ҚР Әділет министрлігінде 2000 жылы 22 тамызда №1231 тіркелді



Дата23.02.2016
өлшемі28.31 Kb.
#6848

ҚР Әділет министрлігінде

2000 жылы 22 тамызда № 1231 тіркелді




ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ БАНКІ

Б А С Қ А Р М А С Ы Н Ы Ң

Қ А У Л Ы С Ы

Алматы қаласы 2000 жылғы 20 шілде № 300


Қазақстан Республикасының ұлттық валютасының

айналыстағы ақша белгілерін ауыстыру туралы


(Өзгерістер мен толықтырулар:

ҚРҰБ БҚ № 378 2001ж.29.09. (Тіркеу. № 1262)
Тіркеу. № 978

Қазақстан Республикасы Презимдентінің “Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы” Заң күші бар жарлығының 40,43 және 45-баптарына сәйкес және ұлттық валютаның ақша белгілерін қолдан жасаудан қорғау жөніндегі қосымша шараларды жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:



  1. 2000 жылдың 01 қыркүйегінен бастап Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында 1999 шығарылсын.жылғы үлгідегі құны 200 және 500 теңгелік банкноттар айналысқа шығарылсын.

  2. 2000 жылдың 01 қыркүйегінен бастап 2001 жылдың 31 тамызына дейін 0993 және 1994 жылдардағы үлгідегі құны 200 және 500 теңгелік банкноттар мен 1999 жылғы үлгідегі 200 және 500 теңгелік банкноттар айналысының қатар жүру кезеңі енгізіледі деп белгіленсін.

  3. 1993 және 1994 жылдардағы үлгідегі құны 200 және 500 теңгелік банкноттар банкноттар айналытан алынсын және оларды 1999 жылғы .лгідегі 200 және 500 теңгелік банкноттарға айырбастьау 2001 жылдың 31 тамызында аяқталатын болсын.

  4. Қазақстан Республикасының бүкіл аумағындағы барлық жеке және заңды тұлғалар 2000 жылдың 01 қыркүйегінен бастап 2001 жылдың 31 тамызына дейінгі кезеңде 1993 және 1994 жылдардағы үлгідегі құны 200 және 500 теңгелік банкноттарды меншік құқығына қарамастан, барлық төлем түрлері бойынша, сондай-ақ ешбір шектеусіз банктік есепшоттарға есептеу үшін және аудару үшін қабылдауға міндетті.

  5. 2001 жылдың 01 қыркүйегінен бастап Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында 1993 және 1994 жылдардағы үлгідегі құны 200 және 500 теңгелік банкноттардың айналысына тыйым салынсын.

  6. Ұлттық Банк белгілеген жаңа және ескі үлгідегі ақша белгілерінің айналыста қатар жүру кезеңі аяқталған соң ескі үлгідегі ақша белгілері Қазақстан Республикасының аумағында барлық төлем түрлері бойынша заңды төлем құжаты болудан қалады.

Екінші деңгейдегі банктер жаңа және ескі үлгідегі ақша белгілерінің айналыста қатар жүру кезеңі аяқталған күннен бастап 12 (он екі) ай бойы заңды және жеке тұлғалардан ескі үлгідегі ақша белгілерін қабылдайды және айырбастайды. Осы мерзім өткеннен кейін екінші деңгейдегі банктердің заңды және жеке тұлғалардан ескі үлгідегі ақша белгілерін қабылдауға құқығы жоқ.

Ұлттық Банктің филиалдары осы тармақтың екінші азатжолында белгіленген мерзім өткеннен кейін заңды және жеке тұлғалардан ескі үлгідегі ақша белгілерін 10 (он) жыл бойы қабылдайтын болады және олардың түпнұсқалылығы сараптау арқылы анықталғаннан кейін жаңа ақша белгілеріне айырбастайды.

10 (он) жыл өткен соң Ұлттық Банктің Басқармасы заңды және жеке тұлғалардан ескі үлгідегі ақша белгілерін қабылдаудың және айырбастаудың белгіленген мерзімін ұзартуға құқылы.


  1. Қолма-қол ақшамен жұмыс жүргізу басқармасы (Мәжитов Д.М.):

  1. Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп қаулыны белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;

  2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс басқармасымен (Сембиев Н.Қ.) бірлесіп осы қаулыны және 1999 жылғы үлгідегі құны 200 және 500 теңгелік банкноттарды айналысқа шығару туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми хабарын республикалық газеттерге (мемлекеттік және орыс тілдерінде) жарияласын.

  3. Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерімен бірлесіп осы қаулының 3-6 тармақтарының орындалуын қамтамасыз ететін болсын.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары М.Т. Құдышевке жүктелсін.

ҰЛТТЫҚ БАНК



ТӨРАҒАСЫ Г.МАРЧЕНКО

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет