқтаждықтарын ескеріп, ерекше қажеттіліктері бар балалардың білім алуын қамтамасыз ететін жалпы білім үрдісін дамытуға болады. Бұл бағыт арқылы мүмкіндігі шектеулі балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру мүмкіншілігін қалыптастырады. Сонымен қоса, инклюзивті оқыту үрдісі оқушыларды шынайы қарым - қатынас шеңберінде тәрбиелеудің бастауы болмақ. Біз мүмкіндігі шектеулі оқушыларға білім бере отырып, оларды адамгершілікке, ізгілікке, қайырымдылыққа тәрбиелей аламыз.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет