Әлеуметтік желіде жүргізілген сауалнама нәтижелері:
Статистикалық мәліметтер:
Бүгінгі таңда Қазақстанда 45 конфессиялар,
4001 діни бірлестіктер,
3100 ғимарат ғибадатханалар қызмет жасауда.
Сонымен қатар елімізде 357 шетелдік миссионерлер жүр.
2007 жылы осындай ахуалдың салдарынан еліміздегі жастардың 15 пайызы осы ағымға ере бастаған.
2009-2010 жылдары бұл көрсеткіш 60 пайызға жеткен.
Вайшнавтар”, “Бахаи” сенімі, “Бірлестік шіркеуі”, “Иегова куәгерлері”, “Соңғы өсиет шіркеуі”, “Кришнаны тану қоғамы”, “Саентология” шіркеуі, “Мормондар”, “Сахаджа йога”, “Жаңа аспан”, “Жаңа өмір шіркеуі”…
Тізе берсек, тым көп-ақ. Және олар елімізде тіркеліп алып, тыныш жатқан жоқ.
Шартты түрде діни секталардың іс-әрекеттерін екі түрге бөлуге болады:
Санаға шабуыл жасауды мақсат ететін діни секталар;
Белгілі бір мүдде үшін әрекет ететін діни секталар.
Діни ұйымдардың үгіт насихаттар жасап, жастарды өз арбауына, шырмауына түсіріп, санасын улауы, отбасының бұзылуына әкеп соқтырады. Бұл халықты араздастыру мен арандату болмағанда не? Екіншіден, кейбір діни секталар мемлекеттің тұтастығы мен тұрақтылығына нұқсан келтіреді.
Шымкент, Петропавл, Қарағанды, Өскемен, Атырау, Астана, Алматы қалаларының жастары арасында жүргізілген әлеуметтік сауалнама бойынша:
“Аумағыңыздағы таныс жастардың қатарынан шетелдік діни мекемелерде оқу үшін жолданғандар туралы хабарыңыз бар ма?” деген сұраққа олардың
32,7%-ы “естігенім бар”,
11,7%-ы “таныстарым бар”,
55,6%-ы “бұл туралы ешнәрсе білмеймін”
деп жауап берген.
18,6%-ы “адамгершілік, мораль тұрғысынан”,
19,6%-ы “философиялық дүниетаным тұрғысынан”,
5,8%-ы “ерекше психологиялық құбылыс (феномен) тұрғысынан”,
56,1%-ы “жауап бере алмаймын”
деп жауап берген.
“Еліміздің оқу орындарының бағдарламасына міндетті сабақ ретінде “дінтану” пәнін енгізу қажет пе?” деген сауалға
57,6%-ы “қажет”,
0,5%-ы “қажет емес”,
31%-ы “факультатив ретінде қажет”,
11%-ы “жауап бере алмаймын”
деп жауап берген
“Оқу орындарында “дінтану” пәнін кім оқытуы тиіс?” деген сауалға
76,5%-ы “оқытушы”,
9,2%-ы “дін қызметкері”
14,3%-ы “жауап бере алмаймын”
деп жауап берген
“Дін туралы ақпаратты қандай ақпарат көздерінен аласыз?” деген сұраққа
7,7%-ы “теледидардан ғана”,
25,7%-ы “Интернеттен ғана”,
24,2%-ы “БАҚ-тардың барлық түрінен”,
17,8%-ы “басқа отбасыдан”,
24,7%-ы “жауап бере алмаймын”
деп жауап берген
Достарыңызбен бөлісу: |