Буддизм.
Үнді елінде пайда болып, Дүниежүзілік үшінші дінге айналған философия ілімі- ол буддизм. Буддизмнің негізін қалаған үнді елінің шакья тайпасынан шыққан Гаутама Сидхартқа (563-483 б.ғ.д.) Будда жөніндегі аңыздарға қарағанда, ол үлкен гүлдеген бақтың ішінде туып-өсіп тәрбиеленіпті. Үйленіп, балалы болыпты. Бірақ, күндердің бір күнінде қалаға келіп, халықтың шексіз зардабын көріп, 29 жасында тәтті өмірден бас тартып, ел аралап кетеді. 6 жыл ел кезіп өзінің тәнін қинап, ел кезген брахмандармен сұхбаттасып, Дүниенің терең мәнін іздейді. Бірақ, одан ешнәрсе шықпағаннан кейін, ол адамның зардап шегуінің себебі неде және одан қалай құтылу керектігі жөнінде ойланады. Күндердің бір күнінде ол алып ағаштың түбіне келіп отырып ақырында ақиқатқа жетеді ол Буддаға яғни ағарған, даналық деңгейге көтерілген әулиеге айналады. Сол күннен бастап ол өзінің ашқан ілімін кеңінен халыққа тарата бастайды.
Будданың ашқан “Төрт ақиқаты²:Бұл Дүниедегі өмір зардапқа толы. Оның көбін ешбір адам аттап өте алмайды, өйткені, адам бұл дүниеге жылап келеді, жылап кетеді; адам ауырып зардап шегеді; әке-шешесінен, ағайын туғанынан, сүйген жарынан, жолдас-жоралардан айырылып қайғырады. Мұның сыртында өмірден тілегеніне жете алмай қиналады. “Адам болу өте қиын. Өтпелі пәнденің өмірі қиын². Зардапты жеңу үшін оның шыққан қайнар көзін, себебін білу керек. Оның себептері өмірге деген құштарлық, өмірде болуға деген іңкәрлік, ләззатқа тоймаушылық. “Құмарлықтан күшті от жоқ; жеккөруден артық пәле жоқ; денеден артық бақытсыздық жоқ; тыныш өмірден артық бақыт жоқ². “Ол мені аяғына басты, ол мені ұрды, ол мені жеңді, ол мені жалаңаш қалдырды², - мұндай ойларды ішінде сақтаған адамның жеккөруі тоқталмайды. “Адамдар дамыл таппай, қорқып қашқан қояндай, жағалай жүгіріп жүр². Зардаптың себебі анықталғаннан кейін оны тоқтатуға болады, “өйткені, ешқашанда бұл дүниеде жеккөру жеккөрумен тоқтатылмайды, тек қана жеккөруді жоқ қылу арқылы оны тоқтатуға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |