Кітап тарауларының аттары да қызғылықты. “Кеш болып, таң атқанда”, “Таң атып, кеш батқанда”, “Рекогносцировка”, “Алдағы сарын”, “Дабыл”, “Горюнада”, “Түнгі жорық” тәрізді детективтік мәндегі атауларға қоса, жазушы “Капитан Булатов”, “Старшина”, “Артиллерия лейтенанты”, “Комиссар Логвиненко ”, “Майор Елин” сияқты арнайы тақырыптар да қойған. Сюжет мезгіл тұрғысынан бір ретпен дамиды да, әрбір елеулі мезет көбінесе эпизодтық кейіпкерлердің қатысу сәті арқылы берiлiп, соғыс барысы не бас қаһарман тіршілігіндегі сәл өзгеріс нақты деректермен молығады. Кітап тарауларының аттары да қызғылықты. “Кеш болып, таң атқанда”, “Таң атып, кеш батқанда”, “Рекогносцировка”, “Алдағы сарын”, “Дабыл”, “Горюнада”, “Түнгі жорық” тәрізді детективтік мәндегі атауларға қоса, жазушы “Капитан Булатов”, “Старшина”, “Артиллерия лейтенанты”, “Комиссар Логвиненко ”, “Майор Елин” сияқты арнайы тақырыптар да қойған. Сюжет мезгіл тұрғысынан бір ретпен дамиды да, әрбір елеулі мезет көбінесе эпизодтық кейіпкерлердің қатысу сәті арқылы берiлiп, соғыс барысы не бас қаһарман тіршілігіндегі сәл өзгеріс нақты деректермен молығады. Бауыржан Момышұлы полкінің соғыстағы терең драматизмге толы арпалысты мезгіл суреті көркем де ұтқыр тілмен, романтикалық пафоспен бейнеленеді. Бауыржан Момышұлының: “Қорықпайтын пенде болмайды”, “Жандының бәрі сескенеді”, “Өлім кімнің денесін түршіктірмейді”, “Ажал мен азаптан қобалжи қорқу айып емес”, “Тірі жанға арын ардақтап ұстай білмегендік айып”, “Жаным арымның садағасы” деген сөз бұрынғыдан қалған, немесе: “Күресте күш шынығып, арпалыста-арбаудан өтіп барып, айла мен айбындылық пайда болады” деген танымдық-философиялық мәні мол нақыл іспетті өткір публицистикалық сөз орамдары баяндау мәнеріне терең реалистік бояулар қосып, шығармадағы қым-қуыт фабулалық деректердің нақтылығымен бірге эмоционалды толымдылыққа жетуіне бастайды. Жазушы адам бойындағы табиғи инстинктерді қызығушылықпен ғана игермейдi, ол сезім-түйсіктердің қоғамдық-әлеуметтік сапаларды иеленіп, дүниетаным мен характер тұтастығын түзу процесіндегі төте әрекет арқылы көріну құбылыстарына баса көңіл бөледі. Әдебиеттер Момышұлы Б. Ерлігіміз — ұрпаққа өнеге //Қазақстан коммунисі. – 1968. — №7 – 20 -21 бб. Қабдолов З. Сөз өнері. – Алматы: Мектеп, 1976. – 374 б. Қаратаев М. Шеберлік шынына. – Алматы: Қазақтың мемлекеттік көркем әдебиет баспасы, 1963. – 419 б. Әдібаев Х. Көкжиек. – Алматы: Жазушы, 1978. – 296 б. Мырзахметов М. Бауыржан батыр. – Алматы: Жалын, 1991. –350 б. Дадебаев Ж. Қазіргі қазақ әдебиеті. – Алматы: Қазақ университеті, – 311 б.
Достарыңызбен бөлісу: |