Моральдi құқықтың 3 ерекшелiгi бар. Олар: жауапкершiлiкпен, автономды және тең құқықты мүмкiндiктi қамтамасыз ететiн мақсатты
9
таңдауды, iс-әрекеттiң және қамқорлық жасаудың немесе басқа адамдарға көмектесумен байланысты.
Утилитарлық тұрғы және моральдық құқықтық позициялық тұрғының арасындағы басты екi айырмашылықты бөлiп қарауға болады. Моральдiк құқық моральдiк талаптардың бейнесi болып табылады, ал утилитарлық моральдiк нормалар мәнi бойынша ұжымдық болып табылады да, онда нормативтiк базалар қоғамдық пайдалы және сапалы факторлар ретiнде бейнеленедi.
Бизнес этикасы келесi категориялық императивтi құрастырады: «адамгершiлiк мақсат ретiнде өзiне немесе басқа адамдарға тек бiр құрал ретiнде қарастырылсын» Кант өз еңбектерiнде жауапкершiлiк заңдылықтарын этикалық шешiмдердi барлық адамдарға тән рационалистiк этиканы қалыптастыра отырып қарастырған. Iскерлiк өмiрдiң мәселелерiн 3 тұрғыдан қарастырғанда бизнес категориясына әдiлдiктi қолдануға талдау жасауымен байланысты. Утилитаризм этикасы және деонтикалық этиканың арасындағы айырмашылық «әдiлдiк этикасын» қолданумен айрықшаланады.
Соңғысы бизнеспен қоғамды тұтас қарым - қатынас негiзiнде қарастырады, мысалы корпорациялар арасындағы қарым-қатынас.соған қоса әдiлдiк стандарттары моральдiк құқықтан жоғары тұрмайды. Әдiлдiктiң өзi индивидтiң моральдiк құқығына негiзделедi.
Дж. Ролз әдiлдiк туралы өзiнiң түсiнiгiн келесi принцптер негiзiнде құрастырған:
1) әрбiр адам бостандыққа, басқа адамдармен бейбiт өмiр сүруге тең құқықты;
2) әлеуметтiк экономикалық теңсiздiк параметрлерi келесiдегiдей болуы қажет:
а) табысты артық мөлшерде қамтамасыз ету;
б) билiктi жүргiзушi мекемелер және лауазымды адамдар тең құқықты болуы керек.
10
Достарыңызбен бөлісу: |