Бөж тақырыбы: Діннің қоғамдағы рөлі Қабылдаған: Шауенов Д. Орындаған: Балтабай Ә. Тобы


Діннің интеграциялық — дезинтеграциялық функциясы



бет2/3
Дата20.10.2023
өлшемі78.12 Kb.
#481181
1   2   3
Алжан соц

Діннің интеграциялық — дезинтеграциялық функциясы. Дін арқылы бір жағдайда адамдар одақ құрады, екінші бір жағдайда адамдарды, топты, институтты ыдыратады. Интеграциялық фун­кциясы бір діни көзқарастық формадағы адамдардың бастарын қосады. Егер де діни көзқарас әр түрлі бола бастаса, онда діни қауымдар ыдырап, дезинтеграциялық функциясы орындалады.
Діннің мәдениет тарату функциясы — дінді мәдениеттің бөлігі ретінде қарастыру болып табылады. Бұл функция, әсіресе алғашқы қауымдық құрылыста және орта ғасыр заманында үлкен орын алды. Діни ілім — жазудың, кітап басудың, өнердің, қол өнерінің және тағы басқа да мәдениет түрлерінің дамуына үлкен әсер етті де, қазіргі кезде де ол функциясы жойылған жоқ.
Діннің осындай және басқа да функциялар жиынтығы өзінің маңызы мен рөлі жағынан әр түрлі нәтиже береді. Сол себептен, діннің тари­хи қоғам дамуында бір типті рөлі жоқ.Тіпті бір діннің өзі әр түрлі саяси бағыттарга қолдау бере алады, себебі діни ағым өзімен-өзі емес, керісінше, белгілі бір зайырлы идеология немесе ұстанымдармен қосылып, адамдардың саяси бағдарларының құндылықтар жүйесін құрастырады.

  1. Мәдениет (лат. Cultura — өсіру, өңдеу) — адамзаттың болмыс пен сананың салаларындағы әлеуметгік-прогрестік шығармашылығы, қызметі. Басқаша айтқанда, мәдениет дегеніміз адамның өзін, қоғамды, әлеуметтік қатынастарды жасау үрдісі десек, мәдениетті қызмет және үрдіс есебінде түсінеміз. Мәдениет — процесс есебінде, өмір шындығын өзгертуге, адамзат тарихының байлығын жеке адамның ішкі байлығына айналдыруға, адамның мәндік күшін барынша айқындап, дамытудың бағыты. Мәдениеттегі діннің рөлін әрбір мәдениеттің жүйе құрастырушы факторы деп анықтауга болады. Сол жүйе құрылымын ең үлкен екі топ­ка бөліп қарастырсақ, материалдық және рухани мәдениет болып бөлінеді. Алғашқы «мәдениет» деген түсінік материалдық өндіру, жасау, өсіру деген мағынада қолданылса, келе-келе мәдениет түсінігіне рухани өмір жақтары да келіп қосылады.

Алғашқы рухани өмірдің тарихы мифологиядан (аңыздан) басталады дейміз. Мифологиялық өмірге көзқарас синкретикалық (біртұтас) түрде болды. Қоғам тарихы дамуына байланысты рухани өмір де дамып күрделенд. Рухани мәдениеттен — өнер, мораль, философия, ғылым, дін және т.б. түрлері бөлініп шықты. Осылардың ішінде дін — қоғамдық, ру­хани құбылыстардың ішіндегі ең күрделілісі. Дін қаншалықты күрделі құбылыс (қоғам санасының бір бөлігі) болмасын, ол өмірдегі қорқыныш, үрей, сүйіспеншілік, ата-бабаларды қадірлеу және т.б. болып жататын нәрселерден оқшау емес. Сол себептен дін рухани мәдениеттің ең елеулі бөлігі болғандықтан, мәдениетпен біте қайнасып келе жатқан әлеуметтік құбылыс болып табылады.

  1. Адамзат тарихында мәдениеттің бір саласы бірінші орынға шығып, алдыңғы қатарлы мәдениет болып отырады. Мысалы, антика дәуірінде — философия мен өнер; Орта ғасырда — дін; ХҮШ-ХІХ ғг. -философия; ХХ-ғасырда — ғылым. Мәдениет пен діннің арақатынасы туралы осы кезге дейін бір ауыздық шешім жоқ. Мұндай арақатынастық туралы үш түрлі көзқарасқа тоқталсақ, оның екеуі «шектік» көзқарасқа жатады. Алғашқы богословияның көзқарасы бойынша, олардың барлық өкілдері дінді мәдениеттің негізі ретінде қарастырады. Англиялық этнограф Дж. Фрезер тікелей былай дейді: «Барлық мәдениет храмнан (үлкен шіркеуден) шықты». Католик шіркеулері өкілдерінің айтуы бойынша мәдениеттің түрлері: философия, мораль, өнер, техника — тарихи нәрсе, адамдар қызметтерінің шығарған нәрселері (фактілері). Олар дінге араласпай, нағыз мәдениеттің түрлері бола алмайды. Христиан діні мәдениет емес, ол діни сенім. Христосқа сену жай құлшылық нәрсе емес, ол ең жоғарғы Құдай ту­ралы пікір немесе пікірлерден де жоғарғы «пікірі». Дін мәдениеттен бой тартпайды, оны өзіне қосып дамиды, себебі «Евангелие» мәдениеттің ең көрнекті бөлігі деп қарастырылады. Қандай бір мәдениеттің түрі болма­сын «Еваигелиеге» араласқанда нағыз мәдениетке айналып, адамның ішкі дүниесін де өзгертеді. Абыройлықтың ең жоғарғы шыңы — рухани абырой, ондай абырой жоғарыдан келеді — ол сүюдің сыйлығы, жүректің мәдениеті. Оған жету үшін барлық шығармашылық қабілетті, күшті аямай, Құдай алдында жұмсау керек. Сонымен, ең жоғарғы мәдениетке адамдар дін арқылы жетеді. Православие богословтары да дінді мәдениеттің негізі ретінде қарастырады. П.А.Флоренский болса, дін рухани мәдениеттен биік тұрады дейді. Мәдениет діннен шығады: өнер — «культтен» (мәдениет деген түсініктің бастамасы) шығады, ғылым мен философия болса, ол діннің әлемдік тану формасынан шығады, ал мораль және құқық (заң) діннің өсиеттерінен шығады.

Екінші шектік көзқарас (атеистік деуге болады), дінді мәдениеттің жүйесіне ендірмейтін көзқарас. Бұл көзқарас бойынша, дін және мәдени­ет қарама-қарсы көзқарас болып табылады. Мұндай көзқарастың шығуы тікелей «Ағартушылық» заманынан басталады. Олардың өкілдері: Воль­тер (1694-1778), Жан-Жак Руссо (1712-1778), Дени Дидро (1713-1784), Шарль Монтескье (1689-1755), П.А.Гольбах (1723-1789), Л.Фейрбах (1804-1872) және т.б. Олардың айтуы бойынша, қандай да бір дін болма­сын, ол рухани прогреске қарсы. Мысалы, П.А.Гольбах «Здравый смысл», «Галлерея святых» т.б. шығармаларында қандай бір дін болмасын жалған көзқарас деп айтты.
Үшінші көзқарас, ғьлыми көзқарас деп атаймыз. Бұл көзқарас бойынша, дінді философияның бөлігі ретінде қарастыруға болатындығы. Дін және философия, әмбебаптық, дүниетанымдық мәселелермен айналысуында. Дінді мәдениеттің бөлігі ретінде қарастырамыз. Дін мәдени­етке ұқсап, адам мәселесін, адамда тәрбиелеу мәселесін өзінің негізгі мәселесі деп есептейді.
Діни мәдениетті екі топқа белуге болады. Біріншісіне тікелей діни компоненттер жатады — киелі текстер, теология, әр түрлі дінге табынушылықтың элементтері және т.б. Екінші жағы, философиядан, моральдан, өнерден алынған жақтары, оларға діни мағына беріп діннің рухани және мәдени жақтарына біріктіріп, шіркеудің өміріне қоғамдық маңыз береді.Сонымен қорыта айтқанда, адамзаттық қоғамда діни құндылық бағдарларының жарасымды жақтарын айта отырып, сонымен бірге діни қағидаларға күмәндану, секуляризм және тіпті атеистік көзқарастардың да өмір сүруіне еркін қоғамда құқықтары бар деп айта аламыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет