Бөж тақырыбы: Тыныс алу мүшелерінің қызметіне сыртқы ортаның әсері мен гигиеналық талаптар



бет1/3
Дата09.05.2024
өлшемі12.85 Kb.
#500769
  1   2   3
Жүктеу

бөж тақырыбы: Тыныс алу мүшелерінің қызметіне сыртқы ортаның әсері мен гигиеналық талаптар


Қожа Ахмет Ясауи атындағы қазақ-түрік университеті

жоспары

  • Тыныс алу жүйесінің құрылысы.
  • Сыртқы тыныс алу ерекшеліктері.
  • Ағзалардың құрылымдық ерекшеліктері.
  • Тыныс алу жүйесінің жасына сай ерекшеліктері.
  • Гигиенеалық талаптары

Тыныс алу жүйесі:
Ағза мен сыртқы ортаның газ алмасу процесін камтамасыз ететін тыныс алу жолдарының жиынтығы.Дем алғанда ағза мен сыртқы орта газдармен алмасады, ішке оттегі кіріп, сыртқа көмірқышқыл газы айдалып тұрады. Бұл процесс кеуде куысында орналаскан екпенің альвеоларында (лат. - ойма куыс, науа) жүреді. Дем алу және дем шығару қан айналым жүйесі аркылы ағзанын барлык мүшелеріне әсер етеді.

Тыныс алу кезеңдері тыныс алу 5 кезеңнен тұрады: 1. Сыртқы тыныс алу – өкпенің желденуі, атмосфералық ауа газдарының өкпе альвеолаларына және өкпеден сыртқы ортаға тасымалдануы. 2. Өкпедегі газдар алмасуы - альвеола ауасы мен қан арасындағы газдар алмасуы. 3. Газдардың қан арқылы тасымалдануы - оттегінің өкпеден ұлпаларға және көмір қышқыл газының ұлпалардан өкпеге тасылуы. 4. Ұлпалардағы газдар алмасуы -оттегінің капиллярлар қанынан ұлпаларға және көмір қышқыл газының ұлпалардан қанға диффузиясы. 5. Ұлпалык тыныс алу -жасушалардағы тотығу-тотықсыздану үрдістері.


Мұрынның ортаңғы пердесі мұрынды тең екі бөлікке бөледі. Оның артқы бөлігі сүйектен, алдыңғы бөлігі шеміршектен тұрады. Көз жасы арнайы түтік арқылы мұрын қуысына өтеді, оның кілегейлі қабатын ылғалданып тұрады. Мұрын қуысының бүйір қабырғасында жоғарғы, ортаңғы және төменгі кеңсірік қалқандары бар. Олардың аралығынан жоғарғы, ортаңғы және төменгі мұрын жолдары өтеді. Осының нәтижесінде ішке сорған ауа тыныстау мүшелеріне тікелей өтпей, ауа жолдары арқылы жылытылып, тазартылып өтеді. Мұрын қуысы тыныс алу және иіс сезу бөлімдеріне бөлінеді
Адамда Жұтқыншақ ас қорыту және тыныс алу процесіне қатысады. Жұту кезінде ас жентегі ауыз қуысынан аңқа арқылы Жұтқыншаққа, одан өңешке өтеді. Ал ауа мұрын немесе ауыз қуыстарынан Жұтқыншаққа, одан көмейге кетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет