Бөж тақырыбы: Соғыстан кейінгі жылдары Бауыржан Момышұлының шығармашылығы

бет4/6
Дата21.05.2024
өлшемі1.49 Mb.
#501667
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6
бәм нурбакыт

Бауыржан Момышұлының «Москва үшiн шайқас» романы бірінші кітап, екінші кітап, үшінші кітап, төртінші кітап деген төрт бөлімнен құралған. Әр бөлім тарауларға жіктелген. Бірін-бірі қайталамайтын қысқа-қысқа жазылған әр тарау өз алдына бір оқиға болғандықтан, оқушысын жалықтырмай, өзіне қызықтырып, тартып отырады. Ықшам түйілген шығарманың композициялық құрылымы жүйелi, қиыннан қиыстырар суреткер шеберлігін танытады. Романдағы оқиға дамуының логикалық байланысы берік сақталған. Сол кездегi роман жайында Х. Бекхожин: «Міне, біз Бауыржанның «Москва үшін шайқас» деген көлемді хикаясын оқып отырмыз. Жауынгер оқушыны алапат соғыстың алғашқы ауыр шағына еріксіз тартады. Тұла бойың тітіркенерлік соғыс әлеметі көз алдына жанды қалпында елес қағады. Неміс фашистерінің қанды қалың табырлары астанамыз Москваға құтырған аңдай анталаған кездердегі біздің әскери күштеріміздің жауынгерлік әлпетін, майдан әрекетін, қатерлі қорғаныстағы ерлер айбатын сол сұрапылды өзі басынан кешкен батыл жазушы аса нанымды, әскерді суреттеген.». -деп келтiрген.

Бауыржан Момышұлының лейтенант Брудныйға жасаған “қатыгездігі” генарал Панфиловты қатты ойландырады. Ол Бауыржанды ақылға шақырып, әңгiмелеседi. Комбат ауыр шайқаста Брудныйдың шегінгені үшін, қару-жарағынан айырып, өзін қуып жіберетінi оқырман қауымға мәлiм. Генерал Панфилов өз қарамағындағы командир Бауыржан Момышұлының осы уақиғаға, орынсыз қаталдығына ренiш бiлдiргенде: “– Талап қою бар да, қаталдық бар. Талап қою – заңды нәрсе. Қаталдық заңнан тыс”,- дейді. Бұл құрғақ ақылгөйлiк емес, өмiр тәжiрибесiнен түйiндеген қорытынды. Халық даналығы қажет жерiнде осылай өз орнын таба қалады. Мұның мәнiн ә, дегенде, ұқпай қалғанын, Бауыржанда мойындайды. Жазушы өз кейiпкерiнiң тәлiмiне тәнтi екендiгiн осы бiр ауыз сөз арқылы бiлдiредi. Соғыс өнерiнiң шыңдалған бiлгiрi қатыгездiк пен қаталдықтың ара жiгiн жақсы бiлетiндiгiн осылай танытады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6

©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет